Неміс тілі балабақшада – бастапқы баланс

„Неміс тілі балабақшада“ атты жоба Алматы қаласындағы балабақшада шет тіліне деген оның ішінде неміс тіліне деген қызығушылықты арттырып соған орай шет тілін ұсынуды жүйеге қоя алады. Осы жоба аясында балалар ойын арқылы алғаш рет шет тілі мен мәдениетімен таныса бастайды. Мұнда олардың шет тілге деген жалпы қызығушылықтары мен құмарлықтарын оятып, сонымен қатар басқа мәдениет ерекшеліктерін таныстыру керек. Ең маңыздысы олардың ата-аналары да балаларының шет тілін үйренгенін қалайтыны.

Қыркүйек айының аяғында Алматыда 24 қатысушы қатысқан шет тілін ерте жастан үйренуге арналған 4-күндік біліктілікті арттыру семинары болып өтті. Оған сонымен қатар Бішкектен бала-бақша тәрбиешілері, балаларға сабақ беретін неміс тілі мұғалімдері, мектепке қарайтын бала-бақшаларда неміс тілінен сабақ бергісі келетін мектеп мұғалімдері және Алматыдағы Абылай хан атындағы әлем тілдер университетінің филологиялық және педaгогикалық факультеттерінің тоғыз студенті қатысты. Семинарда шет тілін ерте оқытудың ең маңызды методикасы қарастырылды, сонымен бірге Гёте атындағы Институттың неміс тілін үйретуге арналған "Deutsch mit Hans Hase" атты тағы да басқа шет тілін ерте оқытуға арналған материалдар қолданылды.

Студенттер 2011 жылғы қазан айынан бастап Алматыдағы 6 бала-бақшада барлығы бірнеше топта бүлдіршіндермен неміс тілін (Deutsch mit Hans Hase ) үйренуде. Арасында өткізілген сауалнама қорытындысы бойынша барлық үйренушілер өз рольдерін жақсы орындауда, балалар бала-бақшаға қуанышпен келетінін және бүлдіршіндер кейбір сөздерді немісше айта алатынын және Hans Hase мен өз мұғалімдерін асыға күтетінін көрсетті.

Егер сіздерде осы жобаға деген қызығушылық болса, тіл бөлімінің бастығы
Сюзанне Беккер ханыммен хабарласыңыздар:
susanne.becker@almaty.goethe.org

Download SymbolDeutsch für Kinder (PDF, 39 KB)

    Recommendations for Early Foreign Language Learning

    Teaching methods for learning a foreign language at an early age

    vitamin de

    ist das Journal für junge Deutsch-lerner, Sprach- lehrer und alle Deutschland- fans weltweit.

    "Not so easy..."

    German courses at the Goethe-Institut

    Alumniportal Deutschland

    Registrieren Sie sich jetzt im Alumniportal Deutschland

    Förderung deutscher Minderheiten

    durch das Goethe-Institut