Қазақстан мен Қырғызстандағы неміс тілін үйрену орталықтары - Алматыдағы Гете атындағы институттың серіктестері Қазақстан мен Қырғызстанда барлығы алты неміс тілін үйрену орталығы бар. Қазақстанда неміс тілін үйрену орталықтары мына қалаларда орналасқан: Астана, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Өскемен. Қырғызстанда бір неміс тілін үйрену орталығы бар, ол Бішкекте орналасқан.
Неміс тілін үйрену орталықтары 2000 жылдан бері қызмет жасайды және олар Алматыдағы Гете атындағы институттың ресми серіктесі болып табылады. Гете атындағы институтпен бірлесе отырып олар неміс тілі мен мәдениетін қолдап, насихаттайды.
Олардың негізгі мақсаты неміс тілін шет тілі ретінде үйрету курстарын ұйымдастыру. Орталықтарда Гете атындағы институт жетілдірген коммуникативті және мәдениетаралық негізде құрылған тәсілдермен жұмыс жасайды.
Оның сыртында неміс тілін үйрену орталықтарында үнемі Гете атындағы институт емтихандары өткізіледі, бұл емтихандар неміс тілін шет тілі ретінде білетінін көрсететін дүние жүзінде танылатын сертификат алуға мүмкіндік береді. 2010 жылы Қазақстан мен Қырғызстандағы неміс тілін үйрену орталықтарында барлығы 1 000 жуық адам Гете атындағы институт емтихандарын ойдағыдай тапсырып шықты.
Қазақстан мен Қырғызстандағы неміс тілін үйрену орталықтары cонымен қатар «Ақпарат орталықтары» да болып табылады. Сан алуан ақпараттық құралдардың көмегімен қызығушылар Германия жайлы мағлұматтар ала алады. Сонымен бірге көптеген Германияға қатысты неміс тілін үйрену орталықтарының іс-шаралары арқылы неміс халқының мәдениеті және қоғамымен жақын танысуға мүмкіндік алады.
Неміс тілін үйрену орталықтары жайлы толығырақ ақпаратты мына жерден таба аласыз: http://www.deutsch-zentrum.com










