
Гёте-Институт дүние жүзінің барлық елдерінде орын тепкен Германия Федеративтік Республикасының Мәдениет Институты.
Біз шетелдегі неміс тілін оқыту ісіне және халықаралық мәдени ынтымақтастыққа қолдау көрсетеміз. Біз Германияның мәдени, қоғами және саяси өмірі жөнінде кең көлемде мағлұматтар береміз.
Біз Гёте-Институттар, Гёте-Орталықтар, Мәдениет қоғамдары, оқу залдары мен емтихан және тіл орталықтары сияқты желілерімізбен бірге мемлекеттік сыртқы мәдениет және білім/ғылым саясатының өзекті міндеттерін атқарамыз. Сонымен қатар мемлекеттік және жеке мәдениет ұйымдарының, федеративтік елдеріміздің, коммуналар мен экономикалық ұйымдардың әріптесі болып табыламыз.
Біз өзіміздің ашық қоғамымыз бен неміс мәдениетінің жан-жақты байлығымен таныстырамыз. Біз ел ішіндегі және шетелдегі әріптестеріміздің тәжірибелерін өзіміздің кәсіби біліктілігімізбен байланыстырып, әріптестік сұқбатта жұмыс істейміз. Бұл бағытта біз Германияға, немістің тілі мен мәдениетіне белсенді түрде қызығушылық танытушылардың және саяси тұрғыда тәуелсіз, өз бетінше жұмыс істейтіндердің барлығына ынтымақтастықта қызмет көрсетеміз.
Біз жаһандану/глобализация ісіне байланысты алуан түрлі шақыруларды қабыл алып, өзара түсіністікке негізделген, мәдени жан-жақтылықты байлық ретінде танитын адами әлем төңірегінде жаңашыл жоспарлар жасаймыз.
Алматы Гёте-Институты шетелде неміс мәдениетін насихаттау мен мәдениет аралық тәжірибе алмастыру мақсатымен алуан түрлі мәдени шаралар ұйымдастырып тұрады.
Біздің тіл бөліміндегі жұмыстарымызды неміс тілін шет тілі ретінде оқыту саласындағы мұғалімдер мен оқытушыларға арналған Workshop-тар мен семинарлар және емтихандар толықтыра түседі. Сонымен қатар біз түрлі деңгейдегі тіл курстарын ұсынамыз.
Алматы Гёте-Институтының информация орталығы Германиядағы мәдени, қоғамдық және саяси өмірдің өзекті жақтары туралы ақпараттар береді. Мұндағы кең қорда Германияны қызықтаушыларға, неміс тілін оқушылар мен оқытушыларға қажет материалдар бар.













