16. Емтиханнан кейінгі кезең виза алғанша қанша уақытқа созылады?
Біз бағалау мен сертификаттарды беру жұмыстарын мүмкіндігінше тезірек жүргіземіз. Сіз өзіңіздің Гёте-институттың А 1 сертификатын басқа да виза алу үшін қажетті құжаттармен бірге сол жердегі Германияның құзыретті өкілдіктеріне өткізуіңіз керек.
Сіз сертификаттан басқа тағы қандай құжаттарды өткізуіңіз керек және визаңыз шамамен қай уақытта дайын болатынын да сол жерден сұрап білесіз.