Жұбайлардың қосылу үшін көшуіне байланысты қойылатын сұрақтар

1. Неміс тілінен қарапайым деңгейдегі білімді қалай көрсетуге болады?

© Goethe-Institut
© Goethe-Institut
Германияның шет елдегі өкілдіктері мен құзыретті мекемелері қарапайым деңгейде білімі бар екендігін растайтын Гёте-институттың A1 сертификатын: Start Deutsch 1 қабылдайды. Бұл- Гёте -институт тарапынан ұсынылатын ең жеңіл емтихан. Бұдан басқа да жоғарырақ деңгейдегі емтихандардың сертификаты қабылданады.
    © Colourbox

    “Неміс тілінен қарапайым деңгейдегі білім” деген не? Менің не істей білуім керек?

    Мен қарапайым да қысқа сұрақтарды, тапсырма мен хабарларды түсіне аламын және егер сөйлесетін адамдар баяу әрі анық сөйлесе оларға жауап бере аламын.Ары қарай ...

    3. Менің тіл білімімді дәлелдеуді қажет етпейтін жағдайлар бола ма?

    © Colourbox
    © Colourbox
    Тіл біліміңізді дәлелдемеуге болатын жағдайлар жайлы немесе сіздің өзіңіздің жеке ісіңіздегі белгілі бір жайттар жайлы сіз өз еліңіздегі Германияның құзыретті өкілдіктерінен ақпарат ала аласыз.
    Шет елдегі Германияның өкілдіктері

      4. Мен емтиханды қайда тапсыра аламын?

      © Goethe-Institut Berlin
      © Goethe-Institut Berlin
      Сіз емтиханды Гёте -институтта немесе біздің Германиядағы емтихан қабылдайтын серіктестеріміздің бірінде немесе басқа бір елде тапсыра аласыз. Егер сіз Германияда тұрмасаңыз, бірақ емтиханды Германияда тапсырғыңыз келсе, онда сіз Германияға кіру үшін виза алуыңыз керек.
      Емтихан тапсыратын орындар

        Емтихандар мен тіл үйрену курстары үшін ақыны Германия шотына төлеуге бола ма?

        © Colourbox
        © Colourbox
        Кейбір Гёте-институттар банктерде Германия шотын ашқан, оларға емтихандар мен тіл үйрену курстары үшін төлемдерді аударуға болады. Сіздерден таңдаған Гёте-институтқа хабарласып, олардан төлем тәртібі туралы ақпарат алуыңыз сұралады.
        Емтихан тапсыратын орындар

          7. Емтиханға дайындық қанша уақытқа созылады?

          © Colourbox
          © Colourbox
          Гёте-институттың A1 сертификаты: Start Deutsch 1 алуға дайындық үшін 45 минуттан болатын орташа 160 сағат өту қажет. Сіздің өз біліміңіз бен оқу жағдайыңызға байланысты дайындық ұзағырақ не қысқарақ уақытқа созылуы мүмкін.
            © Goethe-Institut Zentrale

            8. Мен емтихан тапсыру үшін міндетті түрде Гёте-интитутта курстан өтуім керек пе?

            Жоқ. Неміс тілін қалай және қайда оқитыныңыз толығымен өзіңіздің еркіңізде.Ары қарай ...
            © Goethe-Institut

            9. Егер бізге жақын жерде ешқандай Гёте-институты жоқ болса мен неміс тілінен білімімді қалай көрсете аламын?

            Сіз Гёте-институттың A1 сертификаты: Start Deutsch 1 емтиханына басқа бір жердегі курсқа қатысып немесе жеке мұғаліммен немесе өздігіңізден жеке дайындала аласыз.Ары қарай ...
            © Goethe-Institut

            10. Емтихан қалай болады?

            Гёте-институттың A1 сертификатын алу үшін Start Deutsch 1 емтиханы екі бөлімнен тұрады: жазбаша, ұзақтығы 65 минут, және ауызша ұзақтығы 15 минут.Ары қарай ...
            © Goethe-Institut

            11. Емтиханға дайындалу үшін қандай материалдар бар?

            Біз сіздердің назарларыңызға желідегі ақысыз жаттығуларды ұсынамыз. Тыңдағанды түсінгенін тексеру үшін жаттығуларды сіз компьютерден тыңдап немесе көшіріп ала аласыз.Ары қарай ...

            12. Мен емтиханды тек ауызша ғана тапсыра аламын ба?

            © Colourbox
            © Colourbox
            Жоқ. Емтихан жазбаша және ауызша екі бөлімнен тұрады. Сізге екі бөлімінен де өту керек. Сондықтан сіз латын әріптерін танып білуіңіз керек. Егер сіз басқа мысалы, араб не кирилицаны ғана білсеңіз, ол да жеткіліксіз болады.

              13. Егер мен латын әріптерін білмесем емтиханды тапсыра аламын ба?

              © Colourbox
              © Colourbox
              Жоқ. Жазбаша емтиханнан өту үшін сіз латын әріптерін танып білуіңіз керек. Егер сіз басқа мысалы, араб не кирилицаны ғана білсеңіз ол да жеткіліксіз болады.

                14. Гёте-институттың сертификаты А 1 алу үшін тапсырылатын емтихан Start Deutsch 1 белгілі бір елде басқа бір елдерге қарағанда қиынырақ не жеңілірек бола ма?

                © Colourbox
                © Colourbox
                Жоқ. Емтихан тапсырмалары Гёте-институттың Мюнхендегі Орталығында дайындалып бүкіл әлемге жіберіледі, бұл дегеніміз, талап барлық жерлерде бірдей деген сөз. Емтихан материалдары қолданысқа енгізілмей тұрып сынақтан өткізіледі.
                  © Goethe-Institut Rabat

                  15. Мен емтиханнан кейін емтихан қағаздарын қарап шыға аламын ба?

                  Иә. Сіздің емтиханнан кейін емтихан қағаздарын қайта қарап шығуға құқыңыз бар. Ол үшін сіз емтихан тапсырған жерде өтініш жазуыңыз керек.Ары қарай ...
                  © Colourbox

                  16. Емтиханнан кейінгі кезең виза алғанша қанша уақытқа созылады?

                  Біз бағалау мен сертификаттарды беру жұмыстарын мүмкіндігінше тезірек жүргіземіз. Сіз өзіңіздің Гёте-институттың А 1 сертификатын басқа да виза алу үшін қажетті құжаттармен бірге сол жердегі Германияның құзыретті өкілдіктеріне өткізуіңіз керек.Ары қарай ...

                  Гёте-Институттың емтихандары

                  Емтихандар жайында толық мағлұмат

                  Сырттай үйрену сабағы

                  Білікті мамандармен сырттай үйрену курстары

                  Мәдениет қозғалысы

                  Көші-қон Германияның мәдени өмірін танымастай өзгертті