DaF-оқулықтары және консультация

DaF-оқулықтары мен консультация

Алматыдағы Гёте-Институт кітапханасы неміс тілін үйренуге арналған әртүрлі ақпарат құралдарының дәстүрлі және электронды форматта мол жинағын ұсынады: оқулықтар, жаттығулар дәптері, арнайы бейімделген оқу құралдары, барлық деңгейдегі емтиханға дайындалуға арналған құралдар.

Электронды кітапхана қорын оқырман билетінсіз де тегін пайдалана аласыз.

Дүйсенбі және бейсенбі күндері сағат 13:00-18:00 дейін неміс тілі оқытушысы кітапханада тегін кеңес береді.