Астанадағы „Digital INFOLAB“

Инфолаб баннер Гете Институт Алматы

Астанадағы „Digital INFOLAB“

Digital INFOLAB неміс тілінде білім алатын және қызықты кездесулер өтетін орын ретінде 2016 жылы мамыр айының соңында Астана қаласында ашылды. Германия мәдениеті  мен тіліне қызығушылық танытқан әрбір адам үшін эстетикалық талғамға сай жабдықталған digital INFOLAB@-тың есігі әрдайым ашық.
 

Икемді концепциямен жабдықталған digital INFOLAB@- тың бөлмелері ақпарат пен білім алатын орын ретінде, сондай-ақ түрлі кездесулер мен презентациялар өткізуге де өте ыңғайлы.
 
Мұнда Гете-Институтының жұмысы жайында, немесе кітапхана, мәдениет және тіл бөлімдерінің ұсыныстары мен Германияның қоғами және саяси өмірі жөнінде кең көлемде мағлұматтар ала аласыздар.
 
Digital INFOLAB@ -та ноутбуктардың, айпад және электронды кітап оқу құрылғыларының көмегімен, сандық кітапхана қорын пайдалануға, жеке немесе топтасып білім алуға, тіл үйренуге болады.
 
 Коммуникация орны ретінде мұнда әдебиет кештер, дискуссиялық клуб кездесулері мен пікір алысу кештері сияқты түрлі іс-шаралар өтіп отырады.
 
Сондай-ақ серіктестеріміздің де тіл үйрету сабақтары мен басқа да іс-шаралары жиі өтеді.
 
 Digital INFOLAB@-та мәдениет және тіл бөлімдерімен бірлесе отырып жинақталған сандық немесе баспа форматтарындағы мынадай ақпарат құралдарын таба аласыздар: энциклопедиялар, анықтамалар, Германия жайлы ел тану әдебиеті, жаңа кітаптар мен аудармалар, фильмдер жинағы.
 
 
Digital INFOLAB@ жайлы демалыс орны. Себебі айына екі рет тегін фильм көрсетілімдері  өткізіліп тұрады.  Немесе ыңғайланып отырып түрлі газеттер мен журналдарды парақтауға мүмкіндік бар.