медиа-өнер және жаһандану
Көшпенді өмір салты

Hartware MedienKunstVerein „World of Matter”, 2014, Woman electric engineer operator of big machines, at garage of iron mine of multinational company in Minas Gerais, Brasil,
Hartware MedienKunstVerein „World of Matter”, 2014, Woman electric engineer operator of big machines, at garage of iron mine of multinational company in Minas Gerais, Brasil, | © Mabe Bethonico

Медиа-өнерді көбінесе заманауи коммуникациялық технологиялармен сынап жатады. Өйткені коммуникациялық технологиялар тек экономиканы ғана емес, сонымен қатар неолибериализмнің салдары мен жаһандану құбылысымен сыни және шығармашылық тұрғыдан айналысатындарды да әлемдік деңгейде біріктіре біледі.

Қозғалыстағы сахна

Медиа-өнер өкілдері әдетте көшпенділер салтымен өмір сүреді – олардың мобильділігі виртуалды әлеммен шектелмейді. Олар медиа, өнер және технологияларды үйрететін жоғары оқу орындарына түсу үшін отандарынан кетеді. Мұндай оқу орындары негізінен Еуропа мен АҚШ-та. Мысалға Massachusetts Institute of Technology (MIT), California Institute of the Arts (CalArts), Англиядағы Goldsmith, Нидерландтағы Rijkskademie van beeldende kunsten, Кёльндегі Kunsthochschule für Medien (KHM), Веймардағы Bauhaus-Universität, Берлиндегі Universität der Künste (UDK), Карлсруэдегі Hochschule für Gestaltung немесе Майн жағасындағы  Оффенбах Hochschule für Gestaltung атауға болады.

„global aCtIVISm“ ZKM „global aCtIVISm“ ZKM | © Museum für Neue Kunst, „2.0/b.a.n.g. lab Transborder Immigrant Tool“, 2007 Әдетте алғашқы халықаралық байланыстар мен желілер оқу кезінде орнайды. Медиа-өнер өкілдерінің жолға шыққыш қасиеттерінің негізгі уәжі, әрине, – жұмыс пен түрлі жобалар. Германияда халықаралық стипендиялар (мысалы, Неміс академиялық алмастыру қызметі (DAAD)) уақытша мүмкіншіліктер ұсынады. Түрлі жүлделер де медиалық-мәдени миграцияға себепші болады, мысалы, Нам Джун Пэйк жүлдесі (Төменгі Рейн-Вестфалия өнер қорының халықаралық медиа жүлдесі), Edith-Russ-Haus медиаөнер жастар сыйлығы, Солитуде сарайы академиясының немесе EMARE-ның (European Media Artists in Residence Exchange) стипендиялары. „Trans Artists“ және „On The Move“ интернет-сайттарынан халықаралық стипендиялар мен жолсапарларды қаржыландыру мүмкіндіктері туралы толығырақ ақпараттар алуға болады.

Сонымен қатар ЕО-ның қолдау көрсету құрылымдары медиа-өнер өкілдерінің мобильділігін қолдайды. Олар түрлі елдердің мәдени ұйымдары арасындағы ынтымаққа мүмкіншілік жасап, кей жағдайларда өздері әрекеттестіктің бастамашысы болады. Creative Europe мәдени-медиа бағдарламасына қатысу үшін, әдетте, кем дегенде үш еуропалық мәдени ұйым өзара ынтымақтасуы қажет. Тіпті платформалар мен желілерді қолдайтын арнайы бөлімдер бар. Олар үшін мәдениетаралық диалог, сандық әлеуметтік желілерді тарту және жобаға қатысушылардың мобильділігі маңызды талаптар болып табылады.

Мәдени айырмашылықтар жоқтың қасы

„global aCtIVISm“ ZKM „global aCtIVISm“ ZKM | Museum für Neue Kunst, „Na Faixa“ Photo: Baixcentro, Courtesy: Baixcentro Шетелдік стипендиялар бір жағынан халықаралық мәдени алмасуларды жандандырып, өндірістің қымбат технологиялық құралдарына қол жеткізуді жеңілдетеді әрі жобалармен толық жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Екінші жағынан  олардың кемшіліктері де бар: бүгінгі таңда мобильділік өнер жолындағы карьера үшін негізгі шарт болып табылады. Сондықтан бұл саладағы көптеген адамдар отбасылары мен дос-жарандарын қалдырып, өздері ғана сапарға шығуға мәжбүр болады. Сонымен қатар, батыста алған білім мен бүкіл әлемде біркелкі технологияларды пайдалану эстетика мен стратегияның сіңісіп кетуіне әкеп соғады. Бейнелеу өнері мыңжылдық тарихы бар, өңірлік және ұлттық белгілер тән көне қолөнер дәстүрлерімен ерекшеленеді. Әдебиеттің, театрдың, киноның да өзіндік баяндау және мәдени  нақыштары болады. Ал өнердің ең жас формасы болып табылатын медиа-өнерге дәл осындай мәдени айырмашылықтар жетіспейді. Бұл ережені ауытқушылықтар  растай түседі.

Шекарадан тыс медиа-өнер

„Generation i.2 - Ästhetik des Digitalen im 21. Jahrhundert“ Gabriel Mascaro, My Free Time, 2013 „Generation i.2 - Ästhetik des Digitalen im 21. Jahrhundert“ Gabriel Mascaro, My Free Time, 2013 | © Gabriel Mascaro Оңтүстік және шығыс жарты шарлық өнер адамдары өңірлердегі өзекті тақырыптарға жиі назар аударады. Мысалы, Индонезиялық HONF (House of Natural Fiber Foundation) энергия мен тағамды баламалы өндірумен айналысатын Mikronation/Macronation жобасында энергия саласындағы субсидияларды қысқартуға қарсы ұлттық наразылықтарға көңіл бөледі. Шекара асып, ғылым, технология мен  өнердің өзара араласып кетуі өңірлік стратегия болып табылмайды, бұл жағдай бұрыннан медиа-өнердің белгісі болып саналады. Географиялық белгілер бірінші кезекте технология мен бюджет секілді өндіріс құралдарына қол жетімділікке негізделеді. Дамушы елдер дамыған мемлекеттерді қуып жетуде. Мұнда да ұлттық нақыштар мен ерекшеліктер жоқ. Дегенмен жекелеген медиа-өнер адамдарының және топтардың өзіндік ерекше стилі мен арнайы техникасын атап көрсетуге болады.

Көрмелер

Соңғы жылдарда Германиядағы көптеген мәдени ұйымдар жаһандық мәдениет пен өнер құбылысымен айналысты. Берлиндегі Transmediale және Оснабрюктегі European Media Ars Festival фестивальдарында жаһандану тақырыбы жан-жақты қамтылған. 2003 жылы куратор, өнер зерттеуші Сюзанне Яшко Transmediale кіріспесінде «Өнер адамдарының жаһандану құбылысы мен оның көптеген экономикалық, әлеуметтік және мәдени салдарын біліп, ол туралы өз пікірін өз туындыларымен білдіре ме» дегенді анықтау үшін «Медиа-өнер қаншалықты жаһанданған?» деген сыни сұрақ қояды.

Соған сай Ольденбургтегі Edith-Russ-Haus 2014 жылы өзінің i.2 буын – XXI ғасырдағы сандық  эстетика атты көрмесін мынадай тезиспен дайындады: әлемдік желі жаңа жаһандық эстетикалық үрдістерді тудырады. Ал Дортмундық Hartware MedienKunstVerein өзінің World of Matter 2014 атты көрмесінде бүкіл жаһандық ресурстармен айналысуды сыни тұрғыдан зерттеуге тырысады.
 
2009 жылы Вюртемберг Өнер Орталығының Үкіметке қарсы практика – саяси қуғын-сүргін жағдайындағы өнер атты көрмесі Еуропа мен Америкадағы наразылықтарды халықаралық деңгейге көтеруге бағытталды. Көрмеде бразилиялық видеоөнердің пионері Летиция Парентенің бір кезде билік құрған әскери хунтаға қарсы наразылық белгісі ретінде өзінің табанына „Brasil“ фирмалық белгісін тіккені көрсетілген Marca Rеgistrada видеосы да көрсетілді.

Жаһандық өнер наразылығын Карлсруэдегі ZKM (Zentrum für Kunst und Medientechnologie, Өнер және медиа-технологиялар орталығы) да қолдайды. Global aCtIVISm – өнердегі жаһандану практикасы туралы үш жүз күндік көрме- марафонының бірінші бөлігі. Әлемді шарлаған медиа-өнермен айналысушылардың өзара  байланыстары өсе түсуде. Сондықтан да олардың өнері жаһанданудың көрінісі ғана емес, сонымен қатар әрқашан оның бір бөлігі болып табылады.
 

Көрмелер

„Generation i.2 - Ästhetik des Digitalen im 21. Jahrhundert“ („i.2 буыны– 21-ші ғасырдағы сандық эстетика“), Edith-Russ-Haus Ольденбург, 15.11.2013 – 16.02.2014

„World of Matter“, Hartware Medienkunst-Verein Дортмунд, 01.03.2014 – 22.06.2014

„global aCtIVISm“, ZKM Карлсруэ, 14.12.2013 – 30.03.2014