БРУТАЛИСТІК СӘУЛЕТ ӨНЕРІ
БЕТОНҒА ҚАЙТА ОРАЛАЙЫҚ!

Сұр, кедір-бұдыр, мизантроптық: Бруталистік сәулеттің атағы жаман. Бірақ ол қазір өзгеру үстінде. Өйткені 1950 – 1970 жылдар арасындағы бетон құбыжықтарға басқаша қарап, сипаттауға да болады: қайталанбас монументалды мүсіндер – әсерлі, айтпағын тура жеткізетін және батыл. 
 

«Бұл ғимараттарда еш өтірік жоқ. Олар өз материалын, бетон ба, кірпіш пе әлде болат па, таза және ашық көрсетеді. Қазіргі жылу шығармайтын қабырғалар сияқты күңгірлеп тұрған жоқ. Ештеңе қапталмаған, тазартылмаған не тегістелмеген. Бұл сәулет өмірдің қайнаған ортасында тұр,» - дейді Оливер Ельзер, брутализмді қастерлеуші және Майндағы Франкфуртағы Германия сәулет өнері мұражайының жетекшісі.

Лейпцигтегі Әулие Тринитатис | Құрылыс академиясы |  Лейпцигтегі Әулие Тринитатис | Құрылыс академиясы | | Фото: Уве Пильц Түбі Британиядан шыққан бруталистік ғимараттар 1950 - жылдардан бастап соғыстан кейінгі бірыңғай ұқсас алдыңғы жағы шыны және тегіс, торкөз қасбетті сәулет өнеріне жауап ретінде пайда болды. Брутализмді стиль дегеннен гөрі көзқарас деген жөн болар, дейді Оливер Ельзер.Тұрпайы құрылыс материалын (béton brut) форма жасау элементіне айналдырған көзқарас. Ағаш қалыптардың түйісер шеті, бетіндегі өрнегі және бұта орнына бетон құйылған тесіктері тазаланбай қалған, сол күйінде көрініп тұрады.  

КӨЗ қызықтырАТЫН ҚҰДАЙ ҮЙЛЕРІ

Көзге түсетіндей көп шіркеу ғимараттары бруталистік үлгіде салынған. Солтүстік Рейн Вестфалия, Невигестегі Готфрид Бөөмнің Мария шіркеуі, мысалы, көз қызықтырар бетон-бүктеме-құрылғысы арқылы бір-біріне кіріктіріп қойған шатырларды елесететеді, ішіне 6.000 адам сияды. Немесе, қазір сурет көрмесі қызметін атқарып тұрған, блок-блокпен жабылып тұрғандай әсер беретін Вернер Дүтманның Берлиндегі Әулие Агнес шіркеуі. Кезіндегі ГДР Құрылыс Академиясы салған Лейпцигтегі Әулие Тринитатис пробст шіркеуі сияқты Аугсбургтегі Томас Векстің Дон Боско шіркеуінің бетон күмбезі де солардың қатарында.

Невигестегі Мария шіркеуі| Готфрид Бөөм| Невигестегі Мария шіркеуі| Готфрид Бөөм| | Фото: Зайер+Зайер Құдай үйлерінен басқа, бәрінен бұрын, ратуша, мәдениет орталықтары не мектеп сияқты қоғамдық ғимараттар үлкен форматта, салқынқанды бруталистік нышанмен салынған. Оның сыртында бір саяси көзқарас жатыр: Қарапайым азаматтар үшін салынатын ғимараттар, кем дегенде, кезіндегі билік иелерінің қамалындай монументалды болуы тиіс.

МОНУМЕНТАЛДЫ ОҚУ ФАБРИКАСЫ

1963 – 1970 жылдар аралығында салынған Бохумдағы Рур Университеті демократиялық білім беру кампаниясының маягы ретінде пайда болды. Сәулетші Һельмут Һентрих университетті «Білім теңізіндегі айлақ» ретінде жобалаған: Болат-бетоннан салынған 13 биік үй, әрқайсысының биіктігі тоғыз қабат және ұзындығы шамамен 100 метр, осы айлаққа келіп тоқтаған мұхит кемелері іспетті. Оның астында ұзындығы километрге жететін жерасты гаражы созылып жатыр. Баспалдақ алаңдары мен төбесі жабық өткелдер кең салаланған аралық қабаттарға жол ашады. Университетте оқитын шамамен 41.000 студенттің барлығы өзін мұнда жайлы сезінеді деуге болмас, және күнделікті шығатын  Die Welt газеті бұл кешенді тіпті «Асқақтаған ұсқынсыз кейіптегі оқу фабрикасы» деп атады.


 Бохумдағы Рур Университеті| Һелмут Һентрих| Бохумдағы Рур Университеті| Һелмут Һентрих| | Фото: © RUB, Marquard
Бруталистік тұрғын ғимараттарын жалдап тұрушылар да бетон сәулетіне, мысалы, 1969 - 1974 жылдар аралығында Готфрид Бөөмнің Көлн-Корвайлерде салғандарына, үнемі тәнті  деуге болмайды. Айтылған сынға қарағанда, тым қолапайсыз, тұрғындардың қалау-тілектері өте аз ескерілген.
 

ҚАЙТА ТАБУ ТОЛҚЫНДАРЫ

Сұр түсті зәулім ғимараттардың, фотоға түсіргенде, ұмытылмас әсер қалдыратыны сөзсіз. Бірақ сол бруталистік ғимараттарда тұру, оқу, жұмыс істеудің өзі қалай екен? «Өте жақсы», - дейді брутализм сарапшысы Оливер Ельсер және Лондондағы Барбикан орталығын немесе сол кезден бері атағы әлемге әйгілі Мюнхен Олимпиада ауылын мысалға келтіреді. «Бруталистік сәулеттің сапасы, қораш, тік, енді-енді ғана көрініп жатыр». Оның өзінде әлеуметтік бұқаралық ақпарат құралдарында, фото ленталарында не сәулет конгресстерінде  ғана емес, неғұрлым көбірек бруталистік ғимараттарды меншіктенушілер мен пайдаланушылар опырылғыш және зәулім ғимараттардың құнын бағалауды енді біліп келе жатқандай. Бұл қайта бағалау құрылыс және сәулет тарихына тән «Қайта табу толқынына» қосылады. Оливер Ельзер: «1920 – 1970 жылдар аралығында сөгіс алған грюндерлік дәуірінің үйлері қазіргі күні лайықты бағасын алып, сұранысқа ие болып отыр,» - дейді.

Корвайлердегі тұрғын үйлер |Готфрид Бөөм| Корвайлердегі тұрғын үйлер |Готфрид Бөөм| | Фото: Елке Ветциг Брутализмнің қайта оралуы оның ең басты құрылыс материалына деген жаңа көзқараспен тығыз байланысты. Өйткені 1960 жылдары бетон утопия мен жандануды білдірсе, енді серіктес қалалардағы әлеуметтік мәселелермен қатар қойылып отыр. «Бірақ бетонның түсіп кеткен беделі өзгеріп келеді,» - дейді сенімді түрде Оливер Ельсер. Түптеп келгенде, құрылыс материалының қала салуда кеткен олқылықтар мен саяси қателіктерге еш қатысы жоқ. Әйтсе де, брутализмнің көптеген ғимараттары үшін бұл көзқарас тым кеш пайда болды, өйткені оларды әлдеқашан күреп тастаған.

Мюнхендегі Олимпиада ауылы| Һайнле Вишер және серіктестері| Мюнхендегі Олимпиада ауылы| Һайнле Вишер және серіктестері| | Фото: Бернһард Бетанкурт Қауіп төніп тұрған ғимараттарды құтқару үшін және осы сәулет өнерінің қайтпас бірбеткейлігін құжаттандыру үшін, Германияның сәулет мұражайы, Вүстенрот қоры және  Uncube-журналы #SOSBrutalism атты бастама көтерді. Бастаманың мәйегі оның үздіксіз ұлғайып келе жатқан онлайн-мұрағаты. Қазір онда әлем бойынша 1.000 ғимарат тіркеліп қана қоймай, төніп тұрған қауіп деңгейіне қарай топтастырылған.


Уақыт бруталистік ғимараттарға да өз ізін салмай қоймайды. Оларға кәсіби жөндеу мен қалпына келтіру керек. Көне заманның ескерткіші ретінде қорғалған Невигестегі Мария шіркеуінде, мысалы, көпір салуда және су шаруашылығына қатысты құрылыста қолданылатын қаптау, сылақтау әдісі сынақтан өзкізіліп жатыр. Бохумдағы Рур Университетін біртіндеп қалпына келтіру де функционалды жетілдірумен қатар жүргізілуде. Куратор Оливер Ельсер мұнымен үнемі келісе қоймайды. Бірақ оның басты қағидасы: «Бруталистік сәулетті шыны қалпақтың астында сақтаудың қажеті жоқ. Ол әрі қарай салынуы тиіс.»