Кітап иллюстраторларына арналған воркшоп-семинар
Кітапты жаңаша көркемдейік

Buecher-Stapel
© Goethe-Institut Kasachstan

Сандық технология мен электронды гаджеттердің дамыған заманына қарамастан кітап оқырман үшін бастапқы маңыздылығын әлі жоғалтқан жоқ. Көздің жауын алатын суреттермен көркемделген, типографиялық бояудың исі аңқып тұратын кітапты, біз әлі күнге дейін аса ыждаһаттылықпен қолымызға аламыз. Айрықша суреттермен көркемделген кітап - оның негізгі жетістіктерінің бірі болып табылады. Сапалы сурет оның тез сатылуына ғана емес, авторды және сол баспаны оқырмандар ортасында  танымал етуге оңтайлы әсер етеді.

  • Buchgestalter1 © Goethe-Institut Kasachstan
  • Buchgestalter2 © Goethe-Institut Kasachstan
  • Buchgestalter3 © Goethe-Institut Kasachstan
  • Buchgestalter4 © Goethe-Institut Kasachstan
  • Buchgestalter5 © Goethe-Institut Kasachstan
  • Buchgestalter6 © Goethe-Institut Kasachstan
Егер сіз кітап иллюстраторы болсаңыз және сізге мынадай тапсырыс келсе: жобаны қолданыстағы эскиз арқылы емес, оны нөлден бастап дайын өнімге дейін жасап шығу қажет. Бұл жобаны бастау үшін неге сүйенер едіңіз? Оқырманды тарту үшін және сапалы өнім шығару үшін қандай әдісті қолданар едіңіз?
 
Осы және басқа да сұрақтарды Қазақстан мен Қырғызстан кітап нарығының мамандары, суретшілер мен иллюстраторлары, сонымен қатар Германиядан келген кітап дизайнері Том Вибберенцпен болған воркшоп-семинарында қызу талқыланды. Воркшоп 2018 ж. маусым айының 11 нен 15 дейін Гёте-Институт Қазақстан конференц залында өтті.
 
Германиялық әріптестен біздің үйренеріміз өте көп. Неміс кітап нарығы әлемдегі ең ауқымды болып табылады, оның жылдық айналымы 9 миллион евродан асып жығылады және АҚШ пен Қытайдан кейін Германия көшбастап келе жатқан алдыңғы үштікке кіреді . Баспагерлер оқырманды тарту мақсатында кітап мұқабасын жақсарту үшін көп күш салады, соның ішінде вокзалдар мен аялдалмаларға жарнама ілуден бастап, әдеби байқаулар мен телевизиялық ойындарды өткізуге дейін айналысады. Басты мақсат – кітапты оқырманға жеткізу. Біздің елімізде жағдай басқаша, дегенмен Ортаазиялық мамандардың Виберенц мырзаға да ауыз толтыра айтары бар екен. Бір сөзбен айтсақ, бұл семинарда ұзақ, әрі толыққанды конструктивті диалог болғаны анық.