„Күл-қоқыс“ кереметтері

Қарауылдардың Модульды Ағашын дайындау
Фотосурет: © Сергей Астрелин

INFOLAB@ - Гёте-Институттың Астанадағы  дигитальды ақпараттық зертханасы – ол бір -екі күн бойы күл-қоқыс жинайтын орынға айналды. Бос пластик бөтелкелер, жұмыртқалардың картон ұяшықтары, қолданылған тетрапакеттер, ескі түймелер мен моншақтар  - осылардың барлығын таудай болған "күл-қоқыстан" табуға болар еді. Бір қарағанда керексіз болатын осындай "өндіріс қалдықтарын" Сиқырлы Өзен Қарауылдары әсем бұйымдарға айналдыруда, сол арқылы шығармашылық ойды дамытады, қарапайым заттар мен қоршаған ортаға  ерекше қарауды үйрете отырып, экологиялық сана-сезімді қалыптастырады.
 

 Татьяна Ильченко, шеберлік сабақ жетекшісі Фотосурет: © Сергей Астрелин Татьяна Ильченко, «Күл-қоқыстан пайдалы зат жасау» шеберлік сабақтарының жетекшісі, Алматыдан Астанаға «Қала бұрыштары» ойынына қатысушыларға жоғарыда аталған материалдарды пайдаланып  жаңа заттар жасаудың тәсілі мен техникасын үйрету үшін  арнайы келді. Бұл жерде полиэтилен пакеттер,  жібек ленталар, тіс шұқығыштар, күл-қоқыстың ыдыстары да пайдаға асты. Суретте бейнеленген Қарауылдардың Сиқырлы гүл шоғын дайындау мүлде қиын болмай шықты: бір-екі креативті идеялар, қосымша заттар, сәл-сәл сабыр мен  бір-екі сағат уақыт қана қажет екен, сонда үйдің ішінде есікке не қабырғаға не төбеге  іліп қоятын  әшекей зат пайда болады.
  Қызу жұмыс кезеңі Фотосурет: © Сергей Астрелин Ал Қарауылдардың Модульды Ағашы  үлкен картоннан жасалған, газет, ашықхат не фантиктен жасалған гүлдер, көбелектер, жапырақтармен безендірілген. Оған әдетте фотосуреттер немесе жақын адамдарыңа  шағын хаттарды ілуге болады. Ерекше емес пе? Иә, бұл деген керемет қой! Татьяна ханымда мұндай идеялар сан-алуан және ол барлық адамдармен осы ойларымен бөліскісі келеді. Қазақстандағы  Гёте-Институтпен ынтымақтастық арқасында ол екінші жыл қатарынан осындай мүмкіндікке ие болуда.   Алматылық  Шебер-декоратор балалардың жас кезінен бастап экологияға қызығушылық танытқанына, көптеген семинарлар мен воркшоптарға, эко-акцияларға қатысып, қоршаған ортаны жақсарту үшін өз ойларын енгізіп жүргеніне және табиғатты қорғауды үйренгендеріне  шынымен қуануда.
  Ақмұрзина Амина, Ғали Орманова атындағы №7 мектеп оқушысы Фотосурет: © Сергей Астрелин Ақмұрзина Амина, Ғали Орманова атындағы №7 мектеп оқушысы, «Қала бұрыштары» ойынын жарты жылдан бері ойнаудамын дейді,  ойын экологиялық тақырыпты тереңірек  тануды ғана емес, сонымен қатар  қаланың көркем орындарымен жақынырақ танысуға, бұрын қызықты болмайтын орындарда болуыма көмектесті дейді ол тағы.   Енді ол Астанаға мүлдем басқаша көзбен, таңданыспен қарайтын болды, сонымен бірге ерекше мақтаныш сезімі де жоқ емес. Көптеген бекеттердегі тапсырмаларды орындай отырып ол  Астананың   инновацияларға дайын,  ашық та   жарқын қала екенін көрді, ал  көптеген шеберлік сабақтарына қатыса отырып, оның ішінде Татьяна Ильченко ханымның да сабақтары бар, ол мынаны түсінді: көптеген экологиялық қиындықтарға  адамдардың өздері кінәлі, ал оларды жеңуге болады және жеңу керек, ол үшін тек сәл ғана қиял-ойды іске қосу қажет.  
Шеберлік сабағының ең кішкентай қатысушысы Ғамзат Нургалеев, № 27 мектеп-лицей оқушысы Фотосурет: © Сергей Астрелин «Күл-қоқыстан пайдалы зат жасау» шеберлік сабағының ең кішкентай қатысушысы Ғамзат Нургалеев, ол 8 жаста, астаналық № 27 мектеп-лицейде оқиды.  Алғашқыда ол INFOLAB@-та не болып жатқанын түсіне қоймады, оның білуінше онда әдетте Германиядан келген көркемсуретті және деректі фильмдер көрсететін немесе кітаптар, газет-журналдар оқуға болатын.  Ал бүгін ше, ол да енді қолына қайшы мен картонды алды, сөйтіп іске кірісіп кетті.  Шеберлік сабақтың төрт сағаты ол үшін көзді ашып-жұмғанша өте шықты.  Басқа қатысушыларға да тура солай болды.  Нәтижесінде – әдемі сэлфи шықты, ол бірден әлеуметтік желіге тарап кетті.
«Қала бұрыштары» жобасы -Қазақстандағы  Гёте-Институт пен Орталық Азия Аймақтық экологиялық орталығының  бастамасы, ол биылғы жылы 30 тамызға дейін созылатын  төртінші мәрелік  кезеңде. Ойынның қорытындысы  2018 жылғы қыркүйек айында жарияланатын болады.