Жастықтың жалпы күші туралы

Жас болудың қызығы жайлы: «Баяғыда бір үндістер елі болыпты» жастықтың бейнесін көрсетеді, бірақ ол бейненің  Z ұрпағына тән болуы міндетті емес.
Жас болудың қызығы жайлы: «Баяғыда бір үндістер елі болыпты» жастықтың бейнесін көрсетеді, бірақ ол бейненің Z ұрпағына тән болуы міндетті емес. | Фото (Кесінді): © picture alliance/Camino-film/dpa

Олар кімдер, қалай өмір сүреді? Жарнама және бұқаралық ақпарат әлемінде жаңа бір мақсаттық топ пайда болды: Бала кезден тұла бойы толық цифрландырылған Z ұрпағы ересектер жасына да жетіп қалды. Әйтсе де, олар фильмде миллениалдардың өмірін көрсетеді.
 

Әр ұрпақты олардың ортақ құндылықтары мен мақсаттары арқылы бейнелеп көрсету тек журналист, әлеуметтанушы не маркетинг сарапшыларына ғана қойылатын талап-тілек емес.

Кино да үнемі жастардың өмір шындығын көрсететін жаңа көріністер мен оқиғаларды іздеу үстінде. Соңғы уақытқа дейін көбіне миллениалдар, яғни, 1980 - 1995 жылдар аралығында туғандар туралы айтылатын еді. Бірақ, енді олардың сығылыса алға ұмтылған ізбасарлары, тырмысып, еңбек нарығына шығып, сол арқылы қоғамдық санадан өз орындарын алып жатыр: Соңғы жылдардағы неміс тілді кино бар күшін салып «Z ұрпағымен» айналысуда. Ол ұрпақ мектеп есігін енді ашқан балалар мен 20-дан жаңа асқан ересектердің арасын қамтиды. Ал, кино олар туралы не айтады екен?
 

Смартфонсыз экран

Әрине, Z ұрпағы өз арасынан көп кинематографистерді шығарып үлгерген жоқ. Ондай ерте жастан үлкен бір дүниеге режиссерлық ету мүмкіндігі аз ғана адамға беріледі. Сол себепті қазіргі таңда олар түсірген фильмдер жоқтың қасы, есесіне олар туралы көп. Z ұрпағының актерлары камера алдында, бірақ олар X және Y ұрпақтарының фильдерінде ойнап жүр.

Маркетинг зерттеулері  Z ұрпағының бойында жалпы қоғамдық трендтердің күшейіп келе жатқанын көрсетеді: Оларға бір ерекше салмақтылық тән, өйткені олар қаржы дағдарысы не табиғи апаттар сияқты үлкен өзгерістерді көріп өсті. Ұдайы өзгерістер олар үшін қалыпты жай болуы керек, сол сияқты, әсіресе, заманауи ақпарат құралдарымен қарым-қатыраста да. Миллениалдардың өздері технологиямен бір туған «сандық аборигендер» болып саналған, ал  Z ұрпағы Интернетпен бірге өсіп қана қойған жоқ, олар виртуалды және физикалық кеңістіктерді бір-бірінен ажырату миға сыйғысыз болып көрінетін әлеуметтік желілер шырмауындағы әлемде ержетті.

Әйтсе де, Z ұрпағы туралы фильмдерде бұл жай сирек көрініс табады. Қарсы соққан қума жел (Rückenwind von vorn) сияқты миллениал-драмада смартфондар, әлемді шарлап, саяхаттап жүрген достармен байланысу үшін видеотелефония қолданылады. Бұл ғаламдық болашаққа сілтеме. Дегенмен, үнемі наразылық тудыратын кішкене қалта компьютерінің барлық жерден табылуы Анатоль Шустердің поэтикалық  Ауа (Luft) драмасында немесе Илкер Жатактың Баяғыда бір үндістер елі болыпты (Es war einmal Indianerland) фильмі сияқты Coming-of-Age1-хикаяларда аз көрсетілген. Сол сияқты Лиза Брүлманның  су перілері туралы Есімді алған теңіз (Blue My Mind) фантазиясында не Еркем Ергүннің аттар туралы шытырман оқиғалы Һөрдур – Әлемдер арасында (Hördur – Zwischen Welten) фильмінде ол мүлдем көрсетілмейді. Мәселе ерекше бір заманнан гөрі жалпы жастарға тән ортақ бір күй, жайды суреттеуге  байланысты. Технология жастардың фильмдегі таңғажайып өміріне бөгет болатындай. Интернет тақырыбы қозғалатын болса, онда ол оқиғаның негізгі элементі болуы керек. Оған кибермоббинг туралы Үйдегі видео (Homevideo) телефильмін мысал етуге болар еді. Фильмде сандық әлеммен күнделікті қарым-қатынасты көрсетуге әзір болмайды.

Бұл орынның бос қалуы қызық нәрсе. Бұл киноның, бұдан былай «ескі» ақпарат құралы ретінде, жаңа ұрпақтың өмір тәжірибесінен бір үзінді көрсетуге шамасы жоқ деген шындықтан шығып тұрған жоқ па? Ол екіталай, өйткені бүкіл әлемде мұны теріске шығаратын мысалдар баршылық. Әңгіме саналы эстетикалық шешім қабылдауда – кинематографистер экранда өздерінің жастық шағынан алынған тәжірибесін (смартфонсыз) көрсетеді. Мүмкін олар сонысымен жүйкеге әсет ететін болар: Жастарға қатысты зерттеулер олардың «сандық тояттауы» туралы жиі айтатын болды. Сандық әлемде өскен адам, оның баламасын соғұрлым көбірек іздейтін болса керек.

 
Жол кинолары және ішкі саяхат

Дәл поп-музыкадағыдай кинода да жастардың өмірі сапарға аттану, өзінің үйреншікті ортасын жарып шығумен байланысты. Жастар жаңа жерлерді көріп, жаңа менталитет, жаңа бір өмір салтын көру үшін, жандарына жақын Отанын тастап шығады. Кино ішкі үдерістерді беру үшін, сыртқы бейнелерді іздейді, сөйтіп ішкі дүниеге саяхат пен шынайы саяхат тоғысып жатады – ең бастысы, ата-анадан алыс, шалғайда болу керек. Һанс Вайнгартнердің  303 атты махаббат хикаясында студенттер тұрғын үй ретінде қолданылатын вагонға мініп алып, Португалияға сапар шегеді. Қарсы соққан қума жел (Rückenwind von vorn) фильмінде аяқ астынан Чехияға жол ашылады. Баяғыда бір үндістер елі болыпты (Es war einmal Indianerland) Германияның шекарасына жақын бір жерде болып жатқан фестивальмен аяқталады. Ауа (Luft) және Есімді алған теңіз (Blue My Mind) фильмдерінде оқушы қыздарды теңіз қызықтырып, өзіне шақырады. Соңғы екі фильмге ортақ бір нәрсе – олардың ЛГБТ3 туралы да әңгімелейтіні. Мұнда ұзақ сапарлар адамды гетеронормативті қоғамның шегінен шығуға итермелейді. Z ұрпағы көп қоғамдық өзгерістердің адымдап, ілгері дамып кеткен шағында өсіп келеді. Сондықтан оларға ерекше ашық және төзімді деген сипаттама жиі беріледі.

Кинода Z ұрпағының ерекше бір көріністері және жалпы бағыттары осы күнге дейін ашық дегеннен гөрі жартылай көлегейленіп беріледі. Олар, мүмкін, сол ұрпақ өзі өзінің жастық шағы туралы өздерінен кейінгі ұрпақтың актерлерін пайдаланып сөйлеген кезде ғана, көзге көрінетін болар. Бұл проблема емес, өйткені фильмдер одан нашарлап бара жатқан жоқ. Және жастардың сезімдерін кино қазірдің өзінде анық және әсерлі етіп көрсетіп отыр. Жаңа сезім, оқиғаларды және ерекше бір сәйкестікті  іздеу, соған ұмтылу жалпыға тән нәрсе. Басқа, мүмкін, тіпті жақсырақ әлемді аңсау да. Жастар туралы фильмдер ұрпақтарды байланыстырады, өйткені әр адам осы дауыл мен тегеуірін кезеңін басынан кешуі мүмкін. 
  •   Жас болудың қызығы жайлы: «Баяғыда бір үндістер елі болыпты» жастықтың Z ұрпағына тән болмауы да мүмкін бейнесін көрсетеді. Фото (Кесінді): © picture alliance/Camino-film/dpa
    Жас болудың қызығы жайлы: «Баяғыда бір үндістер елі болыпты» жастықтың Z ұрпағына тән болмауы да мүмкін бейнесін көрсетеді.
  •  "303"-фильмінде Португалияға жасалған сапар кейіпкерлердің ішкі дүниесіне саяхатқа айналады: Тұрғын вагонмен саяхатқа шыққан екі студенттің арасында махаббат оты тұтанады. Фото (Кесінді): © Alamode Film
    "303"-фильмінде Португалияға жасалған сапар кейіпкерлердің ішкі дүниесіне саяхатқа айналады: Тұрғын вагонмен саяхатқа шыққан екі студенттің арасында махаббат оты тұтанады.
  •  Оқушы қыздар арасындағы махаббат: „Blue my Mind“ фильміндегі жасөспірімдер саяхат жасау арқылы гетеросексуалды кейіптегі қоғамнан қашып шығады. Фото (Кесінді): © tellfilm
    Оқушы қыздар арасындағы махаббат: „Blue my Mind“ фильміндегі жасөспірімдер саяхат жасау арқылы гетеросексуалды кейіптегі қоғамнан қашып шығады.
  •  Ересек болу Чарли үшін мүлдем жай нәрсе емес - бірақ кейін "Қарсы соққан қума желде" ойламаған жерден Чехияға сапар шегеді. Фото (Кесінді): © UCM.ONE GmbH / DARLING BERLIN
    Ересек болу Чарли үшін мүлдем жай нәрсе емес - бірақ кейін "Қарсы соққан қума желде" ойламаған жерден Чехияға сапар шегеді.
  • "Ауа" - теңіз бен жаңа бір махаббатқа саяхат. Фото (Кесінді): © wirFILM/JulianKrubasik
    "Ауа" - теңіз бен жаңа бір махаббатқа саяхат.