Катарина Риттер Қазақстанға келеді

Баннерфото: К.Риттер

Катарина Риттер ағайынды Гриммдердің жинағынан алынған тосын әрі қорқынышты, кейде жағымды да көңілді ертегілерін шебер әңгімелейді. 

Риттер ханымның айтуынша ол әлемдегі ең тамаша кәсіп иесі екен, ол - ертегіші кәсібі.

Гёте-Институтының шақыруымен Катарина Риттер әлемнің түпкір-түпкірін,  Ванкуверден  Борнеоға дейін аралап, неміс ертегілері мен әңгімелерін айтып келеді.

Әр халыққа тән, ежелден келе жатқан осындай ауыз әдебиеті жанрын шебер меңгерген Риттер ханым Алматы Гёте-Институтына да ат басын тіремек.

Тіпті неміс тілін жаңадан үйреніп жүрсеңіз де, ертегілерді тыңдай отырып, оны еш қиындықсыз түсіне аласыз.

Ендеше, әңгіме тыңдауға келіңіз, ертегі әлеміне еніңіз!

Катарина Риттердің парақшасына сілтеме: www.geschichtenerzaehlerin.de

27 қазан 2018/сенбі
сағат 10:30 бастап
Гёте-Институт Алматы
Наурызбай батыр көшесі 31
"Premium" бизнес орталығы, 5. қабат
bibliothek-almaty@goethe.de

29 қазан 2018/дүйсенбі
сағат 18:00 бастап
Павлодар тіл үйрету орталығы 
Инновациялық Еуразия университеті
Горький көш., 102/4 (203 бөлме)

Teл.: +7 7182 624578
pawlodar@deutsch-zentrum.com


31  қазан 2018/сәрсенбі
сағат 15:30 бастап
Digital INFOLAB Астана
Бейбітшілік көшесі 8/Отырар көшесінің қиылысы

Телефон: +7 7172 571240
infolab-astana@goethe.de