"Шығыс салты ізімен" романы Илья Троянов Қазақстанға келеді!

Бұл кеште автор өзінің «Шығыс салты ізімен» атты романынан үзінді оқиды.

XIX ғасыр оғаш мінезді тұлғалармен ерекшеленді. Сондай бірегей тұлғалардың бірі - британдық офицер сэр Ричард Бёртон. Ол бөтен елде ағылшынға тән байсалды өмір салтын ұстанудың орнына, сол елдің тілін жан-тәнімен беріле оқып, салт-дәстүр мен дініне ене бастайды. Лақап атпен бүкіл елдің түкпір-түкпіріне дейін аралап, жергілікті биліктің зәре-құтын қашырады. Ақырында, офицер Бёртон Үндістанға жылжып, ислам дінін қабылдайды. Осылайша Ричард Бёртон Мекке мен Мәдинаға өтіп, ешкімге танылмаған ең алғашқы еуропалық болып табылады.
Толығырақ: http://trojanow.de/der-weltensammler/

Илья Троянов 1965 жылы Болгарияда туылған. 1971 жылы оның ата-анасы Германияға бас сауғалап, Мюнхеннен саяси баспана табады. 1985-1989 жылдары Мюнхен университетінде этнология мен құқық мамандығын тәмамдайды. 1989 жылы африкалық әдебиетке бағытталған „Марино“ баспасының негізін қалайды.
 
1998 жылы Илья Троянов Бомбейге қоныс тебеді, жыл өткен соң оның Болгарияға қайтқан кезі туралы «Өлара кезең. Бөтен елге оралу» (Hundezeiten. Heimkehr in ein fremdes Land) атты очеркі жарыққа шығады.
2001 жылы Троянов алғашқы британдық тыңшы, шығыстанушы Ричард Фреэнсис Бёртонның (1821-1890) ізімен жүру үшін, үш ай бойы Танзания арқылы жаяу жүреді.
2006 жылы оның «Шығыс салты ізімен» (Der Weltensammler) атты көпке танымал романы жарық көреді. Аталмыш роман Лейпциг кітап жәрмеңкесінде марапатқа ие болып, Германия, Швейцария, Австрия елдерінде бірнеше ай бойы бестселлер қатарында болды.

Автормен Алматыда кездесу:
Илия Троянов, «Шығыс салты ізімен»
 
26 қазан 2018, 18:30 сағ.
Гете-Институт Қазақстан

Автормен Бішкекте кездесу:

Илия Троянов: "Шығыс салты ізімен" романымен
29 қазан 2018, 15:00 сағ.
Неміс оқу залы
ҚР ұлттық кітапханасы