КАРРИВУРСТ МЕРЕЙТОЙЫ
КАРРИВУРСТ, НЕМІС АСПАЗДЫҒЫНЫҢ ИКОНЫ

 Неміс тіскебасар шұжық-деликатесінің туған жері Берлиндегі карривурст дүкені.
Неміс тіскебасар шұжық-деликатесінің туған жері Берлиндегі карривурст дүкені. | Фото (Кесінді): © picture-alliance / imageBroker / Карл Ф.Шөфман

Үзбе кеспе қосылған қуырылған шошқа еті, ашыған қырыққабат пен сирақ, картоп салатынан басқа немістің бір ұлттық тағамын атаңыз: Не жетіспейді? Әрине, карривурст. Хош иісі бұрқыраған тіскебасар шұжық  70 жыл бұрын пайда болды.
 

Әрине, Германияның ұлттық аспаздық әнұранында шұжық туралы айтылуы тиіс: «Қалаға барсаң / сені тойдыратын не – каррривурст.
Жұмыстан келсең / одан артық ештеңе жоқ – карривурст». Музыкант Һерберт Грөнемайер 1982 жылы көңіл жұбатар және сырамен жейтін тіскебасар ретінде карривурстқа музыкалық ескерткіш қойды – бірақ музыкасы да, сөзі де оныкі емес. Хаттама бойынша, ол тіпті өзінің карривурстты сонша жақсы көрмейтінін де айтқан. Сөйтіп ол Германияда жалғыз. Жылына 800 миллион карривурст желінеді екен, адам басына орта есеппен оннан келеді. Кім саясаткер ретінде сайлауда өзінің халыққа жақын екенін көрсеткісі келсе, нық сеніммен пластик шанышқыны қолына алып, карривурст пен фри картоп салынған ыдыспен карривурст дүкенінің жанында фотоға түседі. Бұрынғы канцлер Герһард Шрөдер туралы жұрт тіпті ол карривурстты өзінің сүйікті тағамы деп атаған себепті ғана 2002 жылы қайта сайланды дейді. Экономика саласындағы басшылардың жолдасы сол арқылы кем дегенде аспаздық тұрғысынан жақын достардың жолдасы болып қалды.
 Бұрынғы канцлер Герһард Шрөдер туралы тіпті ол карривурстты өзінің сүйікті тағамы деп атаған себепті ғана 2002 жылы қайта сайланды дейді. Бұрынғы канцлер Герһард Шрөдер туралы тіпті ол карривурстты өзінің сүйікті тағамы деп атаған себепті ғана 2002 жылы қайта сайланды дейді. | Фото: © picture-alliance/dpa/dpaweb / Адреас Альтвейн

ТҰЗДЫҚ ҚОСЫЛҒАН ҚУЫРЫЛҒАН ШҰЖЫҚ ҚАНА ЕМЕС

Бірақ қалайша дәл осы карривурст неміс аспаздығынының иконына айналды? Федералдық Германия тұрғындарының талғамы үшін өте жат, оңтүстік Азияға тән дәмдеуіш қосылған тағам?
 
Уве Тим карривурст алғаш рет Гамбургте пайда болды деген пікірді өзінің 1993 жылы жазылған «Карривурсттың пайда болуы» деген новелласында өте әдемі ұсынады: Оның әдеби кейіпкері Лен Брүккер карривурстты 1947 жылы Һанзештадта ойлап шығарған жоқ. Ол құрметке екі жыл кейін берлиндік Һерта Һеувер ие болады. Оның оқиғасы да бір кітапқа жететіндей материал болады: Һерта Һеувер 1949 жылдың жазынан бастап Берлиннің Шарлоттенбургінде Кан-/Кайзер-Фридрих-штрассе қиылысында шағын дәмхана ашады, сол жерде 4-қыркүйекте карривурстты ойлап табады. Дәлірек айтқанда, ол қуырылған шұжықпен ұсынатын тұздықты ойлап тапты. Оған қосатын дәмдеуішті ол, өзінің айтуынша, бір ағылшын жауынгерінен алса керек. Тұздықты ол 1959 жылы „Chillup“ деген атпен өзінің иелігіне жаздырады, «Chili» және «Ketchup» деген сөздердің қосындысы. Берлиндік әйел бірақ өзінің тек қызанақ еті мен дәмдеуіштерді қолданғанын жазуды талап етті.
Берлиндегі барлық карривурсттың анасына арналған ескерткіш-тақта. Берлиндегі барлық карривурсттың анасына арналған ескерткіш-тақта. | Фото: picture-alliance/dpa/Алина Новопашина Novopashina Шын дейін десең, тым әдемі оқиға ма? Бірақ ол әлі аяқталған жоқ:

Макс Брүкнер, Ерцгебиргедегі Йоһангеоргенштадта тұратын қасапшы, Берлинде ішекке салынбаған шұжық жасады, „Spandauer ohne Pelle“ (Қабығы жоқ шпандаулық), өйткені ол кезде табиғи ішекті байлар ғана пайдаланушы еді. Шұжықты халыққа тарату керек, бірақ ол ойлағандай оңай болмады. Николай Войтко бұл керемет шешімді гастрософиялық «Epikur» журналында суреттейді: «Брүкнер тапқыр Һерта Һеуверді байқады. Макс Брүкнердің жас серіктесі Һерта Һеувермен бірге, кетчупті негізге ала отырып, ащы тұздық дайындады. Сол тұздықпен Һерта Һеувер шұжықты сатуы керек еді. Маркетинг жоспары қарапайым еді. Тұздық шұжықтың мүлдем ішекке салынбағанын байқатпайтындай әдемі, дәмді болуы тиіс. Карривурст жетістікке жеткеннен кейін ғана ішекке салынбаған шұжықтың бір кездегі қиындықтан туындаған түпнұсқа екендігі белгілі болды. Шұжыққа қасапшы басқа қолданыс таппаған нәрсенің бәрі қосылды, немісше  «Brät» деп аталатын тартылған ет сияқты майдалап туралды - «Bratwurst» деген атауы да шұжықтың дайындалу әдісі «Braten» - қуырумен емес, осы ішіне салатын «Brät»-пен байланысты». Һерта Һеувер оның алдында өзі карривурст тұздығын ойлап тапқан болатын, бірақ оның да жетістікке жетуі осы ынтымақтастық еңбектің арқасында дәмінің жақсара түсуінің ғана нәтижесі.
 

АСПАЗДЫҚ ДАРАЛЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ

Карривурст баяғыдан басқалармен тең құқылы. Патент пен норма, кішкене бақтар туралы ережелері мен тазалық туралы заңы бар елде болса да, ол ешқандай қысым көрген жоқ, иә, аспаздық даралықтың белгісіне айналды десе де болғандай. Әзірленуі, салмағы және қандай дәрежеде күюі керек деген сұрақтарға да ішекпен бе, ішексіз бе, ыстық тұздықпен бе, суық тұздықпен бе әлде ұнтақ пен кетчуп қосқан жақсы ма деген сұрақтар сияқты аз мән беріледі немесе олар толық анықталады.
Үстінде трюфель немесе алтын түстес фольга да болады. Көбіне картон ыдыспен беріледі, кейде фарфор ыдыспен шампан шарабымен беріледі.  Тим Мэльцер не Франк Розин сияқты мықты аспаздар өздерінің теңдесіз карривурст рецептерін жариялайды. Сөйтіп бүгінгі таңда карривурст жалақы мен білім деңгейіне де қарамайтын болды. Әзіл әңгімелерде жоғарғы оқу орны мен шұжық бірге жүреді: Жұмысы жоқ физик жұмысы бар физикке не дейді? «Бір карривурст, фри қосып беріңізші!» Германия, біртұтас шұжық елі.

 Соңында бір карривурст: Көльндік Қос-комиссар жексенбі сайын көрсетілетін сүйікті «Оқиға болған жер» сериалында ондаған жылдардан бері әр оқиғаны дерлік Рейннің жағасында карривурст жеумен аяқтайды Соңында бір карривурст: Көльндік Қос-комиссар жексенбі сайын көрсетілетін сүйікті «Оқиға болған жер» сериалында ондаған жылдардан бері әр оқиғаны дерлік Рейннің жағасында карривурст жеумен аяқтайды | Фото: picture-alliance/ Свен Симон