ГЕРМАНИЯ-ГЕРМАНИЯ ШЕКАРАСЫ
„ЕСКЕ АЛУ ЖӘНЕ ҮМІТ ОРЫНЫ“

 Өлім жолағынан жаңа өмір кеңістігіне: Бір кездегі германияішілік шекарада ұзындығы шамамен 1.400 километр қорықтық аймақ пайда болды.
Өлім жолағынан жаңа өмір кеңістігіне: Бір кездегі германияішілік шекарада ұзындығы шамамен 1.400 километр қорықтық аймақ пайда болды. | Фото (кесінді): © picture alliance/dpa-Zentralbild/ZB/Петер Герке/

Кезінде Федеративтік Республика мен ГДР-ды бөліп тұрған греманияішілік шекара жолағы бүгін бүкіл Германия жерін көлденеңінен кесіп өтетін табиғаттың Жасыл Лентасындай созылып жатыр. Биотоп флора мен фауна үшін жаңа Отан болып қана қоймай, өзінің шиеленіске толы таихынан да сыр шертеді.
 

Кішкене тепловоз Тюрингиядағы Бланкенберг даласымен бұрынғы қағаз фабрикасы бағытында селкілдеп баяу кетіп барады. Жіңішке темір жол тура бұрынғы германияішілік шекара бойымен өтеді. Германия екіге бөлініп тұрған жылдары бүгінгідей бейбіт өмір болған жоқ, деп есіне алады локомотив машинисі. «Ол кезде мен тізерлеп жүріп, қолыма ұзын таяқ ұстап алып, мина іздейтінмін,» - дейді. Ол оның ГДР армиясы қатарында әскери қызметін өтеп жүрген 1980 жылдар еді.

Кезінде бүкіл елді сонау Солтүстік теңізден оңтүстіктегі Баварияға дейін екіге бөліп, темір перде өтетін. Басында бойына мина, кейінірек өздігінен жарылатын құрылғылар қойылған металл қоршаулар шекара жолағын қорғап тұратын. Германия екіге бөлінгеннен 1989 жылы қайта біріккенге дейін оның бойында, ГДР-дан Батысқа өтпек болып, бірнеше жүздеген адам ажал құшты.

Енді сол кездегі шекара аумағын табиғат қайта өз иелігіне алды: Солтүстіктен оңтүстікке 1.393 километрге дейін иректеліп жасыл лента жатқандай. Қанша жылдан бері ол аумаққа рұқсатсыз кіруге болмайтын, солайша ол көптеген сирек және жоғалып кету қаупі төніп тұрған жануар және өсімдік түрлері үшін жырақтау орнына айналған. Аумақтың үлкен бөліктері қазіргі таңда табиғатты қорғау заңымен қорғалады, сонымен қатар, олар табиғат, тарих және мәдениет тоғысуының қайталанбас бір көрінісі іспетті. 
 Мариенборндағы Жасыл Лента ішінде бір кездегі ГДР шекара сарбаздарының күзет мұнарасы тұр. Шекарадан өтетін жер Германия-Германия шекарасының ең үлкен және ең маңызды тексеріс орыны болатын және ол, бәрінен бұрын, Батыс Берлинге баратын транзит қатынасы үшін пайдаланылды. Мариенборндағы Жасыл Лента ішінде бір кездегі ГДР шекара сарбаздарының күзет мұнарасы тұр. Шекарадан өтетін жер Германия-Германия шекарасының ең үлкен және ең маңызды тексеріс орыны болатын және ол, бәрінен бұрын, Батыс Берлинге баратын транзит қатынасы үшін пайдаланылды. | Foto (Zuschnitt): © picture alliance/Frank May

табиғат қорғаушылардың ерте басталған байланысы

 

Тюрингия-Бавариядағы Жасыл Лента идеясы дүниеге келген орын Митвитц маңындағы Жасыл Лента. Тюрингия-Бавариядағы Жасыл Лента идеясы дүниеге келген орын Митвитц маңындағы Жасыл Лента. | Фото (кесінді): © Otmar Fugmann Оған Һуберт Вайгердің, Қоршаған Орта мен Табиғатты Қорғау Одағы төрағасының,  қосқан үлесі зор. Одақ кезінде Жасыл Лента бағдарламасын құрып, қазіргі күнге дейін бұрынғы шекара аймағына кірген жерлерді алып не айырбастап, биотопқа айналдырып отыр.

Бұрынғы шекара жолағын табиғатты қорғау аймағы ретінде сақтап қалу идеясы 1989 жылы, Берлин қабырғасы құлай салысымен, пайда болды. Батыс германиялық Вайгер шығыс германиялық табиғат қорғаушыларымен оған дейін байланыс орнатып қойған еді. Шекара ашылғаннан кейін төрт аптадан соң Одақ ортақ кездесуге шақырды. Бавариядағы Һофқа 400 қатысушы келді. «Сонда алғаш рет Жасыл Лента жайлы сөз қозғалды,» - дейді Вайгер.

Жоспарды іске асыру оңай болған жоқ: «Шекара салу оны алып тастаудан, әрине, оңайырақ».  Сол кездегі бір балама ұсыныс тез арада қайтадан тартпаға түсті. Ол ұсыныс бойынша шекара аумағында автобан салу жоспарланған болатын. Оның орнына табиғатты қорғаушылар көп жылдан бері Германия Табиғатын қорғау жөніндегі Федералдық Агенттіктің (ТҚА) қолдауын көріп келе жатыр. Ғылыми зерттеулер арқылы ТҚА бұрынғы шекара аумағының баға жетпес биотоптардың тұтас лентасы ретіндегі ерекшелігін дәлелдеп шықты және 2019 жылға дейін түрлі аймақтардағы көптеген жобаларға 56 миллион Евро көлемінде инвестиция құйды. Оған қоса, федералдық жерлер де қайырымдылық және жәрдем көрсету мақсатында қаржы бөлді.

шиеленіске толы жерұйық

 Жағал шақшақ Жасыл Лентада кездесетін құс түрі. Ол шекара бағанын өзінің әнтұғырына айналдырып алған сияқты. Жағал шақшақ Жасыл Лентада кездесетін құс түрі. Ол шекара бағанын өзінің әнтұғырына айналдырып алған сияқты. | Фото (кесінді): Томас Штефан Бұрынғы шекара жолағының ені 200 метрге жетеді. Онда 5.200-ден астам жануар және құс түрлері тіршілік етеді, оның ішінде, кем дегенде, 1.200-і жоғалып кету қаупі төнген түрлер ретінде Қызыл Тізімге енгізілген. Лентаның бойымен созылып жатқан бір кездегі колонна жолы бағыттан адастырмайды. Мұңды тарих қайта-қайта алдыңыздан шығып, өзін ойға салып отырады: 600-ге жуық күзет мұнараларының кейбіреуі сол күйі қалып қойған, әлі күнге дейін қатал шекара режимін еріксіз еске түсіреді. Бірақ бір кезде шекара сарбаздары күзеткен жерлерде енді жаяу не велосипедпен серуендеген туристер кездеседі.

Бірақ бұл жерұйық, біз ойлағандай, тіпті де бейбіт емес. Келіспеушіліктер бір жағынан жергілікті басқару органдарының өкілдері не фермерлердің құнды жерлерден бас тартқысы келмеуі себепті туындап жатады. Өйткені шекара бойындағы жерлердің барлығы табиғат қорғау аймағы боп бекітілмеген: 170 километр бойына шекараның ізі де қалмаған, себебін атап айтсақ, ол жерлерге егін егілген. «Жасыл Лентаның үзілген жерлерін қосу болашақ үшін алға қойылған үлкен талаптардың бірі,»- дейді ТҚА-нің Жасыл Лентаға жауапты бөлім меңгерушісі Уве Рикен.

Жасыл шекара үшін болған дау-дамайға «үлес қосқан» ұсақ-түйектер де жоқ емес. Соның бірі жайында тюрингиялық Теттау комуннасының басшысы Петер Ебертч жыр ғып айтады. Оның шекара жолағы бойымен велосипед жолын салу туралы идеясы болған. Соны іске асырам деп, ол биотоптарын ойсыратып бөліп тастаудан қорыққан табиғат қорғаушылармен ұзақ таласыпты. Соңында, әйтеуір, Ебертч өзі ұсынысының дұрыстығына оларды сендірген көрінеді.

шекара асып табиғат қорғау

Қазіргі таңда Жасыл Лента заманында «темір перде» бөлінуге себеп болған жерлерде басқа елдермен ынтымақтастықты дамытуға ықпал етуде. Бавария, мысалы, табиғат қорғау саласында көрші ел Чехиямен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп жатыр. «Жасыл Лента біз үшін әрі еске алу, әрі үміт орыны,» - дейді Баварияның Қоршаған ортаны қорғау министрі Торстен Глаубер, - «ол Еуропаның биологиялық әралуандығын сақтап қалуға берілген жалғыз мүмкіндік.» 346 километр ортақ шекара екі елді қосып тұр. Алдағы алты жыл ішінде екі жақ Шумава Ұлттық паркінің басқаруымен батпақты ландшафттар мен климатты қорғау саласында ынтымақтастықты дамытпақшы, деп түсіндіреді Владимир Мана, Чехия Үкіметінің вице-министрі.
 Һуберт Вайгер бұл іске басынан атсалысуда: 1989 жылдың 9 желтоқсанында Жоғарғы Франкония әкімшілік округінің Һоф қаласында 400-дей шығыс және батыс германиялық табиғат қорғаушылардың алғашқы Жасыл Лента идеясы дүниеге келген кездесуі өтті (солдан оңға қарай: Вальтер Һикель, Kaй Фробель, Вернер Вестус, Нанне Винандс, Удо Бенкер Винандс, Һуберт Вайгер, Райнер Һаупт). Һуберт Вайгер бұл іске басынан атсалысуда: 1989 жылдың 9 желтоқсанында Жоғарғы Франкония әкімшілік округінің Һоф қаласында 400-дей шығыс және батыс германиялық табиғат қорғаушылардың алғашқы Жасыл Лента идеясы дүниеге келген кездесуі өтті (солдан оңға қарай: Вальтер Һикель, Kaй Фробель, Вернер Вестус, Нанне Винандс, Удо Бенкер Винандс, Һуберт Вайгер, Райнер Һаупт). | Фото: © Ернст Заммер