Жылдам кіру:
Тікелей мазмұнға өту (Alt 1)Тікелей қосалқы навигацияға өту (Alt 3)Тікелей негізгі навигацияға өту (Alt 2)

Алматының мұрасы. 1-бөлім

ҚР Орталық мемлекеттік тарихи мұражайы (сәул. Ю. Ратушный, Т. Ералиев, Д. Досмагамбетов, 1978-1985)
ҚР Орталық мемлекеттік тарихи мұражайы (сәул. Ю. Ратушный, Т. Ералиев, Д. Досмагамбетов, 1978-1985) | © E.Малиновскаяның жеке мурағатынан

Malinowskaja, Jelisaweta Grigorjewna

 КЕҢЕС МОДЕРНИЗМІ СӘУЛЕТІ. 1955-1991. АЛМАТы

 Талдаудың өзектілігі осы кезеңдегі Алматы сәулет өнері мұрасының рөлін ұлттық мектептің және кеңес сәулет өнерінің даму процесінде, ал соңғы он жылдық үшін, әлемдік модернизм құбылыстарының аясында зерделеп оқу мақсатынан туындап отыр. Ғылымда ұзақ уақыт бойы бұрыннан қалыптасқан терминологиялық өлшемшарттар болған: 1955 жылға дейін – «сталиндік неоклассика», сосын – қанағатсыздықпен күрес және сәулет-құрылыс  ісіндегі қайта құру.

Кезеңдердің 1960‑1970 және 1980‑1990 жылдардағы хронологиялық шектеуді білдіретін «анық» кәсіби атаулары болған жоқ. Бұл аталған кезеңдердің сапалық анықтамаларын көрсеткенімен, іс жүзіндегі құбылыстардың стильдік бейнесін анықтап берген жоқ. Жағдай «Жергілікті модернизм» қоғамының (Вена, 2004 ж. бері) ауқымды ғылыми жобасына байланысты шұғыл өзгерді. Австрия оқымыстылары баламаны зерттеуді өздеріне мақсат етіп қойды: (Ресейден басқа) кеңес ұлттық мектептерінде шығармашылық тәуелсіздік болды ма әлде олар үнемі метрополияға бағынып отырды ма? Жұмыс XIX Халықаралық сәулет конгресімен және бірнеше көрме тізбегімен (Вена, 2012; Стамбул, 2013) аяқталды.

Одан соң іле басқа кураторлық бірлестіктердің бастамасымен Лейпциг, Москва, Петербургте (2013) түрлі жобалар қолға алынды. Кеңес империясы республикаларының сәулеті Сан-Пауло мен Венецияда (2014) мамандар мен зерттеушілердің назарынан ұзақ уақыт шеткері қалып қойған елдердің сәулет өнерімен тұтас бір контекстте көрсетілді: Оңтүстік-Шығыс Азия, Латын Америкасы, Үндістан, Солтүстік Африка. Барлық аталған экспозицияларда Алматының негізгі нысандарының фотосуреттері көрсетілді. Ғылыми пікірталаста ол елдердегі ұлттық дәстүрлердің өміршеңдігі туралы айтылып, модернизм бірыңғайландыруға, стильдік штамптауға әкеліп соқпайды деген қорытынды жасалды. 
«Жетісу» қонақ үйі (сәул. Е. Дятлов, Ким-Досен, В. Ищенко, констр. Ю. Скринский, А. Тамбулиди, 1957) «Жетісу» қонақ үйі (сәул. Е. Дятлов, Ким-Досен, В. Ищенко, констр. Ю. Скринский, А. Тамбулиди, 1957) | © E.Малиновскаяның жеке мурағатынан

Пайда болу тарихы. 1930-жылдардағы Алматы сәулеті – тарих пен болжам

Бар-жоғы он жылдың ішінде шалғайда жатқан қала, ауқымы жағынан бұрын-соңды болмаған әлеуметтік-мәдени бағдарламасын жария қылды да, республика астанасына айналды. Әкімшілік-үкімет, мәдени-ағарту, оқу және ғылыми мекемелердің, жилкомбинаттардың желісі пайда болды. Алматы нысандарын салу бойынша өткізілген бүкілодақтық сайыстарға Москва мен Ленинградтың жетекші сәулеткерлері қатысты.

Үкімет үйін салу бойынша ұйымдастырылған МАО (56 жоба, 1927) сайысының қорытындысы ерекше болды. Сайыста конструктивизмнің стильдік және формалдық әдістерін азиялық үй (тұрғын үй кешендерін) салу әдістерімен бір арнаға тоғыстыру арқылы образдық функционализмді  ішкі құрылым логикасына сәйкестендіре білген М. Гинзбург жеңімпаз атанды.    

Үкімет үйі (сәул. М. Гинзбург, Ф. Милинис, инж. В. Орловский, 1927 1931) Үкімет үйі (сәул. М. Гинзбург, Ф. Милинис, инж. В. Орловский, 1927 1931) | © E.Малиновскаяның жеке мурағатынан Алматының құрылысы авангардтық ағымдар мен «дәстүршілдердің» жаңа типологиясын, теориялық және стильдік доктриналарын бағалау бойынша шығармашылық тәжірибелерге арналған өзгеше бір сынақ алаңына айналды. Олардың бағыт-бағдарын анықтауда аймақтық мұра да ескерілді. Ол жылдардың тәжірибесі – респубиканың 1960 жылдардағы сәулет өнерінің техникалық-эстетикалық мұратын айқындаған сәулетшілік болжам іспетті.

  2-бөлім – 1960-1980 жылдар аралығы