БЕРЛИН ҚАБЫРҒАСЫНЫҢ ІЗІМЕН ЕСКЕ АЛУДАН ҚАЙТА ҚҰРУҒА

Берлин қабырғасы
Берлин қабырғасы | © Marine Leduc

1989 жылдың 9-қарашасында Берлин қабырғасы құлады. Отыз жыл өткенде оның Истсайд галереясы не Мауерпарк сияқты граффитистер мен өнер адамдары үшін ерекше көзқарас білдіру алаңы қызметін атқаратын аз бөлігі ғана қалды. Қазір физикалық тұрғыдан бөлу болмаса да,  қалада көзге көрінбес Қабырғаның әсері әлі күнге сезілетіндей. 
 

2014 ж. қараша, 2015 ж. қыркүйек және 2018 ж. мамыр айында біз, қаланың алуан қырын танып-білу үшін, Қабырға ізімен сапарға шыққан едік. Өйткені қаланың тура кезінде Қабырға тұрған жері өзгерді: Заманауи Потсдамер плац кварталы осы ешкімге тиесілі емес жерде бой көтерді; Истсайд галереясы бойындағы не Мауерпарк маңындағы жылжымайтын мүлік жобалары айналасында пайда болған контрмәдениет орындарын ығыстырып барады; басқалар иесіз қалған жерлерді балама елді мекендер мен қоғамдық бақтар салуға одан әрі пайдалануда. Қабырға қалдықтарының өзіне қауіп төніп тұр: Қайбір инвесторлардың оларды бұзып тастағысы келеді және олар Истсайд галереясының 2013 жылдың наурызында сәулетті тұрғын үйлер салу үшін күреп тасталған бөлігінде оны бастап та кеткен. Бұл жобаларға қарсылық көрсетушілер де көп болды. Олар Қабырғаның символикалық күшін және өткеннің - «Масқара қабырғасының» көзін құртып, заманауи биік үйлер салғысы келетіндер мен оны жанға жара салған өткеннің суретшілер өрнектеген естелігі және соңғы отыз жылдағы балама Берлиннің куәсі ретінде сақтап қалғысы келгендер арасындағы алшақтықты көрсетеді.

Есте тұруы тиіс «еске алу қабырғасы»

  • 1989 жылғы 9-қараша алаңы, Борнһольмерштрассе © Marine Leduc
    1989 жылғы 9-қараша алаңы, Борнһольмерштрассе

    Алаңға шығыс және батыс берлиндіктердің кездесуінің алғашқы фотосуреттері қойылған. Артында Қабырғаның бір бөлігі тұр. Дәл осы жерден шығыс берлиндіктер Батысқа өткен. 9-қараша күні кешке Гүнтер Шабовски, ГСБП Орталық Комитетінің мүшесі, теледидардан сол сәттен бастап Батысқа өте беруге болады деп хабарлаған. Сәлден кейін-ақ мыңдаған шығыс берлиндіктер Батысқа өтетін жерлерге қарай ағылды. Борнһольмер-штрасседегі шекара посты алғашқы болып, сағат 22:30-ға таман шлагбаумды көтерді.
  • Берлин қабырғасы ескерткіші © Marine Leduc
    Берлин қабырғасы ескерткіші

    Ева Зөдерман, Берлин қабырғасы мемориалының баспасөз хатшысы, 2014 жылы «Берлиндіктер бұл «Масқара қабырғасын» тезірек бұзып тастағысы келген» деп еді. Мемориалды жасаудың өзіне 15 жылдай кетті. Бүгін де оның мүлдем ізі де қалмауын қалайтындар және оны Истсайд галереясындағыдай әсемдеудің мүлдем жөні жоқ дейтіндер бар. «25 жылдықты тойлау кезінде бұл тақырыптың адамдарды әлі де толғандыратыны байқалды,» - деп түсіндіреді Ева Зөдерман, - «сондықтан, келер ұрпақтың не болғанын түсінуі үшін, Қабырғадан қалғанды сақтау маңызды.»
  • Берлин қабырғасы ескерткіші © Marine Leduc
    Берлин қабырғасы ескерткіші

    Бұл жердің қазіргідей бизнес-орталыққа айналмас бұрын қандай болғанын тек Қабырғаның бір кесегі ғана көрсетіп тұр. Потсдамер плац екіге жарылған қаланың ешкімге тиесілі емес бөліктерінің ең үлкені болатын.
  • Потсдамер плац © Marine Leduc
    Потсдамер плац

    Бұл жердің қазіргідей бизнес-орталыққа айналмас бұрын қандай болғанын тек Қабырғаның бір кесегі ғана көрсетіп тұр. Потсдамер плац екіге жарылған қаланың ешкімге тиесілі емес бөліктерінің ең үлкені болатын. .

Өшпестей із қалдырған «Қабырға – тыртық» 

  • Бранденбург қақпасы © Marine Leduc
    Бранденбург қақпасы

    Қала ландшафты мен көптеген қала тұрғындарының жүрегінде Қабырға нәзік, көзге көрінетін я көрінбейтін із қалтырды. Оның бір мысалы - Шығыс Берлиндегі жаяу жүргіншілер өтетін жерлерде тұрған, 2000 жылдары Батыстағы кей көшелерде де пайда болған әйгілі бағдаршам адамының суреті бар бағдаршамдар. Көптеген берлиндіктер үшін шығыс және батыс берлиндіктердің менталитетінде әлі күнге дейін айырмашылық бар. Бір жүргіншінің айтуы бойынша: «Басымыздағы Қабырғаны жиі құлатуымызға тура келеді.»
  • Солтүстік вокзал саябағы © Marine Leduc
    Солтүстік вокзал саябағы

    Қабырғаның ұзындығы 155 километрден артық болған. Мына параллель орналасқан екі қабырғаның арасындағы кең, бос жатқан жер бүкіл қабырғаның ұзына бойына көрініп тұрады. Мұнда жаяу серуендейтін жолдар жасалып, көк шалғын егілген.
  • Қараусыз қалған темір жол, Солтүстік вокзал саябағы © Marine Leduc
    Қараусыз қалған темір жол, Солтүстік вокзал саябағы

    Ескі көпір әлі де бөлінудің белгісіндей. Бір-екі жүз метр әріректегі Солтүстік вокзал Шығыс пен Батыс арасындағы жансыз вокзалдардың бірі болатын.
  • Киль көпірі © Marine Leduc
    Киль көпірі

    Канал бойындағы әлі көзге көрініп тұрған иесіз жер.

Туристерді қызықтырар «қабырға – пайда көзі»

  • Чекпойнт Чарли © Marine Leduc
    Чекпойнт Чарли

    Қабырға туристерді қызықтырады, ал кейбіреулер одан пайда табады: Қаптаған келушілер бір-екі Евро үшін жалған американдық сарбазбен фотоға түседі, бәрінен бұрын «Чекпойнт Чарли»-дің жанында. Бұл шекара посты, сол жерде қырғи-қабақ соғыстағы екі ірі мемлекет Америка мен Кеңес Одағы бір-біріне қарсы тұрған жер болғандықтан, символға айналған.
  • Қабырға сынығы сатылады © Marine Leduc
    Қабырға сынығы сатылады

    Туристер көп шоғырланған жерлерде қолдан жасалған, жалған «Қабырға сынықтарын» сату жиі кездеседі.
  • Истсайд галереясы, Мүленштрассе © Marine Leduc
    Истсайд галереясы, Мүленштрассе

    Истсайд галереясы, 1,3 километрден асатын, суретшілер сурет салып тастаған Қабырға бойында орналасқан кәдесый дүкені. Қаланың туристерді тартатын бір магнитіне айналды.

Инвесторлар қызыққан «күреп тасталған қабырға»

  • Сәулетті тұрғын үй жобасы, Истсайд галереясы © Marine Leduc
    Сәулетті тұрғын үй жобасы, Истсайд галереясы

    Ешкімнің иелігіне жатпайтын жердің қалаға тиесілі бөліктері инвесторларға кеңсе және элиталы тұрғын үй құрылысы үшін сатылған. Кезінде екі шекара арасында жатқан басқа бөліктері қазір қоршалған, бірақ флора мен фаунаның бағына, әлі ешкім тимеген. Басқа құрылыс жобалары басталған, бірақ көршілер арасында болған дау-дамайдың салдарынан аяқсыз қалған. Ең үлкен жылжымайтын мүлік жобасы Медиашпрее деп аталады және оның мақсаты - қаланы жарып ағатын Шпрее өзенінің жағалауын жаңарту. Онда Mерседес сияқты алпауыт фирмалар, сауда орталықтары еркін орналасып алған да, контрмәдениетке тиесілі деген жерлерді тарылтып жіберген. 2014 жылы мұнда Қабырға мен Шрпее аралығында элиталы тұрғын үй ғимараты тұрғызылды. Сол үшін Истсайд галереясының бір бөлігі бұзылған еді.
  • Медиашпрее жобасы, Истсайд галереясы © Marine Leduc
    Медиашпрее жобасы, Истсайд галереясы

    2018 жылы Қабырға маңында тұратындардың қарсылығына қарамастан, ландшафт өзгерді: Жаңа құрылыс алаңдары бірінен кейін бірі, жер астынан шыққандай, пайда болып жатыр. Сол жақтағы сәулетті тұрғын үй ғимараты салынып болған.
  • ЭнергиФорум, Истсайд галереясы © Marine Leduc
    ЭнергиФорум, Истсайд галереясы

    Мына кеңсе ғимараты арқылы өзенге өтер жол бар, бұл Медиашпрее жобасы шарттарының бірі болатын. Өкінішке орай, ар жақта жоғары тұрған тұрғын үй сияқты, кей ғимараттарды салуда ол шарт орындалмай, Шпрееге шығар жол толығымен жабылып қалған.
  • Мауерпарк құрылыс жобалары © Marine Leduc
    Мауерпарк бұрын Пренцлауер Берг кварталын екіге бөліп тұрған шекарадағы екі қабырға арасындағы жерге жататын. Сол маңда тұратындар оны саябаққа айналдырған соң, ол Шығыс пен Батыстың қайта бірігуінің символына айналды. Оның кей бөліктері элиталы тұрғын үй құрылысы үшін сатылды.

Маңында тұратындар жаңаша пайдаланатын "Берлиндіктер қабырғасы»
 

  • Мауерпарктегі демалыс © Marine Leduc
    Мауерпарктегі демалыс

    Қабырға құлаған соң, берлиндіктер ол жерді, қатар өмір сүріп, екі жақтың да тұрғындарының басын қосу үшін, тез арада қайта пайдалана бастады. Нағыз берлиндік деп атауға болатын, балаға тән шығармашылықпен ол жерде балабақшалар, саябақтар, оқыту орталықтары, мәдениет ошақтары, кафелер мен басқа, құдды бір ертегіден шыққандай, құрылымдар пайда болды. Мауерпарк ерекше бір орынға айналды, әсіресе, сол жердегі жайма базары мен жексембі сайын өтетін концерттің арқасында.
  • Мауерпарктегі Қабырғаның бір бөлігі © Marine Leduc
    Мауерпарктегі Қабырғаның бір бөлігі

    Лине, швейцариялық граффитист, 2014 ж.. Қабырғаның бұл бөлігін жергілікті граффитистер пайдаланады, олар жергілікті тұрғындардың өз қаласы мен тарихын қайтарып алуға қабілеті жететінін көрсетеді.
  • Осман Калиннің үйі, Марианненплац © Marine Leduc
    Осман Калиннің үйі, Марианненплац

    Түрік бағбаны Осман Калин мына күркені Қабырға құлардың алдында жасаған еді. Ол Қабырғаның дәл жанына бақ отырғызып, кейінірек үй сала бастады.
  • Шпрее жағасындағы типи елі © Marine Leduc
    Шпрее жағасындағы типи елі

    Медиашпрее жобасына қарамастан, кей контрмәдениет орындары сақталып қалды не жаңадан пайда болды. 2014 жылы қала әкімдігіне тиесілі жер телімдерінің бірінде шатыр-қалашық пайда болды. 2018 жылы біз көгершін өсіруші Һусейннің үйінде қонақта болдық.

 

Берлин қабырғасының бүгініне, өткеніне және ертеңіне көз жүгірту Еуропаның және ондағы шиеленістердің тарихын түсіну, оны бастан кешірген адамдарды ұмытпау және қазіргі заманды жақсы түсіну деген сөз. Өйткені Қабырға мен оның құлауы адамдардың санасында әлі бар. Саяси мәселелерден гөрі қала келбетіне, бәрінен бұрын, әлі өмір сүріп жатқан адамдардың басынан өткен тарихы көбірек ықпал етеді.