ГЕРМАНИЯМЕН САЯХАТ
МЮНХЕННЕН БЕРЛИНГЕ ДЕЙІН: ГЕРМАНИЯНЫҢ ЕРЕКШЕ МҰРАЖАЙЛАРЫНЫҢ МАРШРУТЫ

Рождество мұражайы
© Deutsches Weihnachtsmuseum

Егер бір-екі апта бос уақытыңыз болса және демалысыңызды «must visit»  орындарының шеруіне айналдырғыңыз келмесе, біз ұсынып отырған Германияның ерекше  мұражайлары маршрутымен жолға шығыңыз. 14 қала, 10 бірегей орын және 2500 километр даңғыраған автомобиль жолы.
 

Саяхатты Мюнхеннен бастауға болады - мұнда барлық құрлықтардың екі жүзден астам қаласынан рейстер ұшып келеді.  Егер сіз үшін шытырман оқиғаларды бастан кешіру бір-екі қолайсыздықтан маңыздырақ болса, лоукостер қызметін пайдаланып, қаржыңызды да әжептәуір үнемдеуге болады. Мюнхеннің көрнекті жерлерін — жаңа ратушасы және курант-сағаттарының механикалық бишілері бар Мариенплацты, ең ескі шіркеу Петерскирхе мен BMW мұражайын және бавар шұжықтарын көріп бағалаған соң — жалға автомобиль алып, қызықты және мәдени мазмұнды автомаршрутпен саяхатқа шығыңыз.

Алдымен Рождество рухын сезіну үшін Таубердегі Ротенбургке барыңыз. Мұнда Рождество ешқашан бітпейді деген сөз бар. Біріншіден, қалада рождестволық ойыншық, әшекейлер өндіретін «Käthe Wohlfahrt» компаниясының бас дүкені мен кеңсесі бар, олардың ертегідегідей ғажайып тауарлары Еуропада, Ұлыбритания мен АҚШ-та сатылады. Ал, екіншіден, мұнда Рождество мұражайы ашылған.


РОЖДЕСТВо мұражайы

https://www.weihnachtsmuseum.de
Мекен-жайы: Herrngasse 1, 91541 Rothenburg ob der Tauber
Жұмыс кестесі: сағ. 10 - 17 ( 1 сәуірден  23 желтоқсанға дейін), қаңтардан наурызға дейін, Рождествода және Жаңа жыл мейрамында жұмыс уақыты шектеулі, сайттан анықтап қараңыз.

Мұражайды ашқан — Харальд Вольфарт, ойыншық империясының мұрагері, әр дәуірдің рождестволық әшекейлерін жинап, немістің мерекелік салт-дәстүрімен танысқысы келгендерге көрсетпек болды. Оған өз ойын жүзеге асыруға жиырма жылдай уақыт кетті, сөйтіп тек 2000 жылы ғана тұрақты көрме ашылды. Ертегіні ұнататындарға, сиқырға сенетіндер мен қарға бөккен тәтті нан қалашығын жақсы көретіндерге мұражай ұнайтыны анық.
 
Үш сағат жүргеннен кейін, сіз Фурт-им-Вальд қалашығына, Чехиямен шекараға жетесіз. Оған жеткенше, сол жердің көрнекті орындарын толық бағалағыңыз  келсе, «Игры Престолов»-тың соңғы маусымын қайталап көріңіз.
 

айдаһар мұражайы

http://www.further-drache.de/
Мекен-жайы: Eschlkamer Straße 10 a, 93437 Furth im Wald
Жұмыс кестесі: сағ. 10.30-16.00 жұмыс күндері, сағ. 10.30-13.00 сенбі күні

Айдаһар мұражайы © Andreas Mühlbauer
Негізгі жәдігер - Традинно атты айдаһарды Голливуд мамандары жасаған. Солардың арқасында ол қозғалып, басын бұра алады, аузынан от та шашады.  Өзінің көлеміне байланысты — биіктігі 15,5 метр  және салмағы 11 тонна  — Традинно Гиннес рекордтар кітабына енгізілген.
Фурт-им-Вальдеде Айдаһар мұражайының ашылуы кездейсоқтық емес. Жыл сайын тамыз айында тарихи оқиғаларды жаңғыртып отыратын Айдаһар фестивалі өтеді. Әрине, оның басты қатысушысы, жауды  бейнелейтін және қала қорғаушыларынан жеңіліс тапқан, аузынан от шашатын құбыжық болады. Жылдың басқа уақытында Айдаһар өз үңгірін – мұражайды мекен етеді. 

Audi тарихының қалай басталғанын еске алып, ретро-көліктерді Цвиккау қаласында қызықтауға болады. Сіздің Ауди империясының осы Саксония жерінде пайда болғанын білетініңізге күмән жоқ. Ең алғашқы Audi жиналған зауыт ғимаратында, уақыт өте келе, мұражай ашылды. Экспозиция компанияның және оның қожайынының Екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі өмірі жайлы айтып береді. 


AUDI ЖАСАУШЫ АВГУСТ ХОРЬХ мұражайы

http://www.horch-museum.de
Мекен-жайы: Audistraße 7, 08058 Zwickau
Жұмыс кестесі: Сейсенбіден жексенбіге дейін сағ. 9.30 - 17.00.

Мұражайда сирек кездесетін жүздеген жәдігер бар және олар автокөліктер ғана емес. Мұнда компания негізін қалаушысының кабинетін (қарапайым және жұпыны), жабдықтар, жарнама платкаттар мен құжаттарды да көруге болады. Бірақ, әрине, жәдігерлердің ең қызығы - ретро-автокөліктер. 

Бір табысты компанияның тарихымен шабыттанып, басқа бір неміс аңызының - Левис брендінің тарихын тыңдауды ұмытып кетпеңіз. Оның негізін қалаушы Ливай Штраустың мұражайы Нюрнбергке жақын жердегі Буттенһаймде орналасқан. Тура келесі үлкен қалаға бара жатқан жолыңызда.


ЛИВАй ШТРАУС мұражайы

http://www.levi-strauss-museum.de/
Мекен - жайы:  Marktstraße 31-33, 96155 Buttenheim
Жұмыс кестесі: Сәрсенбі және бейсенбіде сағ.14 - 18, сенбі, жексенбі және мереке күндері сағ.11 – 17. Жаңа жыл мен Рождество — демалыс.

Ливай Штраус © Geburtshaus Levi Strauss Museum
Бавария қаласы Буттенһайм — Levi’s отаны. Мұнда джинсыдың әкесі - Ливай Штраус туып өскен. Штраустың 18 жыл өмірін Буттенһаймда өткізгені тіпті күтпеген жерден белгілі болды. Муниципалитет дереу Ливай Штраустың ата-анасының үйін сатып алып, қайта жөндеді де, мұражай ашты. Сіз аудиогидтің көмегімен әлемдегі ең әйгілі шалбарды ойлап тапқан адамның өмір сүрген, қиялға берілген бөлмелерін аралап көре аласыз.
 
Майндағы Франкфуртты көрмей, Германиядан кету мүмкін емес. Рөмерберг алаңы, қалалық ратуша, мұражайлар жағалауы мен қалпына келтірілген Гетенің үйі тұрған Große Hirschgraben көшесі — қала жүрегінің кілті іспетті. Ерекше экспозицияны көру үшін, мұнда тағы бірнеше сағатқа  бөгеліңіз.


ДИАЛОГ МҰРАЖАЙ

https://dialogmuseum.de
Мекен - жайы:  An der Hauptwache B-Ebene, 60313 Frankfurt
Жұмыс кестесі: Сұранысқа қарай

Диалог мұражай © Dialogmuseum Frankfurt
 Бұл мұражай көру емес, сезінуді қажет етеді. Келушілерге біздің әртүрлі екенімізді айтып, көрсету үшін, жоба авторлары оларды көзге түртсе көргісіз қараңғылыққа енгізеді. Жалғыз көмекші — зағип адамдарға арналған таяқша және көзі нашар көретін экскурсия жетекшісі. Мұражай экспозициясы зағип адамдар үшін қиын жағдайға айналатын тұрмыстағы ең қарапайым жайлар жайында әңгімелейді. Мұндай экскурсия қорқыту немесе ұялту мақсатында жасалған нәрсе емес, бұл - жанымызда жүрген адамдардың қалай өмір сүріп жатқаны туралы әңгімелеуге және басқаның басындағы жағдайға көбірек көңіл бөлудің қаншалықты маңызды екенін көруге берілетін мүмкіндік.  
 
2018 жылдың соңында мұражай жабылды, бірақ 2020 жылдың басында жаңа мекен–жайда ашылады. Мұражайға бару үшін info@dialogmuseum.de электронды пошта арқылы уақытын келісу қажет.

Көрші Оффенбах қаласында да тамашалайтын нәрселер бар. Мұнда Еуропаның ең бай аяқ киім мұражайы орналасқан. Онда корольдер отбасы мүшелерінің  және қазіргі заманның сәнқойлары киген 15 000 жұп аяқ киім бар.

 
немістің БЫЛҒАРЫ мұражайындағы
«аяқ киім МҰРАЖАЙЫ» экспозициясы


https://www.ledermuseum.de/
Мекен - жайы:  Frankfurter Str. 86, 63067 Offenbach am Main
Жұмыс кестесі: Сәрсенбіден жексенбіге дейін сағ.10 - 17, Рождество мен Жаңа жыл мекересінен басқа күндері.

АЯҚ КИІМ МҰРАЖАЙЫ © DLM, C. Perl-Appl
Бұл бірегей мұражайды 1917 жылы сәулетші Уго Эберһардт ашқан. Оффенбах қаласы тегін таңдалып алынған жоқ: ол – аяқ киім шеберлері мен дизайнерлері тұратын гүлденген былғары қаласы болатын. Бұл мұражайдан классикалық және әдеттегіден тыс тері өнімдерін, сосын, әрине, аяқ киім топтамасын көруге болады. Мың жұп түрлі этностық топтар: Рим легионерлерінің етіктері,  Венеция куртизанкаларының туфлилері, Австрия патшайымының жібек етігі. 

Егер жолдан шаршамаған, әсерден жалықпаған болса, екі жүз шақырымнан кейін саяхатшыларды Германияның ең ежелгі қаласы — Кельн, сән мен өнер индустриясының орталығы — Дюссельдорф және шағын қала Дуйсбург өзінің Антимұражайымен күтіп тұр.


EXPLORADO мұражайы

 
https://www.explorado-duisburg.de
Мекен - жайы:  Philosophenweg 23-25, 47051 Duisburg
Жұмыс кестесі: Сәрсенбі мен бейсенбі сағ. 15 - 18 ,  жұма және сенбі, мерекелер мен мектеп оқушыларының демалыс уақытында сағ. 10 - 19
  Explorado © Explorado Duisburg 2019
Келушілер  EXPLORADO мұражайын антимұражай деп, ал негізін қалаушылар — практикалық көрме деп атайды. Интерактивті экспозиция арнайы балалар үшін жасалған: мұнда олар әлеммен ойын арқылы және үлкендер тарапынаан қысымсыз танысады. Мұражайда бәрін ұстап көруге болады, тіпті ұстап көру керек, мықтылығын тексеріп, тістеп көруге де болады. Ғимараттың үш қабаты физикалық және химиялық үдерістерді, табиғи құбылыстарды, күнделікті болатын өзгерістерді көрсетеді, сондай-ақ, құрылыс мамандықтарының әлемін де  көруге мүмкіндік бар.
 
Келесі тоқтайтын жер — Берлин. Ол Дуйсбургтан 600 шақырым қашықтықта және жолда әдеттегіден өзгеше мұражайы үшін соқпай кетуге болмайтын Альфельд қаласы да бар.
 

қорыл мұражайы

http://www.schnarchmuseum.de/
Мекен - жайы: Rabentalstraße 1, 31061 Alfeld-Langenholzen
Жұмыс кестесі: Сәрсенбі, сенбі және жексенбі сағ.15-18
   ҚОРЫЛ МҰРАЖАЙЫ © Josef A. Wirth
Үш жүздей жәдігер ғасырлар бойы адамдардың қорылмен қалай күрескенін көрсетеді. Аспаптардың бір бөлігі — көз бояушы алаяқтардың жасаған заттары (көзілдірік, бетперде, мұрынға жапсырғыш), біраз нәрсе азаптау құралдарын еске түсіреді: мысалы, тыныштықты бұзушының ауызы жабылады деген ниетпен иектен тартып тастауға арналған былғары белдіктер. Немесе қырынан жатуға мүмкіндік бермейтін құлаққа арналған майшамдар. Мұражай иесі әрі ұйқы зерттеуші Йозеф Александр Вирт бұл жәдігерлерді бірнеше жыл жинаған: бір затты интернет арқылы сатып алса, басқасын өз пациенттерінен сыйлыққа алған.
 
Берлинде көлікті тапсыруға болады, Бранденбург қақпасын,  Кафедралы  соборды, Берлин қабырғасын көруге және ұшаққа отырып үйге қайтуға болады. Бірақ нағыз саяхатшыл, әдеттегіден өзгеше орындарға құштар жандар үшін тағы да бір-екі жер бар. Банан мұражайын көру үшін өткел арқылы Зирксдорфқа және Форсттағы Жоғалған жерлер мұрағатына соғуға болады.
 

банан мұражайы

https://www.facebook.com/bananenmuseum/
Мекен - жайы: Prof.-Haas-Str. 59, 23730 Sierksdorf
Жұмыс кестесі: Қазір мұражай қалпына келтіріліп жатыр, оны назарда ұстап, Фейсбук парақшасындағы жаңаруларды қарай жүріңіз.
 
1991 жылдан бастап 120 шаршы метр алаңда бананды еске салатынның бәрі жиналған: банан формасындағы диван, фургон, тіс щеткасы, тропикалық жеміске арналған жылытқышы бар тыс… Бәрі Бернхард Штельмахердің (лақап аты Stelli Banana) жеке коллекциясынан басталды да, жергілікті әкімшіліктің қолдауымен мұражайда 10 000 жәдігер жиналды. Өкінішке орай, өткен жылы болған өрт экспозицияның бірталай бөлігін — мұражай қараушысының қырық жылдық еңбегін құртып кетті. Мұнда кіру тегін, сол себепті де мұражайды қалпына келтіруге демеу көрсету үшін арнайы қаражат жинау науқаны басталды.  

 
жоғалған жерлер мұрағаты

http://www.archiv-verschwundene-orte.de
Мекен - жайы: Horno / Rogow, An der Dorfaue 9 03149 Forst (Lusatia)
Жұмыс кестесі: Сейсебі-бейсенбі сағ. 10 - 17, әр айдың 1 және 3 демалысы сағ. 14 - 17

Лигнит © Photo by Mika Baumeister on Unsplash
25 000-нан артық адам лигниттің (тас көмір)  бай кен орнындағы үйлерін тастап көшуге мәжбүр болған. Бұл жүз жылдың ішінде 137 неміс ауылында болған жай. Қазіргі күні ол жерлердің бір бөлігі жасанды көлдердің астында қалып, бір бөлігі иесіз қалды да, бір бөлігі құрдымға кетті. Мұрағат негізін салушылар өз алдарына сол жерлердің болғаны туралы естелік қалдыруды мақсат еткен: мұнда сол жерде болған бұрынғы ауылдардың фотосуреттерін көріп, оларды интерактивті картадан табуға болады. 

Германияда «дәстүрлі» деген сипаттамадан тыс шамамен тағы екі жүздей мұражай бар екенін айтудың қажеті бар ма. Біздің тізіміміз сол қызықты желінің бір кішкене ғана бөлігі. Саяхатты неғұрлым ауқымдырақ ету не оны нағыз мұражай экспедициясына айналдыру – білуге құмарлық пен қаржыға байланысты.