Жылдам кіру:
Тікелей мазмұнға өту (Alt 1)Тікелей қосалқы навигацияға өту (Alt 3)Тікелей негізгі навигацияға өту (Alt 2)

Кеңестік модернизм
Алматының мұрасы. 2-бөлім

«Арман» кинотеатры (сәул. А. Коржемпо, И. Слонов, инж. В. Гарвардт, 1968)
«Арман» кинотеатры (сәул. А. Коржемпо, И. Слонов, инж. В. Гарвардт, 1968) | © E.Малиновскаяның жеке мурағатынан

Кеңестік модернизм дәуіріндегі Алматы қаласының сәулеттік мұрасының ұлттық сәулет мектебі мен  кеңестік сәулет өнерінің туындылары үшін ролі қандай болды? Ал әлемдік модернизм үшін маңызы қандай болды?

Елизавета Малиновская

 Модернизм сәулеті –
1960-жылдардан 1980-жылдарға қарай

Жергілікті сәулетшілердің күшін біріктіре білген  Н.И. Рипинскийдің еңбегін асыра бағалау мүмкін емес. 1960-жылдары Алматы сәулеті кеңестік сәулет өнеріндегі жетекші орындарға ие болды – ол үшін бүкілодақтық сайыстарда жеңіп шығу күнделікті нәрсеге айналды. Ұлттық сәулет мектебінің алғашқы көріністері «Қазақстан» қонақ үйі (сәул. Е. Дятлов, Ким-Досен, В. Ищенко, констр. Ю. Скринский, А. Тамбулиди, 1957) және «Алатау» кинотеатры (сәул. Е. Дятлов, С. Попова, инж. Ю. Скринский, 1958) болды – осыдан аз уақыт бұрын екеуі де жойылды. Жаңашыл құрылымдары образдық-жоспарлау шешімін анықтап берген жаңа ғимараттар пайда болды: «Сувенир» дүкені (сәул. Н. Рипинский, А. Косов, инж. Е. Ковлер, Л. Ширшова 1961); «Спутник» кинотеатры (сәул. Н. Рипинский, В. Гусев, 1960), ХШЖК павильоны (сәул. А. Соколов, В. Ширшов, Л. Фогель, Н. Кукушкин, 1963).
«Спутник» кинотеатры (сәул. Н. Рипинский, В. Гусев, 1960) «Спутник» кинотеатры (сәул. Н. Рипинский, В. Гусев, 1960) | © E.Малиновскаяның жеке мурағатынан «Қанағатсыздық» сәулетінің жақтаушылары пікірталастар мен баспасөз бетінде оларды «конструктивизмнің жаңғыруы», «скелет үйлер» деп аяусыз сынады, ол сынға Казгорстройпроект (сәул. А. Недовизин, В. Ищенко, Н. Рипинский, Ким-Досен; инж. В. Решетов, 1961) және Кеңестер үйі (сәул. А. Наумов, В. Михеев; инж. Л. Ширшова, Б. Ковлер, 1968) ғимараттары да ілікті. Кейін ондай шешімдер типологиялық тұрғыдан өздерін ақтап шықты (ЛКЖО ОК ғимараты, сәул. В. Алле, С. Космериди, 1979).
ЛКЖО ОК ғимараты (сәул. В.Алле, С. Космериди, 1979) ЛКЖО ОК ғимараты (сәул. В.Алле, С. Космериди, 1979) | © E.Малиновскаяның жеке мурағатынан Металл қаңқадағы шыны қабырғалардың ыстықтан да, суықтан да қорғай алмайтынына көз жеткен соң, ғимараттар қаптала бастады. Шығыста әдетке айналғандай, ғимараттың қасбетін «жабық», бірақ фактурамен жасауға болатын (Дом кино, сәул. А Соколов, 1975). Бұл контексте, сонымен қатар, образдылықты күшейту мәселесі де шешілді. Атап айтқанда, қасбетті функционалдық бөлшектермен сәндеп өңдеу: көптеген ғимараттардың балкон, лоджияларының пластикалық ырғағы, Баспа мәдениет үйінің күнқағар қабырғалары (сәул. С. Тен, Т. Ералиев, инж. И. Макаров, Н. Шныков, Н. Сенченко, 1977). Бұл әдіс, сонымен қатар, жергілікті мәдениетке, климатқа немқұайлы «халықаралық стиль» қалдықтарын ығыстырып шығару идеясына жауап болды. Ұлттық республиканың модернизм сәулеті өзіндік ерекшеліктерді іздеу мәселесінің сол замандағы шешіміне айналды.

Ұлттық мұрамен функционалдық-жоспарлық байланысты – тартылған садақ баламасын – авторлар алғаш рет «Алма-Ата» (сәул. И. Картаси, А. Косов, Н. Рипинский, В. Чиркин, 1967) және «Алатау» (сәул. И. Кушнарев, С. Темиргалиев, А. Петров, 1975) қонақ үйлерін кескіндеу арқылы тұспалдаған. Қасбетке де, интерьерге де салынған өрнекті тор - ұлттық элементтердің перифразасы (Спорт сарайы, сәул. В. Кацев, О. Наумова, констр. М. Кашарский, З. Волков, С. Матвеев, М. Плахотников, 1966).
Спорт сарайы (сәул. В. Кацев, О. Наумова, констр. В.Кашарский, З.Волков, С. Матвеев,М. Плахотников, 1966) Спорт сарайы (сәул. В. Кацев, О. Наумова, констр. В.Кашарский, З.Волков, С. Матвеев,М. Плахотников, 1966) | © E.Малиновскаяның жеке мурағатынан Көшпенділердің тұрағы киіз үй реминисценциясын да пайдалану туралы идея болған. Олардың неғұрлым үйлесімді қолданылған жері Неке сарайы (сәул. А Леппик, М. Мендикулов, 1971), Цирк (сәул. В. Кацев, И. Слонов, инж. С. Матвеев, М. Плахотников, 1970) немесе дөңгелек пішіннің ғимарат ішіне «жасырылған» жері. Достық Үйінің (сәул. Р. Сейдалин, Л. Тимченко, инж. А. Фурдуй, 1972) мәжіліс залында ақ былғары мен алтын түстес металлмен өңделген төбе және қабырға кессондары  киіз үйдің ағаш құрылымын (кереге), оның өрнекті әшекейін беру арқылы көшпенділер құрылысының баламасын тудырып тұр.

Ұлттық «формаларды» іздеудің артықшылығына қарағанда, уақыт өте келе, «әдістер» маңызды бола бастады, бұл - «иллюстативтік» әдіске көңіл толмауының белгісі. Климатқа бейімделу құралдары сәтті болып шықты: «Арман» кинотеатрындағы (сәул. А. Коржемпо, И. Слонов, инж. В. Гарвардт, 1968), Ә. Қастеев ат. Өнер мұражайындағы (сәул. Э. Кузнецова, О. Наумова, Б. Новиков, констр. М. Кашарский, 1975) солярий, террасса, ландшафт элементтері бар атриум (жасыл желек, су, тастар).
Неке сарайы Неке сарайы (сәул. А. Леппик, М. Мендикулова, инж. Н. Оразымбетов, 1971) | Е. Малиновскаяның жеке мурағатынан фото

 Алматы сәулетінің Кеңес сәулет өнерінің жоғарғы деңгейіне шығуының бірден-бір көрінісі функциясы жағынан жаңа ғимараттың, өзіндік ерекше құрылымдық негізі бар көпмақсатты залдың сәтті жобалануына байланысты, Республика сарайының құрылысы  (сәул. Н. Рипинский, Л. Ухоботов, В. Ким, Ю. Ратушный, инж. А. Соколов, Б. Делов, 1970; КССРО Мемлекеттік сыйлығы, 1971).

Сарай ғимараты шығармашылық көптақырыптылықты қамти отырып, барлық параметрлер бойынша «жаңалық» деген сапалық көрсеткішке ие болды: техникалық-құрылымдық, образдық-суреттеу  сипаттамасынының бірегейлігі, типологиялық стандарттарды меңгеру, формажасаудың функционалдық критерийі, ұлттық және басқа ұлттар дәстүрінің синтезі. Авторларды ең қызықтырғаны, негізі, функция емес, заманауи сәулеттің формалық-мазмұндық мүмкіндіктерін іздеу болды.

  • Республика (Ленин) сарайы (сәул. Н. Рипинский, Л. Ухоботов, В. Ким, Ю. Ратушный, инж. А. Соколов, Б. Делов, 1970; КССРО Мемлекеттік сыйлығы, 1971) © E.Малиновскаяның жеке мурағатынан

    Республика (Ленин) сарайы (сәул. Н. Рипинский, Л. Ухоботов, В. Ким, Ю. Ратушный, инж. А. Соколов, Б. Делов, 1970; КССРО Мемлекеттік сыйлығы, 1971)

  • Цирк (сәул. В. Кацев, И. Слонов, инж. С. Матвеев, М. Плахотников, 1970) © E.Малиновскаяның жеке мурағатынан

    Цирк (сәул. В. Кацев, И. Слонов, инж. С. Матвеев, М. Плахотников, 1970)

  • «Отырар» қонақ үйі (сәул. С. Коханович, М. Кабылбаев, констр. Б. Цигельман, 1979 © E.Малиновскаяның жеке мурағатынан

    «Отырар» қонақ үйі (сәул. С. Коханович, М. Кабылбаев, констр. Б. Цигельман, 1979)

  • «Алма-Ата» қонақ үйі (сәул. И. Картаси, А. Косов, Н. Рипинский, В. Чиркин, 1967) © E.Малиновскаяның жеке мурағатынан

    «Алма-Ата» қонақ үйі (сәул. И. Картаси, А. Косов, Н. Рипинский, В. Чиркин, 1967)


Жоба оның құрамдас бөліктерінің тұтас бір кешен ретінде алынған кеңістік пен композициялық-құрылымдық, формалық-мазмұндық және эмоционалдық, өткен мен қазіргі заманның визуалдық символдары образдық ассоциацияларының анықтаушы әсерімен әзірленді. Интерьердің қоршаған кеңістікпен (көшпенділердің үйін, олардың қабырғаларын тасымалдағанда) өзара әсері мен тұтасып кетуінің құрылымдық және образдық сипаттарына (туристік ғимарат-«киіз үйлердегідей») формалдық еліктеу емес, негізгі заңдылықтарына қол жеткізу деңгейінде баламалар жасалды. Бұл атадан қалған мұраны игерудің құралдық әдістерінің түбегейлі өзгергенін көрсетеді.

Алғаш рет қазіргі кезеңдегі образдық бейнелеуге, монументалдық-декоративтік өнерді пайдаланбай, таза сәулеттік әдістер мен құралдар арқылы қол жеткізілді. Сәулет элементтері таза функционалдық (төбенің тірегі, құламасы, баспалдақ шахтасы, балкондар, террассалар, пилон-күнкескіштер) міндет атқарудан басқа, ғимараттың тектоникасын, қабырғаларын пластикалық және ырғақты дайындауда, олардың «тақырыбын» шешуде – толық бір ассоциациялар спектрін анықтауда да аз рөл атқарған жоқ. Оқушылар сарайы (сәул. В. Ким, А. Зуев, Т. Абильдаев, констр. Ю. Локтев, Н. Верная, Н. Средников, 1979–1983) Оқушылар сарайы (сәул. В. Ким, А. Зуев, Т. Абильдаев, констр. Ю. Локтев, Н. Верная, Н. Средников, 1979–1983) | © E.Малиновскаяның жеке мурағатынан Мүмкіндік, ең бастысы, ғимараттардың құрылымдық және визуалдық әсерлілігіне деген қажеттілік пайда болды, мұнда «образ» және «функция» ұғымдарының арасында бірін-бірі жоққа шығару да, бір-біріне ұқсап кету де жоқ. Ауырлық күші образдық-формалық сипатты белсене жасау жағына, яғни (тағы да 1940-жылдардан кейін), мұраның эстетикалық параметрлерін игеруге деген қызығушылықтың артуына ауысты. Бұл, бәрінен бұрын, функционалдық-құрылымдық және көркемдік-бейнелеу сипаттарының қосылуынан туындаған тектонизм: жарық түсетін тесіктер мен детальдардың күрделі ырғағы мен ассимметриясы, беттердің бояумен және фактуралық өңделуі.
Ғимараттың соңғы бөлігіне бояулық және пластикалық аккордты енгізгенде, фон элементтерінің бір қалыпта ұсталуы, аз ғана құралдар мен әдістердің пайдаланылуы – барлығы аймақтың дәстүрлі сәулетінің ерекшелігін көрсетеді. Республика сарайы, модернизм сәулеті бойынша халықаралық баспа өнімдерінде жарияланған мәдени мұра нысаны, аямай жүрізілген қалпына келтіруден кейін, жойылып кетті десе де болғандай.
Ә. Қастеев ат. өнер мұражайы (сәул. Э. Кузнецова, О.Наумова, Б. Новиков, констр. М. Кашарский, 1975) Ә. Қастеев ат. өнер мұражайы (сәул. Э. Кузнецова, О.Наумова, Б. Новиков, констр. М. Кашарский, 1975) | © E.Малиновскаяның жеке мурағатынан 3-бөлім – 1980-1990 жылдар аралығы