Жылдам кіру:
Тікелей мазмұнға өту (Alt 1)Тікелей қосалқы навигацияға өту (Alt 3)Тікелей негізгі навигацияға өту (Alt 2)

Кеңестік модернизм
Алматының мұрасы. 3-бөлім

Партағарту ғимараты (сәул. Ю. Ратушный, Т. Ералиев, О. Балыкбаев, 1977-1981)
Партағарту ғимараты (сәул. Ю. Ратушный, Т. Ералиев, О. Балыкбаев, 1977-1981) | © E.Малиновскаяның жеке мурағатынан

Кеңестік модернизм дәуіріндегі Алматы қаласының сәулеттік мұрасының ұлттық сәулет мектебі мен  кеңестік сәулет өнерінің туындылары үшін ролі қандай болды? Ал әлемдік модернизм үшін маңызы қандай болды?

Елизавета Малиновская

Алматы сәулеті -
1980-жылдардан 1990-жылдарға таяу уақытқа дейін

Республика сарайын жобалап-салу жеке-дара образдық сипатқа ие құрылыс нысандары дәуірінің басталуының белгісі болды. Кәсіби сана, жалаңаш функционализмнің, жалаң әдіс ретінде, жойқындығын түсініп, сәулетке кәсіби және стильдік еркіндікті қайтаруға ұмтылды. Заман ұраны - «құрылыс салу емес – жарату, жасау». Әр нысанның өзіне тән форма тілі барлық жерде пайда болды, мысалы, қонақ үй ғимараттарында: фольклорлық («Отырар», сәул. С. Коханович, М. Кабылбаева, инж. Б. Цигельман, 1981), постмодернисттік элементтер негізінде («Қазақстан», сәул. Л. Ухоботов, Ю. Ратушный, А. Анчугов, В. Каштанов, инж. ‑ Н. Матвиец, Т. Жунусов, А. Деев, 1978; «Достық»,сәул. Ю. Ратушный, Т. Ералиев, Д. Досмагамбетов, В.Захаров, 1983). Аймақтық сәулеттің метафораларын қайта жандандыруды Тарихи мұражай (сәул. Ю. Ратушный, З. Мустафина, П. Рзгалиев, 1978–1985) авторлары қолға алды. Бұл таңдау, әрине, негізсіз емес, мұражай қазақ мәдениетімен байланысты ғой. Құрылыстың (қорған ғимараты баламасы) ғана емес оның интерьерінің де көлемдік-жоспарлық сипаты ұлттық дәстүр белгілерінің белгілі бір кешенін көрсетеді.
КИМЭП ғимараты (сәул. Б. Воронин, констр. Н. Никонова, Г. Белоусова, Э. Озолина, 1978) КИМЭП ғимараты (сәул. Б. Воронин, констр. Н. Никонова, Г. Белоусова, Э. Озолина, 1978) | © E.Малиновскаяның жеке мурағатынан Осындай ашық «туристік» нысандардың ретроспективті демаршын ХХ-ғасыр сәулеттік мұрасының қыр-сыры мен ерекшеліктерін көрсететін өте заманауи құрылыстардан бөліп алу мүмкін емес. Конструктивизм стилистикасын КИМЭП (сәул. Б. Воронин, констр. Н. Никонова, Г. Белоусова, Э. Озолина, 1978) авторлары қайта жаңғыртты. Орыс авангарды сәулетінің формалды әдістері Партағарту үйінің (сәул. Ю. Ратушный, Т. Ералиев, О. Балыкбаев, 1977–1981) зал негізінің функционалдық құрылымын анықтайтын кіреберістің бруталды элементтерінде көрініс тапқан. Табылған символдық көлемдік-жоспарлық шешім (галактика спиралі), әлемдік сәулеттегі белгілі үрдіс, 1920-жылдардан бастап классика әдістерімен (курдонёр, қасбет бөлшектері, күмбез) үйлестіріле бастады, Оқушылар сарайы (сәул. В. Ким, А. Зуев, Т. Абильдаев, констр. Ю. Локтев, Н. Верная, Н. Средников, 1979–1983).

Аймақтық және классикалық еуропалық сәулет мұрасына деген қызығушылықты М. Әуезов атындағы Қазақ драма театрынан (сәул. О. Баймурзаев, А. Кайнарбаев, М. Жаксылыков, инж. А. Брохович, М. Плахотков, 1980) көруге болады. Ұлттың баға жетпес байлығы боп саналатын аруақты жер Айша-Бибі ескерткішінің өрнекті сары балшығын еске түсіретін жалпақ және көлемді әшекей дизайнерлік өңдеу, барлық өрнек құрылымын анықтап беріп тұрған модульдік тор, негізінде орындалған. Модульдің түрленуі аз ғана бастапқы элементтер негізінде әшекейдің көп түрін жасауға мүмкіндік береді. Бұл жерде әдістердің «ауыстырып қондырылғаны» емес, олардың белсенді игеріліп, заманның көркемдік құбылыстарының құрылымында өңделгені анық.
«Арасан» моншасы (сәул. В. Хан, М. Оспанов, констр. В. Чечелов, К. Тулебаев, 1983) «Арасан» моншасы (сәул. В. Хан, М. Оспанов, констр. В. Чечелов, К. Тулебаев, 1983) | © E.Малиновскаяның жеке мурағатынан «Арасан» моншасы (сәул. В. Хан, М. Оспанов, констр. В. Чечелов, К. Тулебаев, 1983) ұлттық-аймақтық және әлемдік мәдени үлгілердің кешенін, бәрінен бұрын, функционалдық сипатына қарай ашып көрсетеді: шығыс моншалары мен Рим термаларының тәжірибесі (күмбез, қыздыру және жылу тарату қағидалары) фин және орыс дәстүрлерімен синтезде. Техникалық параметрлері күрделі, барлық құрамдас бөліктері бірегей өте заманауи ғимарат, қарапайым типологияны нысанды функционалдық тұрғыдан жетілдіру мақсатында қайта қарастырудың мысалы – емдеу-сауықтыру кешені. Ол, ғажап образдық шешім сияқты, ғимаратқа, моральдық тұрғыдан ескірудің бір де бір белгісінсіз, қаланың әлеуметтік-мәдени контекстінде сондай маңызды орын алуға мүмкіндік берді. 

Алматының жоба-құрылыс тәжірибесі мәдени «қиындылардың» алуан түрін, олардың «симбиозын» көрсетеді. Ал бұл стильдік үрдістердің күрделілігі мен әртүрлілігін, 1980‑1990‑жылдар сәулеті бастау алатын үлгілердің көптігін көрстеді. Посткеңестік әлеуметтік-мәдени шындықта жойылып кету қаупі төніп тұрған модернизм мұрасы 1950-жылдардың ортасынан КССРО құлағанға дейінгі кезеңде салынған қала құрылыстары мен кешендерін тіркеу, зерттеу жұмыстарының маңызды және қажет екенін көрсетеді. Алматы сәулеті кеңес модернизмі дәуірі жетекшілерінің бірі ретінде, өз мұрасын сақтап қалу мәселесін көкейтесті ете отырып, сол кезеңдегі сәулет тәжірибесін оқып-зерттеу процесінде ерекше орын алады.