КИНО ӨНДІРІСІ
ФИЛЬМ САХНАСЫ СЫРТЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР

 «Будденброктар» фильмінен көрініс: Көп еңбекті қажет ететін тарихи костюмдердің авторы - фильм саласында 50 жылдан бері суретші-костюмер болып келе жатқан Барбара Баум.
«Будденброктар» фильмінен көрініс: Көп еңбекті қажет ететін тарихи костюмдердің авторы - фильм саласында 50 жылдан бері суретші-костюмер болып келе жатқан Барбара Баум. | Фото (кесінді): © picture alliance/Bavaria Film International/Everett Collection

Неміс актрисалары жұртшылық назарында тұрғанда, камера сыртындағы әйелдерді мүлдем ешкім танымайды да. Тым әділетсіз. Неміс фильм сахнасынан жұрт білуге тиіс он адаммен таныстырамыз.

 
КАролина ЛИНК, РЕЖИССЕР

Оның Тыныштықтың ар жағында (Jenseits der Stille) кинодебютінің өзі 1998 жылы Оскарға ұсынылған. Бес жылдан кейін Каролина Линк Африкада ешқайда (Nirgendwo in Afrika) шет тіліндегі ең үздік фильмі үшін Оскарды алды. 2018 жылы комик Һапе Керкелиңнің өмірбаяны негізінде түсірілген Балаға таза ауа қажет (Der Junge muss an die frische Luft) фильмі де режиссердің үлкен бір жетістігіне айналды. Юдит Керрдің романы бойынша түсірілген соңғы Һитлер қызғылт көжекті ұрлағанда (Als Hitler das rosa Kaninchen stahl) фильмі 2019 жылы шықты.

АНЕТТЕ ҺЕСС, КИНОДРАМАТУРГ

Чекпойнт Чарли (Checkpoint Charlie), Вайсензее (Weißensee) не  Кудамм тізбегіндегі (Ku‘damm-Reihe) әйел: Анетте Һесс Германия тарихы жайлы телефильмдер мен сериалдар үшін сценарий жазады. Кинодраматург Берлинде сценарий жазуды оқыды, оның диплом жұмысының өзі үлкен жеістікке ие болды: Оны Ахим фон Боррис өзінің Ойдағы махабаттан не пайда (Was nützt die Liebe in Gedanken) кинофильмі сценарийіне негіз етіп алды. Қазіргі таңда Һесс Германияның әйелдер арасындағы ең мықты кинодраматургі. 2021 жылы Біз, Зоо бекетінің балалары (Wir Kinder vom Bahnhof Zoo) Амазон сериалы өз тұсаукесерін тойламақ, Һесс оның да сценарийін жазған, алғаш рет командамен, бас автор ретінде.
 

ТЕА ФОН ҺАРБОУ, КИНОДРАМАТУРГ

Неміс кино тарихының басынан-ақ бір кинодраматург әйел ерекше орынға ие болған еді: Теа фон Һарбоу 1920 жылдары көрнекті дыбыссыз фильмдерге сценарий жазып, белгілі режиссерлермен, оның ішінде Фридрих Вильһельм Мурнаумен бірге жұмыс істеді. Өзінің зайыбы - режиссер Фриц Лаңмен бірге ол  Метрополис немесе M (Metropolis oder M) сияқты фильмдерге сценарий жазған. Негізі Һарбоудың жеке басы туралы қайшы пікірлер жоқ емес. 1933 жылы айдалып кеткен Фриц Лаңға қарағанда, ол өз мансабын нацизм кезінде де жалғастырып, ҰСДЖП мүшесі болған.
 

РЕГИНА ЦИГЛЕР, ПРОДЮСЕР 

1973 жылы 29 жасар Регина Циглер өзінің кино түсіретін фирмасын құрды. Ол сол саладағы алғашқы әйелдердің бірі еді. Оның алғашқы фильмі Мен өлімін деп ойладым (Ich dachte, ich wäre tot) деп аталған, ол фильм кейін Циглердің күйеуі болған Вольф Греммнің алғашқы сценарийі және режиссерлік жұмысы еді, фильм Неміс киноакадемиясының сыйлығын жеңіп алған. 50 жылға жуық арада шамамен 500-дей кинофильм және телефильм түсірген Циглер кейін Германияның ең табысты продюсері деп саналды. Циглер көңіл аулайтын фильмдермен қатар күрделі жұмыстарға да продюсерлік етті, соңғы жұмыстары, мысалы, Филипп Штөлцлдің  Мен Нью-Йоркте болған жоқпын (Ich war noch niemals in New York) не  Фолькер Шлөндорффтың Монтокқа оралу (Rückkehr nach Montauk) фильмдері.

 
САЙМОН БАР, КАСТИНГ ДИРЕКТОРЫ 

Вольфгаң Беккердің Good Bye, Lenin! фильмі көп сыйлық алып қана қойған жоқ, ол Даниэль Брюльдің актер ретінде әлемге аты шығуына да жол ашты. Бұл үшін ол 1990 жылдардың ортасынан бері фильмдерге жақсы актерлерді сәтті таңдап беріп келе жатқан Саймон Барға да рахмет айтуы тиіс. Бұл кастинг директоры Кристоф Вальцті де әйгілі етті десе де болады. Флориан Һенкель фон Доннерсмарктың Оскар сыйлығын алған Басқалардың өмірі (Das Leben der Anderen) фильмінің актрелар құрамын таңдаған да осы Бар болатын.
 

ЮДИТ КАУФМАН, ҚОЮШЫ-ОПЕРАТОР 

Юдит Кауфман 30 жылдан бері қоюшы-оператор. Неміс киноакадемиясының сыйлығына бірнеше рет ұсынылып,Үздік операторлық жұмыс номинациясы бойынша марапатталды. Қазылар алқасының берген негіздемесі мынадай болды: «Диалогтар аяқталғанда, оның суреттері басталады.» Оның соңғы жұмыстарын Шерри Һорманның Тек бір әйел  (Nur eine Frau) және Ина Вайссенің Прелюдиясынан (Das Vorspiel) көруге болады. Кауфманн 2006 жылдан бері Оскар Академиясының мүшесі, өзі бірақ Голливуд киностудияларынан келіп түскен ұсыныстардың барлығынан бас тартуда.
 

МОНИКА ШИНДЛЕР, КИНОМОНТАЖЕР 

Cutterin, кесуші, деген сөзді Моника Шиндлер онша жақтырмайды, одан гөрі өзін киноредактор деп атағанды ұнатады. 2017 жылы ол өз шығармашылығы үшін жалпы бірінші әйел киномонтажер ретінде Неміс киноакадемиясының сыйлығына ие болды, осы уақытқа  дейін 100-ден артық фильм жасауға қатысқан. Өзінің шығармашылық жолын мамандығы монтажер деп аталған ГДР-да Егон Гүнтердің Сен өскен  кезде, сүйікті Адам (Wenn du groß bist, lieber Adam) фильмімен бастаған болатын, фильмге бірақ тыйым салынды. Қайта құруға дейін ол ГДР кәсіпорыны Deutsche Film AG (Defa)-да қызмет етті, одан әрі режиссерлер Андреас Дрезен мен Штефан Лаканттың фильмдерімен табысты еңбегін жалғастыра берді.
 

СИЛКЕ БУР, ҚОЮШЫ-СУРЕТШІ 

Ол кәріптас бөлмені қалпына келтіріп, теңізге үй салған: Сильке Бур Германияның ең мықты қоюшы-суретшісі. Ұстаның оқуын аяқтаған соң, ол университетте интерьер дизайны мен сценографияны оқып, қазір Флориан Һенкел фон Доннерсмарк және Крис Краус сияқты режиссерлермен жұмыс істейді. Жұмыстары үшін бірнеше рет марапатталды. 2020 жылы Бурһан Курбанидің  Берлин Александерплац (Berlin Alexanderplatz) фильмі үшін Неміс киноакадемиясының сыйлығына ие болды.
 
„Poll“ фильмі үшін ол теңізге үй салды: Қоюшы-суретші Силке Бур өз жұмысы үшін бірнеше рет марапатталды.  „Poll“ фильмі үшін ол теңізге үй салды: Қоюшы-суретші Силке Бур өз жұмысы үшін бірнеше рет марапатталды. | Фото (кесінді): © Filmstill von „Poll“

БАРБАРА БАУМ, СУРЕТШІ-КОСТЮМЕР 

Кино тарихынан сыр шертетін материалдар: Барбара Баум, Германияның әйгілі суретші-костюмерлерінің бірі, 50 жылға жуық фильмдерге арнап костюм сызбаларын дайындап келеді. Фонтаненің Эффи Брист (Fontane Effie Briest), Мария Браунның некесі (Die Ehe der Maria Braun) не Лили Марленді (Lili Marleen) түсіру үшін ол Райнер Вернер Фасбиндермен бірге жұмыс істеген. Һайнрих Брелоердің Будденброктар (Buddenbrooks) фильмі сияқты тарихи фильмдерді жасауға қатысты. Оның жұмыстарын тек неміс кино өндірісі өнімдерінен ғана көрмейсіз, ол Мерил Стрип сияқты әлемдік жұлдыздардың да костюмдерін жобалаған.  
 

АНЕТТ ФОКС, ФИЛЬМ САЗГЕРІ 

Анетт Фокс бала кезінен бірнеше аспапта ойнап, алғашқы шығармаларын жаза бастаған. Бір фильм тусіруші студенттің диплом жұмысының музыкасын жазған кезде, ол фильм сазгері болуға бел байлайды. Сазгер ретінде Фокс Билле Аугусттың Лиссабонға баратын түнгі поезд (Nachtzug nach Lissabon) кинофильмі не Маркус Имбоденнің Мәңгілікке және бір күнге (Auf ewig und einen Tag) телефильмі сияқты көптеген ұлттық және халықаралық фильмдерді жасауға қатысқан. Фридманн Фроммның Бассейннің жігіттері (Die Freibadclique) фильмінің музыкасы үшін Неміс киноакадемиясының сыйлығына ие болған.