Жылдам кіру:

Тікелей мазмұнға өту (Alt 1) Тікелей негізгі навигацияға өту (Alt 2)
Баннер "Салем, Гете!" © Goethe-Institut Kasachstan

Подкаст "Сәлем, Гёте!"

Театр режиссеры, актриса / Вероника Насальскаямен сұқпат

Театр режиссеры және актриса,  Алматыдағы «БАТА» театрының жетекшісі, Вероника Насальская бір кездері Қазақстандағы ARTiSHOCK атты тұңғыш тәуелсіз театрдың құрылуының бастауында тұрды, бірнеше жыл бұрын өзінің жеке театрын құру туралы шешім қабылдады. Подкастта Вероника Қазақстан мен Германиядағы заманауи театр сахнасы жайлы, театр режиссерінің қажырлы еңбегі мен оның өміріндегі театрдың рөлі туралы әңгімелейді. Подакастты орыс тілінде жүргізген журналист Татьяна Шишкина. 

"Сәлем, Гёте!“

"Сәлем, Гёте!" атты подкастта Германия мен Қазақстанның ақпарат, мәдениет және білім беру саласындағы маңызды тұлғалармен әңгімелесіп,олардың Қазақстан мен Орталық Азиядағы Гёте-Институты филиалының жұмысы жайлы ойлары таныстырылады. Осы платформада кездесетін кейіпкерлердің барлығына ортақ нәрсе – олардың Германия мен Қазақстан арасындағы мәдени байланысты дамытуға үлес қосуы және Гёте-Институтымен ынтымақтастығы.
Бізбен бірге Орталық Азияның түрлі-түсті мәдени ландшафты арқылы өтетін қызықты саяхатқа қосылыңыз! Екі апта сайын қазақ, орыс жіне неміс тілінде  жаңа подкаст жарияланады. Подкасттарға сілтеме веб-парақшамыз бен әлеуметтік желілерде (Facebook, Instagram) көрсетілген. 


Алдыңғы подкасттар

Кітапханашы / Ольга Леоновамен сұқпат

Кітапханашы / Ольга Леоновамен сұқпат

Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының қызметкері әрі неміс оқу залының үйлестірушісі Ольга Леонова осы подкастта өз жұмысы жайлы, кітап оқу мәдениетін қалай қалыптастыру және заманауи кітапхананың неліктен сүйікті кітабыңызды жалға алатын орын ғана емес екендігі жайлы әңгімелейді. Неміс тіліндегі подкастты жүргізген Қазақстандағы Гёте-Институттың тіл бөлімі меңгерушісі Марек Григлевич.

Режиссер, актриса Наташа Дубспен сұқпат

Режиссер, актриса Наташа Дубспен сұқпат

Сіз театр өнерін жақсы көресіз бе? Ендеше,  Мемлекеттік республикалық академиялық неміс драма театрының режиссері, актриса және көркемдік жетекшісі Наташа Дубстың сұқпатын тыңдауға шақырамыз. Подкастта Наташа өзінің театрда қызмет істеуіне не қызықтырғаны жайлы, өзінің алғашқы рөлдері мен режиссерлік жұмысы жөнінде және театр актерлерінің неміс тілін қалай үйренетіні туралы әңгімелейді. Орыс тіліндегі сұқпатты Татьяна Шишкина жүргізеді. 

Суретші, фотограф Андреас Лангпен сұқпат

Суретші, фотограф Андреас Лангпен сұқпат

Берлиндік суретші және фотограф Андреас Ланг өзінің «ReVisitingOrientalism» атты көрмесіне дайындық барысында 2021 жылы Қазақстан мен Өзбекстандағы шығыстану іздерін зерттеді. Подкастта Андреас өзінің фото және бейне инсталляцияларында саяси және әлеуметтік коннотацияларға толы заманауи пейзаждары бар танымал суретшілер мен тарихи шығыстану картиналарын қалай салыстыратыны жайлы әңгімелейді. 
Қазақстандағы Гёте-Институттың тіл бөлімі меңгерушісі Марек Григлевичпен бірге неміс тіліндегі подкасттың алтыншы бөлімін тыңдаңыз.
 

Режиссер, сценарист Әсия Байғожинамен сұқпат

Режиссер, сценарист Әсия Байғожинамен сұқпат

Бесінші подкаст қонағы - белгілі қазақстандық режиссер және сценарист, сондай-ақ, Гёте-Институтының тұрақты әріптесі Әсия Байғожина ханым. Подкастта Әсия Қазақстан мен Орталық Азиядағы киноиндустрияның жағдайы жайында, өзінің бұл кәсіпке қалай келгені туралы да айтып, бізбен шығармашылық жоспарымен бөліседі. Орыс тіліндегі сұқпатты журналист, Татьяна Шишкина жүргізеді.

Журналист, блогер Наталья Райммен сұқпат

Журналист әрі блогер Наталья Раиммен сұқпат

Бұл подкастта назарларыңызға Наталья Раиммен болған сұқпатымызды ұсынамыз. Ол- журналист және блогер ретінде ғана емес, сонымен қатар, бос уақытында неміс тілін үйреніп, балаларға арналған ертегі жазуымен де танымал. Подкастта Наталья неміс тілін үйренуге қатысты кеңестерімен бөліседі, оны ертегі жазуға не шабыттандыратынымен бөлісіп, әрі өз ертегілерінен үзінді оқиды. Журналист Татьяна Шишкина сұқпатты орыс тілінде жүргізді.

Әдеби аудармашы Рауза Мұсабаевамен сұқпат

Әдеби аудармашы Рауза Мұсабаевамен сұқпат

Бүгінгі сұқпат қонағы – павлодарлық әдеби аудармашы Рауза Мұсабаева. Рауза Гёте-Институтының көптеген аударма жобаларына қатысты. Аударма еңбегінің нәтижесі ретінде қазақ авторларының көптеген шығармалар жинағы неміс тілінде жарық көрді. Қазақ тіліндегі подкастты Қазақстандағы Гёте-Институтының кітапханашысы Салтанат Аширова жүргізді. Рауза әңгіме барысында аударманың қиындығы мен неміс әдебиетіне деген сүйіспеншілігі туралы әңгімелейді.

Factcheck.kz жобасының жетекшісі Әділ Жалиловпен сұқпат

Factcheck.kz жобасының жетекшісі Әділ Жалиловпен сұқпат


Алғашқы кейіпкеріміз Әділ Жалилов – журналист, БАҚ сарапшысы, кеңесші, тренер, Factcheck.kz жобасының жетекшісі. Біраз уақыт бұрын Әділ Алматыдағы Гёте-Институтының неміс тілі курсын бітіріп, кейін коммуникация саласындағы білімін жалғастыру үшін Германияға аттанды. Подкастта Әділ өз өмірі мен мансабының қалай қалыптасқаны жайлы айтып береді. Журналист Татьяна Шишкина сұқпатты орыс тілінде жүргізді.
 

Баспагерлер Раиса Сайран Қадер ханым мен Алаубек Авдил мырзамен сұқпат

Баспагерлер Раиса Сайран Қадер ханым мен Алаубек Авдил мырзамен сұқпат

Бұл жолғы подкаст-эфирінің қонақтары - Раиса Сайран Қадер мен Алаубек Авдил. Баспагерлер (Steppe & WORLD Publishing) мен әдеби агенттер («Алғаят») дүние жүзінде, әсіресе Германияда басылып шыққан әдебиетті қазақ тіліне аударуға машықтанған. Подкастта олар өз баспасынан шығатын кітаптар жайлы әңгімелеп, қазақ авторларының шетелде неліктен танымал еместігі туралы өз ойларымен бөліседі.
Сұқпатты Қазақстандағы Гёте-Институт директоры Фридерике ван Степхаудт неміс тілінде жүргізді.