Астанадағы Эко мектеп: болмайтын іс болмайды!

Қатысушылардың жалпы суреті
Foto: ©Sergej Astrelin

Амина - ананас, Мухит - мандарин, Диас – дрофа. Міне танысу түрі шамамен осылай өткен еді, бұл Қазақстан Гёте-Институты мен АСБК (Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы) ұйымдастырған «Қала бұрыштары» жобасының аясындағы Астанада INFOLAB@  өткен Эко мектеп қатысушылары болды.

Қатысушылар -  Сиқырлы Энергия Өзенінің Қарауылдары және  АСБК экологиялық клубтардың мүшелері болды, ал олардың көпшілігі – Астана жоғарғы оқу орындарының студенттері мен оқытушылары.  Эко мектеп жұмысының алғашқы күні АСБК-ның қоғаммен байланыс жөніндегі қызметкері  Мұхит Сүттітбаев балаларға өз ұйымы қызметінің негізгі бағыттары жайлы, флора мен  фаунаны бақылаудың тәсілдері туралы ақпараттар берді, бақылауы өте қиынға түсетін құстар мен аңдарға арналған фотоқақпандардың түрі жайлы, киіктерге арналған спутниктік қарғылар туралы әңгімеледі, қызықты экологиялық ойындар ойнауды үйретті, әлемдегі ең танымал экологиялық акцияларды таныстырды және балаларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.  
 Мұхит Сүттібаев, АСБК-ның қоғаммен байланыс жөніндегі қызметкері Foto: © Sergej Astrelin Сонымен бірге қатысушылар Қазақстан  Гёте-Институты туралы және  осы жылғы 30 тамызда соңғы кезеңі мәресіне жететін «Қала бұрыштары» атты мобильді қосымша туралы ақпараттар алды. Бұл қосымша табиғатты қорғау тақырыбымен тығыз байланысты және оқушылар  мен жастардың экологиялық мәдениетін дамытуға бағытталған. Жобаны ұйымдастырушылар жиналғандардың назарын мынаған аударды: бұл ойынды кез-келген адам өзінің мобильді  құрылғыларына жүктей алады және осы кезде жеңіске де жете алады, онда оның бұрынғы кезеңдерде ойнамағаны маңызды болмайды.   Ең маңыздысы- 30.08.2018 ж. дейін барлық бекеттерге барып, тапсырманы орындау керек.
Пікір-сайыс кезінде Foto: © Sergej Astrelin Ал екінші күні Эко мектепке қатысушылар экологиялық акцияларды дайындап өткізуді үйренді. Бұқаралық іс-шара өткізуге мынадай үш критерий қажет екені анықталды: іс-әрекеттің заңдылығы, БАҚ жариялануы және жергілікті мемлекеттік органдармен ынтымақтастық. Осыған орай балалар Мұхиттан мынадай тапсырма алды: Астана қаласы үшін экологиялық өміршең акция дайындау.  Эко мектепке қатысушылар Foto: ©Sergej Astrelin Дайындық нәтижесінде үш жоба дүниеге келді: «Велокүн», «Автомобильсіз бір күн» және  «Кел әлемді тазартайық!».  Осы акцияларды дайындау барысында Эко мектепке қатысушылар табиғатты қорғау ұйымдарымен, жастар одағымен, мемлекеттік органдармен, бизнеспен  т.б  бірлесе жұмыс жасауды үйренді.  Екі күнгі Эко мектептің қорытындысы: қатысушылар болмайтын іс жоқ екенін білді,  ал экологиялық мәселелерге қалың бұқараның назарын аудару үшін бірлесе әрекет етуді бастау керек. Осы акциялардың біреуі осы жылғы күзде Қазақстан Гёте-Институтының қолдауымен жүзеге асырылатын болады.