Қоршаған орта Тараздағы пластик, қош бол!

Тараз, 01.03.2019
©LukasNetter

 2019 ж. 1- наурызда Қазақстанның оңтүстігіндегі Тараз қаласында экологиялы қолдорба  жасауға арналған семинар болып өтті. Көптеген қатысушылар Жамбыл облыстық этникалық немістер  қоғамының ғимаратында өздерінің ерекше шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, бірлесе отырып, тасбақаны бейнелейтін коллаж дайындап шығарды. Басқа да көптеген жануарлар сияқты тасбақалар да қоршаған ортаға пластик арқылы зиян келтірудің құрбаны болып табылады, өйткені олар қорытылмайтын пластик өнімдерімен қоректенеді де, мерт болады. 
Тараздағы семинарға қатысушылар өздерінің ерекше коллажы арқылы пластик дорбалардың қаупіне назар аудара  отырып,  плаастикке   балама - матадан  жасалған қолдорбаны пайдалануды қолдауға  шақырды. Қолдорбалардағы ойдан шығарылған шумақтар мен тамаша суреттер   тараздықтардың жанына экологиялық  семинар тақырыбының өте жақын келгенін көрсетті.  Керемет, жарайсыңдар! Біз енді осы қолдорбалардың Тараз қаласында қолданысқа енгенін көрсететін суреттерді асыға күтудеміз!