Жастар
„Europa leben- Wandel gestalten!“

„Europa leben- Wandel gestalten!“
Foto: ©DanielSeiffert

Румынияда 2019 жылдың 30 шілдесі мен 11 тамызы аралығында өткізілетін Оңтүстік-Шығыс, Орталық және Шығыс Еуропадағы неміс азшылығының жасөспірімдеріне арналған жазғы лагерь

Румыниядағы Гете-Институт (GI) және Халықаралық қатынастар институты (ifa) Румыниядағы неміс жастары ұйымдарының жұмыс қауымдастығымен (ADJ) және неміс форумымен (DFDR) бірлесе отырып, 2019 жылы неміс азшылығының жастарына арналған неміс тіліндегі алтыншы халықаралық жазғы лагерьді ұйымдастырады.
Жастар лагері Casa Jakab Antal отелінде 30.07.2019 (келу күні) бастап 11.08.2019 (кері қайту күні) дейін өткізіледі.
 
Жазғы лагерьдің мақсаты:
- Неміс тілін қолдау
- Медиасауаттылыққа жәрдемдесу
- біртұтас Еуропаның тақырыптары мен құндылықтарын, оның ішінде демократиялық қатынасуды, сөз еркіндігін, әлеуметтік белсенділікті, қоғамдық өмірге азаматтық қатынасуды, БАҚ ролін, популизмді, көші-қонды, сан алуандықты талқылау
- Жеке тұлғалылық пен тарих сұрақтарын талқылау
- Әлеуметтік дағдыларды дамытуға жәрдемдесу
 
Жалпы неміс азшылығынан 14-17 жас аралығындағы 80 жуық жасөспірім шақырылады. 
Қатысу шарттары
Формуляр