Қалалану Қаланы өзгерте отырып, өзіміз өзгереміз

Нұр-Сұлтан (Астана)
Фото: ©ИринаХеч

Қалалану деген не? Бұл – қала кеңістігін дамыту, қоғам дамуындағы қаланың рөлін арттыру мәселелерін қозғайтын үдеріс.

Біздің елде бұл тақырыпты Urban Forum Kazakhstan (UFK) қалалық ортаны өзгерте отырып, қазақстандықтардың қалада өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауды қалайтын жас энтузиастер тобы белсенді зерттеу үстінде. Осы мақсатта UFK тобы бизнес, билік өкілдері мен қаланың белсенді тұрғындары қаланың көкейтесті мәселелері мен оларды шешу жолдарын талдау үшін жиналатын диалог алаңын құрды.

Қазақстан Гете-Институтының UFK-мен тығыз ынтымақтастық қызметі, UFK өз қызметін бастағалы, жалғасып келеді десе де болады. Былтыр UFK тобы Нұр-Сұлтан қаласының қала дамуына мүдделі белсенді тұрғындары мен жаңа құрыла бастаған қала зерттеушілер қоғамы үшін кездесулер өткізсек деген ойға келді.

Алғашқы кездесу 7 наурыз 2019 ж. Digital INFOLAB@-та Қазақстанның қалалану тарихын зерттеуші Дэнис Кинмен болды. Дэнис, Алматының көрнекті сәулет туындылары мен жұртшылыққа көп таныс емес жерлерін сырттан келген туристтердің ғана емес, кейде тіпті жергілікті тұрғындардың да назарына ұсыну үшін, өзінің Алматы қаласы бойынша Walking Almaty жаяу серуендеу қызметін құрғанымен белгілі. Кездесуде Кеңес дәуірінің мурал, мозаика, барельеф, витраж т.с.с. монументалды шығармаларымен танысуға не олар туралы бар білімімізді тереңдетуге мүмкіндік берді.

24 мамыр 2019 ж. Гёте-Институт пен UFK ынтымақтастық қызметінің аясында Лозанна Университетінен (Швейцария) келген Давид Гогишвилидің „Қала дамуындағы мега-ивенттер: кеше және бүгін“ атты дәрісі өтті. Давид мега-ивенттер туралы, оларға неге сонша мән берілетіні, олардың типтері мен заманауи қалаға әсері жайлы әңгімеледі.

Жақын арада „180 Sekunden Stadt” атты қысқаметражды роликтерді көрсету жоспарланып отыр. Бұл жоба 2014 жылы Гёте-Институт веб-редакторлары мен Неміс журналистер мектебі (DJS)  түлектерінің кездесуі барысында пайда болды. Ұзақтығы бар-жоғы 180 секунд болатын видео көрерменді әлем астаналары мен мегаполистер тұрғындарының әдеттегі ақпарат кітапшалардан не автобуспен саяхаттаған кезде көруге болмайтын күнделікті өмірімен таныстырады. Мазмұны мен стилі жағынан видеолар әр түрлі. Сериал жекелеген адамдардың басынан кешкендерін, муниципалдық жобалар, мәдени және әлеуметтік мекемелер туралы не қала көшесіндегі, вокзал мен сауда орталықтарындағы қарбалас тіршілікті көрсетеді.

Қазіргі таңда әлемнің 32 қаласында 7 маусымы түсірілді. Түрлі субтитрлері бар түпнұсқа тіліндегі видеоны Гете-Институт сайтынан көруге болады:
http://www.goethe.de/z/180sec/deindex.html
 
Біздің Urban Forum Kazakhstan-мен ынтымақтастық аясында арнайы даярлаған қазақ және орыс тіліндегі субтитрі бар іріктеп алынған роликтерді Digital INFOLAB@ - дағы жазғы кездесулерге келіп не мына сайттан көре аласыздар:
https://www.youtube.com/playlist?list=PL1fSwCZ_3jCIosKHAd-pMsAabiJEbOhve