Театр
She She Pop Алматыда

Қазақстан Гёте-Институты мен ARTиШОК театрының шақыруымен Алматыға әйгілі неміс театр тобы She She Pop-тың өкілдері Лиза Лукассен мен Себастьян Барк келді.

Олар белгілі берлиндік драматург Наташа Боренкомен бірге ARTиШОК театрының әртістік-режиссёрлық курсының студенттерімен өткізген мастер-класс барысында бірнеше күн  партисипаторлық театр – көрерменнің қойылымға қатыстырылуын мүмкін ететін формат – негіздерін саралады.
 
Студенттер «Қатысу лабораториясының» бірінші бөлімінде Германиядағы партисипаторлық театр тәжірибесімен танысып, екінші бөлімінде қатысу театрын практика жүзінде іске асыруға қатысты идеяларды талқылап, оларды қалыптастыруға күш салса, үшінші бөлімінде партисипативтіліктің әртүрлі деңгейін өз беттерінше саралаумен айналысты.         
  «Қатысу практикасы» © Кайрат Конуспаев Мастер-класқа қатысушылар She She Pop пен Наташа Боренкомен орын алған ынтымақтастықтың нәтижесін «Қатысу практикасы» деген атаумен ашық қойылым түрінде ARTиШОК театрының үлкен сахнасында көрермен қауымға ұсынды. Болашақ әртістер мен режиссёрлар сахна мен көрермен арасындағы шекараны оңай бұзатын, өзекті тақырыптарды түсінуге және талқылауға көмектесе алатын және әртістер мен қала тұрғындарына белсенді шығармашылықпен бірге айналысуға серпін беретін театр үлгісін көрсетті.
 
ARTиШОК театры мен неміс әртістерінің біріккен эксперименті алматылық талғампаз көрерменнің назарын аударып, оның зор қолдауына ие болды. Көрермендер қойылымға бар ынтасымен араласып, тіпті секемшіл дегендерінің өзі өздерінің аталмыш тәжірибеге қатысқандарын қызықты деп тапты.
  Ұсынысқа қатысушылар © Кайрат Конуспаев ARTиШОК-тың болашақта заманауи театр өнерінің жаңа формаларын енгізуді жалғастырып, өз көрермендерін тосын эксперименттермен қуанта берері сөзсіз.