Сәулет
Естелік суреттер іздесек...

@urbanforum.kz
© Urban Forum Kazakhstan

 «Арман» кинотеатрына қатысты оқиғалар мен отбасылық мұрағаттағы суреттермен бөлісіңіз! 

Карантин жағдайында үйдегі фото-мұрағатты ақтару – орынды іс! Urban Forum Kazakhstan-мен бірге Сіздің көмегіңізге жүгініп, бізге шабыт беруіңізді өтінеміз! Бұрынғы фотографияларды ақтарып қарап, «Арман» кинотеатрының маңайында суретке түскен өзіңізді, сүйікті әжеңізді немесе жас ата-анаңызды табарсыз, бәлкім? Және бізге кинотеатрға қатысы бар оқиға туралы айтып берерсіз?

Өткен жылы Urban Forum Kazakhstan ұйымындағы серіктестеріміз Гёте-Институттың көмегімен «Арман Алма-Ата» зерттеу жобалық жұмысын бастаған еді. Олар жоғалып кеткен қасбет элементінің әуелдегі сызбаларын іздеп, дәуір алмасуы барысында кинотеатрдың басынан кешкен өзгерістерді белгілеген болатын. Кинотеатрдың қызметкерлері, зерттеушілер мен қала тұрғындарымен орын алған сұхбаттар нәтижесінде «Арман» кинотеатрының шаһардың әр тұрғынының менталдық картасында орын алғандығы белгілі болды. Деректі айғақтар – фотографиялар мен тұрғындардың естеліктері жобалық жұмыстың ары қарай жүруіне көмек болар ма еді?
      
Бізге сіздердің «Арман» кинотеатрына қатысы бар отбасылық суреттеріңіз бен оқиғаларыңыз өте қызықты! Олар туралы әңгімелеріңізді бізбен бөлісіңіздер: @urbanforum.kz
 @goetheinstitut_kasachstan   
немесе фотографиялар мен оқиғаларды info@urbanforum.kz  электрондық адреске жолдауларыңызға болады.