Қазақстан жас кинематографистерінің сайысы

Online-Kurs
Goethe-Institut Kasachstan

Қазақстандағы Гете-Институт және Мемлекеттік ұлттық киноны қолдау орталығы германиялық кино сарапшысы Дмитрий Поповтың 12-14 тамыз 2020 ж. орыс тілінде
онлайн-режимде өтетін «Сценариймен жұмыс: Бас кейіпкер, үш акт құрылымы, сахна мен диалог» атты воркшобына қатысу үшін сайыс жариялайды.
 

Қазақстандағы Гете-Институт және Мемлекеттік ұлттық киноны қолдау орталығы германиялық кино сарапшысы Дмитрий Поповтың 12-14 тамыз 2020 ж. орыс тілінде
онлайн-режимде өтетін «Сценариймен жұмыс: Бас кейіпкер, үш акт құрылымы, сахна мен диалог» атты воркшобына қатысу үшін сайыс жариялайды.
Бұл білім беру жобасы белсенді және талантты жастарды іске тарту үшін және инновациялық білім мен технологияны жеткізу мақсатында өткізілмек. 
Сайысқа студенттер, тәжірибесі бар жас кинематографистер қатыса алады.
 
Сайысқа қатысу үшін, мына  электронды мекен-жайға өтінім жіберу керек: masters@kazakhcinema.kz

Сайысқа өтінім келесі ақпаратты қамтуы тиіс:

  • тегі, аты;
  • мамандық, курс, ЖОО;
  • қысқаша өмірбаяны;
  • іске асқан жобалардың тізімі (бар болса, дебют жұмыстары);
  • уәждеме
Воркшопқа қатысу тегін.
 
Өтінім қабылдау мерзімі: 17 шілде 2020 ж. дейін.
Ескерту: Көрсетілген мерзімнен кеш тапсырылған өтінімдер қарастырылмайды.
 
Таңдау нәтижесі бойынша воркшопқа 12 адам қатысады, олардың есімдері 1 тамыз  2020 ж. www.kazakhcinema.kz  сайтында жарияланады.

Сайыстың негізгі мақсаты:
  • Кино саласының жас мамандары ұсынған жұмыс істеудің жаңа, тиімді формалары мен әдістерін іздеуге бағытталған жобаларға ақпараттық және әдістемелік көмек, қолдау көрсету
  • Кино индустриясы саласындағы жастарды қолдау
  • Кино саласындағы алдыңғы қатарлы тәжірибені тарату
  • Жобалар әзірлеу, мақсат – сайысқа қатысушылардың оларды іске асыруына ықпал ету 

Сайыстың өту реті туралы қосымша ақпаратты мына телефон нөмірі арқылы алуға болады: +7 701 971 11 17
 
Режиссер, сценарист және продюсер Дмитрий Попов 1963 жылы Мәскеуде туған. Герасимов атындағы кинематографиялық БМКИ-дің сценарий-кинотану факультетін тамамдаған соң, "Мосфильм" киностудиясы мен"Искусство кино"журналында редактор болды, "Огонек"журналының мәдениет бөлімі редакторының орынбасары қызметін атқарды. 1991 жылы Германияға қоныс аударды. Азаттық радиосының Орыс тілді қызметінде  редакторлық етті. Мюнхендегі Телевизия және кино жоғарғы мектебін бітірген. Неміс киносы экспорт одағында, "UFB Teleconsulting"медиаагенттігінде , "Blue Eyes Fiction"кино өндіру компаниясында және "Focus" журналында қызмет етті. MDR және ARTE телеарналары үшін бірнеше деректі фильмдер түсірген. 2011 жылдан Мюнхендегі Fresenius Университетінде дәріс оқиды, 2016 жылдан медиадизайн жәнекоммуникация профессоры. Медиа менеджментжәне коммуникация (B.A.), Motion Design & Management (B.A.), Digital Management (M.A.) факультеттерінің деканы.