Кино
Жас кинематографшыларға арналған бәйге

Бәйге
© GettyImages/Goethe-Institut e.V.

Қазақстандағы Гёте-Институт пен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы «Режиссёр еңбегіндегі монтаждық стратегиялар» тақырыбында өтетін Дмитрий Поповтың онлайн-воркшопына қатысу үшін жаңа бәйге жариялайды.

Бәйгеге қатысу үшін masters@kazakhcinema.kz  электрондық адресіне өтініш жіберу қажет.
 
Киноорталық Қазақстандағы Гёте-Институтпен бірлесіп 2020 жылдың тамыз айында белгілі киноэксперт, Мюнхен университетінің профессоры Дмитрий Поповпен жақсы воркшоп өткізген еді. Ол воркшоптың қызықты әрі пайдалы өткені сондай, осы біліми жобалық жұмысты жалғастыруға шешім қабылданды.
 
Бұл жолғы жаңа онлайн-бағдарламаға студенттер мен ЖОО жуықта бітірген түлектер қатыса алады. Воркшоп бірінші кезекте монтажды өз хикаясын баяндау жолындағы стратегия ретінде көретін болашақ режиссёрлар мен сценаристерге арналады. Монтаж олар үшін техникалық емес, шығармашылық үдеріс болуы керек.    
 
Еңбек жолын енді бастаған кинематографшылар монтаждағы уақытты тоқтатумен немесе жылдамдатумен, жабық кеңістік иллюзиясымен, 180° ережесімен, «көрінбейтін монтаж», Match Cut және т.б. танысады. Сонымен қатар воркшоп кезінде оған қатысушылар бірнеше видеороликтер түсіріп, оларды профессормен талқылайды.

Профессор Дмитрий Поповпен кездесулер 4 апта бойы дүйсенбі күндері орын алады: 16, 23, 30 қараша және 7 желтоқсан. Сөйтіп қатысушылардың апта бойы алған білімдерін практика жүзінде қолдануға және тапсырмаларды орындауға мүмкіндіктері болады.  
 
Сайысқа өтінім келесі ақпаратты қамтуы тиіс:
—тегі, аты;
—мамандық, курс, ЖОО;
—қысқаша өмірбаяны;
—іске асқан жобалардың тізімі (бар болса, дебют жұмыстары);
—уәждеме
 
Воркшопқа қатысу тегін.
Воркшоп орыс тілінде өтеді.
Өтініш 2020 жылдың 12 қарашасына дейін қабылданады.

  
Ескерту: Көрсетілген мерзімнен кеш тапсырылған өтінімдер қарастырылмайды.
 
Таңдау нәтижесі бойынша воркшопқа 12 адам қатысады, олардың есімдері 2020 жылдың 13 қарашасында www.kazakhcinema.kz  сайтында жарияланады.


Режиссер, сценарист және продюсер Дмитрий Попов 1963 жылы Мәскеуде туған. Герасимов атындағы кинематографиялық БМКИ-дің сценарий-кинотану факультетін тамамдаған соң, "Мосфильм" киностудиясы мен"Искусство кино"журналында редактор болды, "Огонек"журналының мәдениет бөлімі редакторының орынбасары қызметін атқарды. 1991 жылы Германияға қоныс аударды. Азаттық радиосының Орыс тілді қызметінде  редакторлық етті. Мюнхендегі Телевизия және кино жоғарғы мектебін бітірген. Неміс киносы экспорт одағында, "UFB Teleconsulting"медиаагенттігінде , "Blue Eyes Fiction"кино өндіру компаниясында және "Focus" журналында қызмет етті. MDR және ARTE телеарналары үшін бірнеше деректі фильмдер түсірген. 2011 жылдан Мюнхендегі Fresenius Университетінде дәріс оқиды, 2016 жылдан медиадизайн жәнекоммуникация профессоры. Медиа менеджментжәне коммуникация (B.A.), Motion Design & Management (B.A.), Digital Management (M.A.) факультеттерінің деканы.