Қоғам
Бәрі үшін қолжетімді қала

Орталық Азиядағы Еуразия Қоры (ОАЕҚ), Қазақстандағы Гёте-Институттың серіктесі, 2021 жылдың  24-26 ақпаны аралығында «Бәрі үшін қолжетімді қала» жобасының аясында онлайн-мәслихат өткізді.

Жобаның мақсаты - халықтың қозғалысы аз топтарының (мысалы, мүгедек адамдар, кішкентай балалары бар ата-аналар, 7-ге толмаған балалар, уақытша жарақат алған адамдар, қарт адамдар мен жүкті әйелдер), сарапшылар мен барлық белсенді азаматтардың әлеуметтік нысандардың қолжетімділігі проблемасы мен оны шешудің мүмкіндіктері жайлы хабар алып отыру мүмкіндігін арттыру.
 
Гёте-Институт қызметіндегі басты тақырыптардың бірі барлығына, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін де, бірдей жағдай жасауды білдіретін құқық теңдігі мәдениеті болғандықтан, біз мәслихатқа Германиядан инклюзия және әмбебап дизайн бойынша сарапшыларды шақырып, Қорға қолдау көрсеттік.
 
Инклюзия саласындағы өз тәжірибесімен мәслихатқа қатысушылармен «Sozialhelden» (Әлеуметтік Қаһармандар) коммерциялық емес ұйымының төрағасы және қозғалысы аз азаматтар үшін қолжетімді орындарды тауып белгілеуге мүмкіндік беретін Wheelmap онлайн-картасының негізін салушылардың бірі,  Хольгер Дитерих бөлісті. Ол оны 2010 ж. неміс әлеуметтік кәсіпкері, OpenStreetMap деректері бойынша мүмкіндігі шектеулі  адамдардың құқығын қорғау жөнінен белсенді Рауль Краутхаузенмен бірге құрған. https://wheelmap.org  сілтемесі бойынша бүкіл әлемнің адамдары картаға жаңа орындар тауып  қосуына, сол сияқты Халықаралық бағдаршам жүйесінің көмегімен (жасыл түс нысанның толықтай қолжетімді екенін, сары – жартылай қолжетімді, ал қызыл — қолжетімсіз екенін білдіреді) олардың мүгедектердің арбалары үшін қолжетімділігін бағалауына болады. Бүгінгі таңда картадан түрлі елдердегі 2,3 миллион кафе, кітапхана, бассейн және басқа  мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімді көп қоғамдық орындарды табуға болады. Күніне 300-ден астам жазба қосылады. Wheelmap тегін қосымшасын iOS және Android операциялық жүйелері бар  мобильдік құрылғыларға жүктеп алуға болады.

Хольгер Дитерих картаны әзірлеуде қандай қиындықтар кездескенін, муниципалдық органдармен жұмыс, еріктілерді үйрету туралы әңгімелеп берді. «Sozialhelden» ұйымының қолжетімділік бойынша халықаралық белсенділер мен сарапшылар қоғамының мүшесі болуға мүмкіндік беретін жыл сайынғы Wheelmap Ambassador Program 2021 бағдарламасы бар екен. Неміс сарапшысын ОАЕҚ,  Tandau және Ерекше Тандау Шелек қорлары құрған «Қолжетімді Қазақстан» онлайн-картасы https://doskaz.kz/ , қызықтырды. Біз оның қызығушылығы соңында  «Sozialhelden» және  ОАЕҚ арасындағы ынтымақтастыққа жалғасады деген үміттеміз.
 
Онымен қоса, мәслихатта Әмбебап дизайн институтының (Мюнхен) негізін салушы Томас Бадэ «Әмбебап дизайнды қолдану саласындағы халықаралық тәжірибе» тақырыбына дәріс оқыды.  Әмбебап дизайнды бизнесте, ғылымда және қоғамда насихаттаумен ол 15 жылдан артық айналысып келеді. Томас Бадэ Институттың жасаған заттарын көрсетіп таныстырды: басты шалқайтпай ішуге мүмкіндік беретін ішкі мембранасы бар стақан; қалған тамақты жеу үшін еңкейтуді қажет етпейтін тарелка; usb-ға кіру қоса жасалған розетка,  сабында ішетін тесігі бар, екі қолмен толық қармап ұстауға болатын тостаған.
 
Сарапшы сонымен қатар көппәтерлі тұрғын үй салудың бірегей жобаларының бірі туралы әңгімелеп берді. Жобаның бірегейлігі үйлердің Lego конструкторына ұқсас типтік блоктардан салынатындығында, олар алдымен цехта жиналып, сосын болашақ үйдің орнына әкелінеді де,  дайын тұрған металл құрылымдарға салынады. Сөйтіп бар-жоғы тоғыз айдың ішінде бар жағынан ыңғайлы әмбебап тұрғын үй салуға болады.

Қазақстандағы Гёте-Институт Хольгер Дитерих пен Томас Бадэнің сөз сөйлеуіне қолдау көрсетумен қатар ОАЕҚ-тағы серіктестерге «Қолжетімді Қазақстан» онлайн-картасы https://doskaz.kz/  туралы  видеоролик-нұсқаулық және әмбебап дизайн бойынша видеоролик жасауға көмектесті және авторы Федералдық ішкі істер, құрылыс және Отан министрлігі www.bmi.bund.de болып табылатын «Тосқауылсыз құрылыс салу бойынша басшылықты» қазақ және орыс тілдеріне аударуға көмектесті.

Бірінші видеоролик онлайн-картаның мүмкіндіктерін көрсетеді: қалаған адам қала нысандарын белгілеп, олардың қолжетімділігі жайлы деректер енгізіп, сол арқылы Қазақстанда қолжетімді орта жасауға үлес қоса алады. Қолайлы интерфейстің арқасында мұны жасау өте оңай. Видео-нұсқаулықты қарап, өзіңіз көз жеткізіңіз!
Қолжетімді ортадан әмбебап дизайнға ауысу неге сонша маңызды? «Шыншыл қала» тұжырымдамасы нені білдіреді? Осы және басқа сұрақтарды әмбебап дизайн туралы ролик ашып көрсетеді, ол және көрерменді оның негізгі қағидаларымен таныстырады. Авторлар оған қоса Алматы метрополитенінің ол қағидаларға сәйкестігін тексеріп, біраз кемшіліктерді анықтады.

«Тосқауылсыз құрылыс салу бойынша басшылықтың» таңдалуы тегін емес, өйткені сарапшылар қоғамдық нысандарды, оның ішінде тарихи кешендер мен көне тұрғын үйлерді бейімдеуде және жаңа қоғамдық нысандарды салу және қалпына келтіруде әмбебап дизайн қағидаларын қолдану тәжірибесін іздеген еді. Оған қоса сызба, фотолар мен  иллюстрациялардың болуы маңызды болды.

Екі тілге аударудан басқа көру қабілеті төмен және зағип адамдарға арналған құралдың бейімделген нұсқасы, ақ-қара және көк нұсқасы схемалар мен сызбалардың егжей-тегжейлі сипаттамасы бар нұсқалары, хаттамаға сәйкес және зағип адамдардың, қызметті пайдаланушылардың өздерімен кеңесе отырып, дайындалды. Бұл нұсқаны олар арнайы қосымшаның көмегімен оқи алады.
  
Жоғарыда көрсетілген роликтер мен құралды келесі сілтемелер арқылы таба аласыз:
Роликтер Қолжетімді Қазақстан жобасының Instagram и Facebook әлеуметтік желілерінің беттерінде жарияланған.
https://www.facebook.com/doskazkz/videos/205196191295093
https://www.facebook.com/doskazkz/videos/524673485170812
 
2. Әмбебап дизайн жайлы екі тілдегі ролик Youtube-те:
https://www.youtube.com/watch?v=p3_jRGGIl00
https://www.youtube.com/watch?v=ZZgv5VA7mns
 
3. Неміс тілінен орыс және қазақ тілдеріне аударылған қолжетімділік және әмбебап дизайн туралы құрал және оның көру қабілеті төмен адамдарға арнап бейімделген нұсқасы:
http://ef-ca.kz/resursy/posobiya/