Жылдам кіру:

Тікелей мазмұнға өту (Alt 1) Тікелей негізгі навигацияға өту (Alt 2)
LE MONDE diplomatique© LE MONDE diplomatique

Германия комикстері - LE MONDE diplomatique

АҚ ҚОЯН, АРАБ КОЛАСЫ ЖӘНЕ ЖИҺАНКЕЗ КЕПТЕР ЖАЙЛЫ: ГЕРМАНИЯ КОМИКСТЕРІ

Le Monde diplomatique халықаралық саясат жайлы ай сайын шығатын ірі басылымдардың бірі, қазір 20 тілде шығады. Неміс тіліндегі нұсқасы 1995 жылы шыға бастады, оны күнделікті «taz» газеті мен швейцарияның апталық «WoZ» газеті шығарады. 

2005 жылдан бері Le Monde diplomatique-тің неміс тіліндегі басылымының соңғы бетінде комикс жарияланады, бұл – оның неміс тіліндегі нұсқасының бірегей ерекшелігі.

Осы жылдар ішінде Le Monde diplomatique көптеген танымал юллюстраторлар мен комиксистермен ынтымақтасып жұмыс істеді. Өз жұмыстарында олар форма талап ететін шектеулер шеңберінен, беттің үлкен форматы мен әңгіменің шектеулі аясынан, асқан шеберлікпен шыға білді. Олардың комиксі – алдын ала болжап білуге болмайтын, көбіне ақылға сыймайтын сандырақ, қайбір кезде саясатқа, күнделікті өмір мен мәдениетке күйреуік көзқарас. Сонымен қатар, өзінің формасы мен мазмұны жағынан олар, шамамен, ХІХ ғасырдың аяғында, суретпен баяндалған әңгіме бейне бір «торт бетіндегі шие» іспетті, дәстүр бойынша, соңғы бетіне әр беріп тұрған дәл сол газеттерде пайда болған заманауи комикс өнерінің бастауымен тікелей байланысты.

Le Monde diplomatique шығарылымдарында АТАК, Анке Фойхтенбергер және Хеннинг Вагенбрет сияқты балама комикс жұлдыздарын және кәсіби иллюстраторлар мен Надя Будде сияқты кітап суретшілерін не әйгілі шебер Фолькер Пфюллерді кездестіруге болады. Жас таланттардың, мысалы, Анна Хайфиш пен Роберт Дойчтың жұмыстары әлдеқашан атағы шыққан Барбара Елин немесе Джим Авиньон сияқты суретшілердің сурет-баяндарымен кезектесіп шығып отырады. Сонымен қатар бұл топтамада қазіргі уақытта Германияда тұратын ресейлік комикс суретшілері Мария Сулуменко, Александр Уткин және Константин Потаповтың да жұмыстары көпшілік назарына ұсынылған.

Олардың жұмыстары асқақ өнер мен бұқаралық мәдениет шекарасына жақындағаны сонша, олар тіпті постмодернистік бейнелеу өнері үшін іс жүзінде фирмалық белгіге айналды деуге болады. Стильдік эклектизм, кез-келген дәйексөзді шамадан асыра пайдалану, бірақ бәрінен бұрын, осы заманның алуан түрлі графикалық мүмкіндіктерін батылдықпен еркін пайдалану – олардың комикс өнерінің қалыптасқан ережелерін өзгертуге тіпті де тайсалмайтын бүгінгі шығармашылығының ең басты элементтері.

 «Reprodukt» баспасынан әрқайсысында 50 комикстен жазылған үш үлкен форматты жинақ шығып қойды. Суретшілердің еңбектері Берлин, Мюнхен, Грайфсвальд, Һамбург, Лейпциг және Линцтегі (Австрия) үлкен көрмелерге қойылған.

Www.monde-diplomatique.de
Каролина Бофингер /  Le Monde diplomatique комикстер бөлімінің редакторы

www.monde-diplomatique.de

Каролине Бофингер
LE MONDE DIPLOMATIQUE атты заманауи комикстер көрмесінен Видео-экскурсия:

АРМИН АБМАЙЕР мен ХЕЛЬМУТ КРОНТАЛЕРдің мақаласы.
 « Хоган аллеясынан» газет бетіндегі комикстердің үлкен әлемінен «Monde diplomatique-ге» дейін