Жылдам кіру:

Тікелей мазмұнға өту (Alt 1) Тікелей негізгі навигацияға өту (Alt 2)

ШӨП

Шпицбергеннің мәңгі тоңындағы пайдалы өсімдіктер дән қоймасы болашақ өркениеттер үшін қалған генофондты сақтап қалуы тиіс.
Нобель бейбітшілік сыйлығының вице-лауреаты дән қоймасын көргісі келеді.
Сәлем! Мен Аль Гормын, дән қоймасын көрсем деп едім.
Сіз оған жайдан-жай кіре алмайсыз.
Алдымен сұраққа жауап беруіңіз керек:
Ей! Мен Аль Гормын ғой!
«Рух!  Мәңгі жасайды! Жерден де ұзақ қоңыр, қатты күйде қалады, судан да ұзақ тасып, қайтады».
Бұл жолдарды кім жазған еді және шығарма қалай аталушы еді?
Поэзия да мұз сияқты жоқ болады. Оған төзу оңай емес.
Күнделікті қар суымен күріш сияқты, жан төзгісіз.
Одан бірақ аздап балықтың дәмі шығып тұрды.

артин том Дик
Martin tom Dieck

 Мартин том Дик 1963 ж. Ольденбургте дүниеге келген. Һамбургтің Жоғары кәсіби дизайн мектебінде иллюстрацияны оқыды. Комиксист және иллюстратор ретінде „Die Zeit“ және „Libération“ газеттерінде жұмыс істеді. 1994 және 2000 жж. Эрлангендегі комикстер фестивалінде „Max und Moritz“ сыйлығының лауреаты атанды, 2005 ж. Ангулемдегі Визуалды медиа жоғары мектебінің („Ècole Supérieure d‘Image“) сыйлығына ие болды. Һамбургте тұрады, Эссенде дәріс оқиды.
www.mtomdieck.net/