Жылдам кіру:

Тікелей мазмұнға өту (Alt 1) Тікелей негізгі навигацияға өту (Alt 2)

ҚҰС ОЙНАҚ

Жануарлардың кез-келген түрі даму барысында табиғи сұрыптау әсеріне ұшырайды.  Уақыт өте келе ол популяцияның қоршаған орта жағдайына икемделуіне әкеліп соғады. Оған бір жынысты дарақтардың көбеюдегі («тікелей икемделудегі») жетістігінің әртүрлі деңгейінен көрінетін және сол дарақтардың сыртқы белгілеріне әсер ететін жыныстық сұрыптау да жатады. 
Бұл жоғарғы приматтар үшін де дұрыс: ең көп ұрпақ ең көп икемделген дарақтардан тарайды. Сондықтан әр жануар өзіне сондай серік іздейді. 
Сөйтіп, аталықтар көбеюде түрішілік бәсекелестік аясында артықшылықтарға қол жеткізу үшін, түрлі стратегияларды табуы тиіс.
Аналықтары өздеріне бәсекелестерден және жаулардан қорғануға ең қабілетті серік іздейді. Физикалық денсаулығы туралы ой түюге мүмкіндік беретін таза оптикалық және ольфакторлық сигналдармен қатар...
... құс ойнақ деп аталатын серік іздеудегі белсенді әрекет те орын алуы мүмкін.
Ондай мінез-құлық дәл жұптасу алдында орындалатын сол түрге жататын барлық дараққа белгілі қимылдар мен дыбыстық сигналдар ретін білдіреді.
Бірақ, егер әңгіме дамудың жоғары сатысындағы әлеуметтік құрылымы күрделі  тіршілік иелері жайлы болса, онда кей мінез-құлық кешенін дұрыс бағалау қиынға соғады.  
Сондықтан көпшілік жағдайда мінез-құлықтың салтқа айналған нұсқасы – тұрақты нысандандырылған ретпен және ерекше мағыналы мазмұнмен ұдайы қайталанатын әрекеттер пайда болып, бекиді. 
 Бұл жерде болашақ серіктің болуы мүмкін не белгілі ой-өрісі де маңызды роль атқарады.
Құс ойнақ қатысушылары символдық қоректендіну арқылы әдеттен тыс жақындасу себепті жеке қашықтықтың бұзылуы салдарынан туындауы мүмкін өзара агрессияны азайтады. 
Сондықтан (потенциалды серікке бағытталған) ұнату нышандары мен (өз жынысындағы бәсекелестерге бағытталған) шекараны белгілеу нышандарын ажырата білген абзал.
Жағымды жағдайда жұптасуға дайын дарақтың құс ойнақ уақыты әжептәуір ұзаруы мүмкін. Бірақ жетістік ол мінез-құлықтың жиілігі мен қарқындылығына тікелей байланысты емес.

Йенс Хардер
Jens Harder

 Йенс Хардер Вайсвассерде 1970 ж. туған, 1990 ж. Берлинге көшіп барды. Берлин-Вайсензее Жоғары өнер мектебінде графиканы оқып үйренді. 1999 ж. өзінің бес курстасымен „Monogatar“ суретшілер қауымдастығын құрды. Марапаттарының ішінде  „Max und Moritz“ және „Prix de l‘Audace“ сыйлықтары бар. Шығармалары Белу-Оризонти, Новосибирск, Париж, Пекин, Тель-Авив және Цюрихте көрмелерге қойылды. Берлинде тұрады.

www.hardercomics.de