Жылдам кіру:

Тікелей мазмұнға өту (Alt 1) Тікелей негізгі навигацияға өту (Alt 2)

The Kiss of the Bee

Әкем музыкант болған. Өз тобымен бүкіл Американы аралап шықты. Анам, ол мен кішкентай болғанда өліп қалған дейді, ол бірақ өтірік. Менің ойымша, ол одан кетіп қалған. Ол одан мүмкіндігінше алыс кетіп, музыка ойнап, өзінің өмірлік ісімен айналысқысы келген. Мен де соны қаладым. Маған, қалай болса да, концертке кіру керек болды. Маған, қоштаспай, үлкен есіктен шығу керек болды! Бірақ ол, менің түрімді көріп-ақ, есеңгіреп қалар еді... Мен арандатушылыққа барып, өзімнің қалағанымның бәрін істей алатынымды дәлелдегім келді. Апталап жоспар құрдым. Билеттер алынды. Эрик мені он минуттан кейін алып кетіп, Крисси мен Лизамен „Cheese Checker“-де кездесер едік. Лиза үнемі денеге қатты жабысып тұратын футболка киетін. Ол маған өте ұнайтын. Дәрігерлер, аралардың шағуынан мамамның  күшті аллергиялық шок алғанын айтты. Мен жедел жәрдем шақырмағанда, ол қиналып тұншығып қалушы еді. Осылайша мен „Kiss“-тің концертін көре алмай қалдым. Әйтпесе, үлкен есіктен шығатын едім.

Лине Хофен
Line Hoven

 Лине Хофен 1977 ж. Боннда туған, Кассельдегі Жоғары өнер мектебінде және Һамбургтегі Қолданбалы ғылым жоғары мектебінде оқыған. 2007 ж. „Reprodukt“ баспасынан «Махаббат көзін тайдырып әкетеді» атты кітабы жарық көрді. 2010 ж.  суретші е.о.плауэн атындағы ынталандыру сыйлығына, 2017 ж. „Hans-Meid-Preis“ сыйлығына ие болды, сол 2017 ж. Нью-Гемпширдегі Дартмут колледжінде дәріс оқи бастады. Һамбургте тұрады, қызмет істейді.
www.linehoven.de