Жылдам кіру:

Тікелей мазмұнға өту (Alt 1) Тікелей негізгі навигацияға өту (Alt 2)

Ешқашан берілме!

Жауынгер Хиро Оноданың өмірі

Хиро Онода 1922 жылы Жапонияда туған, 23 жасында партизан соғысында тәжірибе алып, Филиппиннің құйттай аралы Лубангты қорғауға бұйрық алады. Өзіне-өзі қол жұмсауға қатаң тыйым салынған! Бас қолбасшы шексіз адал және  беріле қызмет етуді талап етті. 1945 жылы америкалықтар келгенде, жапон жауынгерлерінің көпшілігі тұтқынға түсті не өздеріне-өздері қол жұмсады. Онода болса басқа үш жауынгермен джунглиге жасырынып қалды. Америкалықтар ұстап алады деп қорқып, төрт жауынгер өздеріне ағаш бұталарынан жасырын баспана жасап, сонда тығылды. Аспаннан соғыстың аяқталғаны жайлы үнқағаздар тасталды, олар бірақ оны әскери айла деп санап, сенбеді. Олар банан, кокос сүті, егеуқұйрық пен сиырдың етін қорек етті. Жергілікті шаруалардың сиырларын олар түнде атып алып жүрді. Шаруалардың жау әскеріне қосылып қызмет етуін қиындату үшін, жыл сайын олардың күріш қорын өртеп жіберіп отырды. Жылдар өте берді. Бірде төртеудің біреуі ештеңе айтпастан, кетіп қалды. 1954 жылы қалған үшеуінің біреуін жергілікті милиция атып тастады. 27 жыл өткен соң, Хиро Оноданың ең соңғы сенімді досы да сондай жағдайға ұшырады. Одан кейінгі екі жыл Онода сол баспанада жалғыз тұрды. Оны ұстамақ болған әрекеттер сәтсіз аяқталды. Оның көптеген туыстары оны дауысзорайтқышпен шақырып, бекер әуре болды, Онода оларға сенбеді. Бірде Онода аралға оны іздеп табу үшін келген жапондық студентті кезіктірді. Екеуі достасып кетті де, Онода, егер студент оған бас қолбасшыны ертіп келсе, Жапонияға қайтамын деп уәде берді. Көп ұзамай бас қолбасшы Онодаға берілу туралы бұйрық алып келді. Лейтенант Онода қарамағыңызға келіп тұр! Онода Жапонияға оралды. Ол 29 жыл жасырынып жүрген екен. 1980 жылы Филиппин аралдарынан тағы бір жауынгер табылды. Онда қазір де бірнеше жауынгер бар деген қауесет бар.

Нора Круг
Nora Krug

 Нора Круг 1977 ж. Карлсруэде туған. 2009 ж. „Bries“ баспасы оның «Қызыл телпектің оралуы» деген кітабын басып шығарды. 2007 жылдан НьюЙоркте, АҚШ, „Parsons“ дизайн мектебінде иллюстрациядан дәріс оқиды. 2018 ж. оның «Отан» деген кітабы  „Penguin Verlag“ баспасынан басылып шықты (ағылшын тіліндегі нұсқасын  „Scribner“ баспасы шығарды). Нора Круг Нью-Йоркте тұрады.
www.nora-krug.com