Жылдам кіру:

Тікелей мазмұнға өту (Alt 1) Тікелей негізгі навигацияға өту (Alt 2)

1996 жылдың аяғында

1996 жылдың аяғында „Heaven’s Gate“ («Жұмақ қақпасы») қозғалысы жетекшілерінің көзіне Хейла-Боппа құйрықты жұлдызының фотосуреті түседі. Оның жарық ізін олар БҰН деп ойлаған – бұл көптен күткен белгі еді. Хейла-Боппа құйрықты жұлдызы 1997 жылдың наурызында жақынырақ келгенде, сектаның 39 мүшесі Жерден кетті.

Мен білдім! Бәрі бекер болған жоқ! Енді бізге өзіміздің уақытша тәнімізді тастауға болады. Біз оған жиі жаттығатынбыз. Біз әуе кемесіне бақылау қоямыз да, бәріміз бірге аспанға ұшып кетеміз. Біздің Ти мен Домен бірге көкжиектен асып, жаңа деңгейге өтуімізді қалай күтіп жүрмін десеңші! Stmody 97

Міне, келесі рухани деңгейге өту үшін, мен 20 жыл өз тәнімді жоққа шығаруға жаттығып келем. Біз өзіміздің ет пен қаннан тұратын тәнімізді тастауымыз керек. Мен оның не екенін түсінемін және оған дайынмын. Tllody 97

Оны жасайтыным үшін мен шексіз бақыттымын. Бізге әуе кемесін өз мақсатымызға пайдалану керек. Мен Ти мен Доны білемін және мұның жалғыз ақиқат екенін білемін. Өзімнің біздің десантта, „Away Team“-де, болатынымды мақтан етемін. Lvvody, S.D. CA. 1997

Жанын қиғандар ғана ғарыш кемесіне отыра алады. Тамаша! Егер біз осылай кемшіліктерден құтылып, адамшылықтан жоғары деңгейге жететін болсақ, онда жасайық оны! Мен сендермен біргемін! Бұл адамдар бізді алдамайды, мен олардан мейірім мен шындықты көремін. Мен Доның 2000 жыл бұрын дүниеге Иса деген атпен келгенін білемін, оған еруге дайынмын. Anlody, март 1997

Мен бұл ілімнің құндылығын түсіндім. Мен өз жетекшілеріміздің бар нұсқауын орындап жүремін және адам сенбестей жақсардым. Мен енді „Away Team“-ге қосыла аламын – менің ең үлкен бақытым да сонда. Әйтеуір үйіме оралатыныма қуаныштымын. 
Brnody 1997

Стефани Е. Лосано
Stefhany Y. Lozano

 Стефани Е. Лосано 1986 ж. Боготада (Колумбия) туған. 2010 ж. Германияға DAAD стипендиясымен келген, ал 2012 ж. Һалледегі «Бург Гибихенштайн» Жоғары өнер мектебінің иллюстрация мастер класына қатысады. 2014 ж. Боготада Колумбия мәдениет министрлігінің бастамасымен оның алғашқы жеке көрмесі өтеді. Германия мен Колумбияда көптеген көрмелерге қатысқан. 2015 жылдан Лейпцигте тәуелсіз  иллюстратор.
www.stefhanyylozano.com