Жылдам кіру:

Тікелей мазмұнға өту (Alt 1) Тікелей негізгі навигацияға өту (Alt 2)

Slow Come – Ян Зёкен «Википедияны» иллюстрациялайды

Генри Уорнер Слокам Америкадағы Азаматтық соғыс кезінде Солтүстік штаттардың генералы болған. Соғыста шешуші роль атқарған Геттисберг шайқасына да қатысқан. Ол бірақ оған кешігіп кірді. Жолда Слокам өз жауынгерлерімен шайқас даласынан 5 миль қашықтықтағы екі тавернаға тоқтайды. Көп ұзамай ол Солтүстік штаттардың бір генералынан қосымша күшпен Геттисбергке аттануды талап еткен шұғыл хабар алады. Слокам соғыс әрекеттерінің басталғанын білмедім деп, онысына соғыс даласымен екі ортадағы төбеден келіп жеткен «акустикалық көлеңке» себеп болды дейді. Ол басқа үш хабаршының келуін күтіп барып, сосын ғана әскерімен шайқасқа аттанады. Шайқасқа осылай кеш қосылғаны үшін оған сын айтылып, „Slow come“ («жайбасар») деген лақап ат беріледі.

Ян Зёкен
Jan Soeken

 Ян Зёкен 1980 ж. Бременде дүниеге келген, Һамбургтегі Қолданбалы ғылым жоғары мектебінде Анке Фойхтенбергердің жетекшілігімен иллюстрацияны оқыған. 2014 ж. оның дебюттік комиксі «Достар» „Avant-Verlag“ баспасынан жарық көрді. Һамбургте тұрады, жұмыс істейді.
www.jansoeken.de