Grand Tour Zentralasien

Grand Tour Zentralasien Goethe-Institut

Grand Tour Zentralasien

Аудармашыларға арналған байқау (неміс тілінен)
Санаты: поэзия аудармасы
Өтініш берудің соңғы мерзімі: 12 наурыз 2021 ж.

Германия мен Орталық Азия (Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркіменстан) ақындарын кеңінен таныту, атап айтқанда, жас әдеби таланттарды ынталандыру мақсатында Гёте-Институт әдеби жоба даярлап, осы "Grand Tour Zentralasien 2021-2022" әдеби жобасы аясында „Аударма бойынша онлайн-семинарға“ қатысуға байқау жариялайды.

Семинар жетекшілері: әдеби аудармашы Рауза Мұсабаева және жас ақын Батырхан Сәрсенхан.

Семинарға қатысқыңыз келе ме?
Ендеше, 12.03.2021 дейін тіркеліңіз. Өзіңізді қысқаша таныстыратын хатпен бірге Ани Кампманның келесі өлеңін аударып, мына электронды-поштаға: libo-almaty@goethe.de хабарлама жіберіңіз.
 
zwei holzschiffe
 
wie alte blumentöpfe
mit einem rest erde auf der kante
wie sie dastehen schief hinter einem zaun
wie das wachsen die triebe alle
vergeblich waren
und der asphalt schimmert vor sich hin
es ist mittag, etwas
lässt die leeren körper
noch größer scheinen
 
Кім қатыса алады?
Неміс тілінің аудармашылары, өз бетінше/жеке немесе жергілікті ақынмен бірге (аудармашы + неміс тілін білмейтін ақын). Аудармашылар семинары әдеби аударма мәселелерін талқылауға және өз өлең аудармаларын сынап көруге мүмкіндік береді.
Бұл жобаға қатысушыларға қойылатын талап - бес неміс тілді ақынның (Ани Кампман, Моника Ринк, Рик Шеффлер, Даниэла Зиль, Ян Вагнердің) он өлеңін (қазақ, қырғыз және түрікмен тілдеріне) бірлесе аудару.
Бұл өлеңдер Қазақстан Гёте-Институтының Telegram немесе WhatsApp тобы арқылы 2021 жылдың 03 наурызынан бастап қатысушыларға жіберіледі. Аудармашылар семинары неміс тілінен аударманың өзіне ғана тән айрықша проблемаларына, сондай-ақ әдеби аударманың басты мәселелеріне арналады. Үздік аудармалар заманауи неміс поэзиясының антологиясында жарияланып, тамыз айында Ташкентте өтетін Бірінші халықаралық поэзия фестивалінде ұсынылады.

Семинардың ұзақтығы: 15.03-20.04.2021 ж.
Семинар Өзбекстан, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Түркіменстанда "Grand Tour Zentralasien 2021-2022" әдеби жобасы аясында өтеді.

Қатысушы институттар:

  • Өзбекстандағы Гёте-Институты/Ташкент Өзбекстан мен Тәжікстанға жауапты.
  • Қазақстандағы Гёте-институты/Алматы Қазақстан, Қырғызстан және Түркіменстанға жауапты.
Жоба аясында жоспарланған іс-шаралар: аудармашыларға арналған семинарлар, 2021 жылы Ташкентте өтетін Бірінші халықаралық поэзия фестиваліне қатысу, авторлық оқулар, поэтикалық перформанстар, сұхбаттар, заманауи еуропалық "Grand Tour" поэзиясының антологиясының таныстырылымы, бейне/фильмдер.