ҚОЗҒАЛЫСТАҒЫ МӘДЕНИЕТ

Kultur in Bewegung © Goethe-Institut

Шығыс Еуропа / Орталық Азия (ШЕОА) Гёте-Институтының Аймақтық Мобильдік Қоры

Мәдениет және өнер қайраткерлерінің сапарына берілетін стипендия

Өтінім беру мерзімі:

 
2021 жылдың 02 мамыр, Мәскеу уақытымен 23:59 дейін (2021 жылдың 15 шілде мен 15 желтоқсан аралығындағы сапарлар үшін)
 
Өтінім тілі:
Неміс, ағылшын (Германияға барған жағдайда)
Неміс, ағылшын, орыс (аймақ елдеріне барған жағдайда)
 
Мақсаттық аудитория: 18-ден асқан мәдениет және өнер қызметкерлері, мәдени ұйымдар
 
Қоғамның өзгеруіне екіжақты диалог қуат береді. Қозғалыстағы Мәдениет: ШЕОА Гёте-Институтының Аймақтық Мобильдік Қоры жаңа бағдарламасы заманауи мәдениет саласындағы акторлардың алмасуы мен кездесуіне мүмкіндік беріп, сол арқылы ШЕОА және Германия мәдени сахналарына шығармашылыққа талпындыратын күш бермек. Мақсат - ұзақ мерзімді құрылымдар мен мәдениетаралық серіктестікке мұрындық болу, яғни, оларды нығайта түсу.
 
Бағдарлама аясында осы мақсаттағы сапарларға стипендия беріледі. Олар қоғамдық өзгерістерді қолдап, оларды жариялап, өз ойын білдіріп жүрген мәдениет саласының қызметкерлері мен мәдениет ұйымдарына арналған.
 
Өтінім мынадай елдердің мәдениет және өнер саласы өкілдерінен қабылданады: Армения, Әзербайжан, Беларуссия, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Украина, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан.
 
Бағдарлама аясында Германиядағы мәдени ұйымдар аталған елдердің мәдениет қызметкерлерін Германияға шақыра алады.
 
Мәдениет қызметкерлерінің аталған елдерден Германияға, сол сияқты, ШЕОА аймағындағы аталған елдер арасындағы сапарлары қаржыландырылады.

 
Қор екі бағдарламадан тұрады:

1-Бағдарлама Германияда және ШЕОА аймағының жоғарыда аталған елдерінде өтетін мәдени шараларға қатысу мақсатында жеке сапарлаушы қайраткерлерге (өнерпаздар, кураторлар, продюсерлер,  мәдени/көркем жобалардың жетекшілері және т.с.с.) арналады.

2-Бағдарлама ШЕОА аймағы елдерінен мәдениет және өнер қайраткерлерін шақырғысы келетін Германия және ШЕОА аймағы елдерінде орналасқан мәдени ұйымдарға арналады. 
 

Сапардың мақсаттары мынадай болуы мүмкін

Жиі қойылатын сұрақтар