медиа-өнер және жаһандану
Көшпенді өмір салты
Медиа-өнерді көбінесе заманауи коммуникациялық технологиялармен сынап жатады. Өйткені коммуникациялық технологиялар тек экономиканы ғана емес, сонымен қатар неолибериализмнің салдары мен жаһандану құбылысымен сыни және шығармашылық тұрғыдан айналысатындарды да әлемдік деңгейде біріктіре біледі.
Қозғалыстағы сахна
Медиа-өнер өкілдері әдетте көшпенділер салтымен өмір сүреді – олардың мобильділігі виртуалды әлеммен шектелмейді. Олар медиа, өнер және технологияларды үйрететін жоғары оқу орындарына түсу үшін отандарынан кетеді. Мұндай оқу орындары негізінен Еуропа мен АҚШ-та. Мысалға Massachusetts Institute of Technology (MIT), California Institute of the Arts (CalArts), Англиядағы Goldsmith, Нидерландтағы Rijkskademie van beeldende kunsten, Кёльндегі Kunsthochschule für Medien (KHM), Веймардағы Bauhaus-Universität, Берлиндегі Universität der Künste (UDK), Карлсруэдегі Hochschule für Gestaltung немесе Майн жағасындағы Оффенбах Hochschule für Gestaltung атауға болады.
Сонымен қатар ЕО-ның қолдау көрсету құрылымдары медиа-өнер өкілдерінің мобильділігін қолдайды. Олар түрлі елдердің мәдени ұйымдары арасындағы ынтымаққа мүмкіншілік жасап, кей жағдайларда өздері әрекеттестіктің бастамашысы болады. Creative Europe мәдени-медиа бағдарламасына қатысу үшін, әдетте, кем дегенде үш еуропалық мәдени ұйым өзара ынтымақтасуы қажет. Тіпті платформалар мен желілерді қолдайтын арнайы бөлімдер бар. Олар үшін мәдениетаралық диалог, сандық әлеуметтік желілерді тарту және жобаға қатысушылардың мобильділігі маңызды талаптар болып табылады.
Мәдени айырмашылықтар жоқтың қасы
Шекарадан тыс медиа-өнер
Көрмелер
Соңғы жылдарда Германиядағы көптеген мәдени ұйымдар жаһандық мәдениет пен өнер құбылысымен айналысты. Берлиндегі Transmediale және Оснабрюктегі European Media Ars Festival фестивальдарында жаһандану тақырыбы жан-жақты қамтылған. 2003 жылы куратор, өнер зерттеуші Сюзанне Яшко Transmediale кіріспесінде «Өнер адамдарының жаһандану құбылысы мен оның көптеген экономикалық, әлеуметтік және мәдени салдарын біліп, ол туралы өз пікірін өз туындыларымен білдіре ме» дегенді анықтау үшін «Медиа-өнер қаншалықты жаһанданған?» деген сыни сұрақ қояды.Соған сай Ольденбургтегі Edith-Russ-Haus 2014 жылы өзінің i.2 буын – XXI ғасырдағы сандық эстетика атты көрмесін мынадай тезиспен дайындады: әлемдік желі жаңа жаһандық эстетикалық үрдістерді тудырады. Ал Дортмундық Hartware MedienKunstVerein өзінің World of Matter 2014 атты көрмесінде бүкіл жаһандық ресурстармен айналысуды сыни тұрғыдан зерттеуге тырысады.
2009 жылы Вюртемберг Өнер Орталығының Үкіметке қарсы практика – саяси қуғын-сүргін жағдайындағы өнер атты көрмесі Еуропа мен Америкадағы наразылықтарды халықаралық деңгейге көтеруге бағытталды. Көрмеде бразилиялық видеоөнердің пионері Летиция Парентенің бір кезде билік құрған әскери хунтаға қарсы наразылық белгісі ретінде өзінің табанына „Brasil“ фирмалық белгісін тіккені көрсетілген Marca Rеgistrada видеосы да көрсетілді.
Жаһандық өнер наразылығын Карлсруэдегі ZKM (Zentrum für Kunst und Medientechnologie, Өнер және медиа-технологиялар орталығы) да қолдайды. Global aCtIVISm – өнердегі жаһандану практикасы туралы үш жүз күндік көрме- марафонының бірінші бөлігі. Әлемді шарлаған медиа-өнермен айналысушылардың өзара байланыстары өсе түсуде. Сондықтан да олардың өнері жаһанданудың көрінісі ғана емес, сонымен қатар әрқашан оның бір бөлігі болып табылады.
Көрмелер
„Generation i.2 - Ästhetik des Digitalen im 21. Jahrhundert“ („i.2 буыны– 21-ші ғасырдағы сандық эстетика“), Edith-Russ-Haus Ольденбург, 15.11.2013 – 16.02.2014„World of Matter“, Hartware Medienkunst-Verein Дортмунд, 01.03.2014 – 22.06.2014
„global aCtIVISm“, ZKM Карлсруэ, 14.12.2013 – 30.03.2014