Гёте-Институт қызметкерлерінен басқа, Астана қаласы әкімдігі мен Қазақстандық био алуан түрлілікті сақтау Ассоциациясының (АСБК) өкілдері кірген әділ қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі орын жеңімпаздары анықталды:
1-ші орын – Ясмина Алина (жүлде: электросамокат)
2- ші орын – Орынбасар Калдарбек (жүлде: велосипед)
AISHA 16 және @ana0110sta атты 2 ойыншы белсенділігі мен креативтілігі үшін Қорғалжың табиғи қорығына барып, Қызыл Кітапқа енгізілген сирек кездесетін құстардың көшу қозғалысын бақылауға мүмкіндік алды.
Бас жүлде – екі адамға Германияға сапар -оны жеңіп алған ойынның барлық кезеңдері мен жоба жұмыстарына үнемі қатысып отырған, «Қала бұрыштары» ойынының бірнеше бекеттерінің авторы, Астана қаласы сәулет мекемелерінің бірінің қызметкері Дамиля Катренова болды. Ол осы жылдың қараша айында Германияға сапар шегіп, Берлиннің рождество қарсаңындағы ерекше кезеңіне тап болады.
Қарауылдар кеңесі жеңімпаздарды құттықтай отырып, олардың оқу мен еңбектеріне табыс тілейді. Ерекше алғысымызды үш жыл бойы Энергияның Сиқырлы Өзенінің тепе-теңдігін сақтап қалуға тырысқан және туған қалаларының экологиялық мәселелерін шешуге өз үлестерін қосқан, қоршаған ортамен үйлесімділік табуға тырысқан барлық Қарауылдарға білдіреміз. Сіздер ең үздіксіздер!