Баухаусқа 100 жыл
Баухаус туралы Сіз білуге тиісті сегіз зат
Жұпыны дизайн, қарапайымдылық және ұтымдылық – Баухаустың өмірді өзгерткісі келгені жөнінде
ЖАҢА АДАМ ТУРАЛЫ ҚИЯЛ
Қауымдастыққа өнер арқылы қолдау көрсету – Баухаустың көпшілікке жариялаған ашық мақсаты осы болды. Ол мақсат айқындалып жатпады: Баухаус өзінің қолданбалы өнерімен «Жаңа адамға» қызмет ете алуды армандады. Баухаустың негізін қалаушы әрі алғашқы директоры Вальтер Гропиус үшін бұл басқамен қатар әртүрлі өнер және кәсіп түрлерін бір-бірімен тығыз байланыстыруды білдірді. Сұлбасы жасалған нысандар арзан және жылдам өндірілу үшін өндіріс үдерісіне солай бейімделуге тиісті болды. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін экономикасы мүлде төменде қалған Германияда жақсы дизайн қайтадан қолжетімді болуға тиісті болды.БАУХАУС РУХЫ
Ол өнер шеберлерінің бейбіт қауымдастығына ұқсас еді: бүгінгі таңда белгілі графикалық дизайнер, сәулетші, сәнгер, диджей, аукционшы және фотограф өзара бас қосып, шалғайда жатқан бір өнер мектебінде шектеулі қаражатпен өмір сүріп, оқытып және қоғамның жақсаруы үшін жаңа идеялар дамытуға тиіс болды деп елестетіп көріңізші. Бірақ Веймар нақтылығы өзара үйлесімі жарасқан жасампаз қауымдастықтан алшақ болды. «Оның мүшелері өзара ешқандай бітімге келмейтін» деп жазды суретші Йозеф Альберс. «Василий Кандинский иә десе, мен жоқ дейтінмін, ал ол жоқ десе, мен иә дейтінмін». Гропиустың өз мектебі үшін қалағанының өзі де тура сол шығармашылық ретсіздік еді: «Баухаустың мақсаты – ешқандай стиль де емес, жүйе де емес, догма немесе канон, ұйғарым да емес және сән де емес! Ол ешқандай формаға байланбай, өзгермелі форманың ар жағынан өмірдің әсерін қанша іздесе, сонша өміршең бола алады!»
Дизайн революциясынан архитектура мектебіне дейін
Баухаустың Веймардағы алғашқы бекетіне (1919–1925) серпін мен іске деген ықылас тән еді. Гропиус идеяларды біріктіріп, шеберханалар салуға тырысты. Веймарда әлі де теорияға көңіл бөлінсе, екінші директор Ханнес Мейер Дессауда (1925–1932) үнемшілдікке назар аударуға мәжбүр болды.
Басты түстер мен басты формалар туралы ойлануға қаражат болмады, назар әлеуметтік құрылысты жобалауға аударылуға тиісті болды. Мейер Баухаусты «пролетарландыру» туралы айта бастады. Кейін Людвиг Мис ван дер Роэнің басқаруымен Берлинде (1932–1933) көркем пәндер арасында синергетикалық әсер тудыруға қатысты ең алғашқы идеядан толық бас тартылды. Баухаус енді сәулет мектебіне айналды.
кіші әріптермен жазу
Баухаустағы әйелдер
Ессіз костюмді сауық кештер
Баухаус тек геометриялық формалар мен абстрактылы формулалар туралы ғана ойлаған салмақты авангардистердің ордасы болды деп ойлаған адам сөзсіз қателеседі. Баухаус өзінің қарапайым, сөйте тұра революциялық дизайнымен ғана танылған жоқ, сонымен қатар әйгілі тақырыптық және костюмді сауық кештерге, сондай-ақ би және театр кештеріне де көңіл бөлді. Апталар бойы экстравагантты костюмдер мен париктер дайындалып, биге жаттығулар орын алды. Техникалық прогреске пародия жасалып, «Фигурамен сәнделген кабинет» немесе би, әртістік ойын және пантомиманың гротескілік қоспасы «Триадалық балет» секілді қойылымдар сахналанды. Баухаустық стильдің қатаңдығы Веймар, Дессау және Берлиндегі өмірдің тек бір қыры ғана болды.
Әжуа
Ерекше идеялары мен дәстүрмен қайшылықтары туралы келеке баухаустықтарды көп күттірмеді. Философ Теодор В. Адорно жайпақ төбелі үйлерді «консерв құтылары» деп атаса, голланд суретшісі Тео ван Дусбург Баухаус «экспрессионистік конфитюр» өндіреді деп кекеді. Ал философ Эрнст Блох Баухаус өнеріне «тарихсыз» деген сипат берді. Бұл зәрлі сөздерді зор табыстың бір бөлшегі ретінде тануымыз қажет шығар.
Баухаустағы секта
Эзотерикадан шабыттанған дзен мастерінің рөлі 1919 жылы Баухаусқа ұстаз ретінде келген Йоханнес Иттеннің қолына өтті. Шәкірттері қатты қадірлеген, қарсыластары іштерінен жек көрген ол Баухаусқа Маздазнан сектасының ілімін ала келді. Секта вегетарианшылықты, ауыз бекітуді және арнайы тыныс алу мен жыныстық қатынасқа қатысты ілімді жүзеге асырды. Оның оқыту тәсілдері де жұртты дүрліктірді: олардың қатарына гимнастикалық және тыныс алу жаттығулары ғана емес, шәкірттері айтқанын істемеген кездерде ұстаздың ашуын сыртқа шығару жолдары да жататын. Иттен Гропиуспен болған бір жанжалдан соң 1923 жылы Баухаустан кетіп қалды. Шлеммер шебер тағы да өткір сөзін айтып қалады: «Медитация мен жосындар Иттен мен оның үйірмесі үшін жұмыстан да маңыздырақ болатын».