МӘДЕНИ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЭКОНОМИКА
БАСТАУ: ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ САЛАНЫҢ ӘЛІПБИІ
Стартап деген не? Инновация деген нені білдіреді? Инкубатордың Акселератордан айырмашылығы неде? Шығармашылық саланың маңызды ұғымдарын түсіндіреміз.
-
Фото: © Adobe/ Nejron Photo
Стартап
Шығармашылық саладағы табысты кәсіпорын көбінесе бір стартаптан, ең керемет дегенде, қандай да бір инновативті идеяға негізделген жаңа құрылған кәсіпорыннан, бастау алады. Кәсіпорын құрушылардың көпшілігі сырттан келген қаржы бөлушіге бейімделеді. Оның бір сәтті мысалы – Airbnb. 2007 жылы бір вебсайт пен бір ауа матрасынан басталған нәрсе аздаған жылда он миллиард АҚШ доллары тұратын кәсіпорынға айналды. Ондай жетістікке қол жеткізу, әрине, аз адамның ғана қолынан келеді. -
Фото: © Adobe/ Photographee.eu
Коворкинг кеңістігі
Көптеген стартаптың алғашында кеңсе сияқты инфраструктураға да капиталы болмайды. Ондайда табылатын шешімнің аты коворкинг кеңістігі: стартаптар, тәуелсіз мамандар, сол сияқты, басқа да шығармашыл «бастар» инфраструктураны бөлісіп, көбінесе, ноухау жағынан да бір-біріне өзара қолдау көрсетеді. Бұл, әрине, үнемдеуге жақсы. Мысалы, Берлинде күніне 15 Евродан немесе айына 125 Евродан шығармашыл бюро қоғамынан бір орын алуға болады. -
Фото: © Adobe/ s4svisuals
Кәсіпкерлік рух
Бұрын, мәтелдеп айтқанда, инженерге ештеңе «қиын» емес еді, бүгінгі таңда ол орында кәсіпкер, яғни, бір стартап құрушы. Кәсіпкерлік рух дегеніміз кәсіпкерлік, инновативті идеялар, жалпы, кәсіпкерлер қоғамдастығы. Әлеуметтік және экологиялық мәселелердің шығармашыл шешімін іздеуші адам Әлеуметтік ккәсіпорын құрады. Ондайда, негізі, басты мақсат алатын табыс емес, қоғамдық мәселені шешу болып табылады. -
Фото (кесінді): © Adobe/ Rawpixel.com
Инновация
Инновация – стартаптар мен кәсіпкерлік рухтың артында тұрған қозғаушы мотор. Латынның «Жаңару» деген сөзінен шыққан ұғым экономикалық және қоғамдық өзгерістердің шығармашылық идеяларымен қатар енгізілуі тиіс. Тоқтаусыз өсіп келе жатқан шығармашылық сайыстардың саны, сол сияқты, инновациялық менеджменттің жаңа мамандық аясы қоғамның дамуы үшін де, экономика үшін де инновациялық идеялардың қаншалықты маңызды екенін анық көрсетеді. -
Фото (кесінді): © Adobe/ Mirko
Инкубатор
Инкубатор стартап үшін инкубатор жәшігі тәрізді. Бизнес-инкубаторларында жас кәсіпкерлерге инфраструктура, кеңес беру, және, ең керемет дегенде, тіпті болашақ инвесторлардың контактілері де беріледі. Көп инкубаторлардың мазмұн жағынан негізгі мақсаты болады: Неміс Social-Impact-Labs арнайы әлеуметтік кәсіпорындарды қолдайды, Швейцарияның Creative Hub-ы дизайнерлердің бизнес-идеяларын қолдау үшін мамандандырылған. -
Фото: © Adobe/ peshkova
Акселератор
Акселератор, «Жылдамдатқыш» деуге болады, инкубатордан жұмыс жоспары арқылы ерекшеленеді. Ол стартаптарға қаржыландыру мен инфраструктура жағынан қолдау көрсетеді, бірақ белгілі бір шектеулі уақытқа ғана. Мақсат – олардың өздерінің инновативті бизнес-үлгілерін неғұрлым тезірек іске қосу. Акселераторларды көбіне беделді технологиялық концерндер жүргізеді. Акселератор қолдау көрсеткен сәтті стартап мысалы ретінде Dropbox пен Disqus-ті айтуға болады. -
Фото (кесінді): © Adobe / Rawpixel.com
Краудфандинг
Стартап құрушылардың өз идеяларын қаржыландыру үшін краудфандинг бастауға да мүмкіншіліктері бар. Қаржы жинаудың бұл түрінде олар өз идеяларын Интернет арқылы көпшіліктің, бәрінен бұрын, жеке инвесторлардың назарына ұсынады. Егер соңғылары ол идеяға сенсе, стартапқа, краудфандинг-кампаниясының түріне қарай, ақшалай қайырымдылық көмек көрсетіп, қарыз беріп не тіпті инвестицияландыруы мүмкін. Әдемі The Dash құлаққабын өндіру, мысалы, сондай краудфандинг арқылы жүзеге асты.