Алматы
Досым Сатпаев, саясаттанушы

Сіз үшін өзіңіздің қазіргі жағдайыңыз не Сіздің елдегі қазіргі жағдай нені білдіреді?

Туындап отырған дағдарыс жағдайы - бұл жаңа зерттеу объектісі, дағдарысқа қарсы менеджмент бойынша кейс. Бұл, сол сияқты, адамдар өздерінің жайлы аймағынан шығып кететін төтенше жағдай кезіндегі адам психологиясын зерттеу бойынша да кейс. Ал Қазақстан билігі мен қоғамы үшін бұл жаңа бір сын болды, көп мәселені ашық көрсетіп берген индикатор тәрізді. Атап айтсақ, мектеп оқушыларын қашықтан оқыту әдісін енгізу кезінде интернет жүктемесі шамадан асып кетіп, цифрлық экономиканың сәтсіздікке ұшырауы. Не биліктің сөзі мен ісіне сенімнің күйреуі. Нәтижесінде қазақстандықтардың біраз бөлігі тіпті қатаң карантиннің енгізілуі, елдегі митингтерді азайту үшін, саяси мақсатты көздей ме деп, күмәнданып та қалды. Бірақ сенім болмаса, төнген қатерді жою мақсатында бірігіп істеген жұмыстың тиімді болуы екіталай.
Viele fühlen sich nicht mehr wohl © © Dossym Satpayev Viele fühlen sich nicht mehr wohl © Dossym Satpayev

Дағдарыстың ұзаққа созылатын қандай салдары болуы мүмкін (әлеуметтік, азаматтық қоғамдық, жүйелік т.с.с.)?

Коронавирус пандемиясы және мұнай бағамының күрт төмендеуі Қазақстанда үлкен әлеуметтік-экономикалық мәселелер тудырады. Карантин өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған кіші және орта бизнес үшін соққы болды. Елде, сол сияқты, 1,5 миллионға жуық өзін-өзі жұмыспен қамтушы адам бар және ең алдымен жұмыссыз қалатын солар. Мемлекет бюджетінің шамамен 50%-ын мұнайгаз секторы құрайтындықтан, мұнай бағамы барреліне $45 доллардан төмендегенде, мұнай мен газ экспортынан түсетін бюджет кірісі күрт түсіп кетеді.
Lokale Behörden sind besorgt © © Dossym Satpayev Lokale Behörden sind besorgt © Dossym Satpayev
Коронавирус пен мұнай бағамының төмендеуі ұлттық валютаның құнсыздануына, бағаның көтерілуіне, инфляцияның өсуіне, экономиканың көптеген секторларының тоқырауына және жұмыссыздықтың өсуіне әкеліп соқты да. Жергілікті билік елдегі әлеуметтік -экономикалық жағдайдың нашарлауы, тұрмыс деңгейінің төмендеуі және жұмыссыздықтың өсуі әлеуметтік шиеленісті ушықтыра түседі деп қауіптенуде. Ал бұл наразылық көңіл-күйдің жаңа деңгейге өтуіне түрткі болады. 

Сізді үміттендіретін не?


Менің үмітімді сөндірмейтін «Бізді өлтірмеген нәрсе мықты етеді» (То, что нас не убивает, делает сильнее) деген мақал. Сондықтан кез-келген дағдарыс - бұл жаңа тәжірибе және сабақ, олардан дұрыс қорытынды жасау керек. Егер бұрын жаһандануды жаһандық тұтыну қоғамы ретінде қабылдаған болсақ, коронавирус пандемиясы көп адамдарға жаһанданудың, сонымен қатар, баршаға төнген қауіп пен баршаға ортақ жауапкершілік екенін де көрсетіп берді. Коронавирус климат өзгеруі туралы баяғыда айтылған ескертулердің істей алмағанын істеп отыр. Вирус бәріміздің бір қайықта отырғанымызды және ұлтымызға, әлеуметтік ауқатымызға не еліміздің экономикалық дамуына да қарамай, бір дауылдың құрбаны болуымыз мүмкін екенін көрсетті. Пандемия өткен соң, адамдардың санасына көбірек жауапкершілік орнайтынына үміттенгің келеді. Көп елдердің билігі денсаулық сақтаудан үнемдеудің қауіпті екенін түсінеді, өйткені әскер де, банк те, бизнес те вируспен соғыстың алдыңғы шебіне шықпайды. Білім беруден үнемдеуге болмайды, өйткені дағдарыс жағдайында білімсіздік ауру таратуға, сол сияқты, инфовирустарды таратуға түрткі болады. Сонымен қатар, цифрлық экономиканы да қолдау керек. Ғылыми зерттеулерден де үнемдеу – ақымақтық, өйткені олар болашақ қатерді көруі мүмкін және саясаткерлердің көпшілігі елемейтін дағдарысқа қарсы алдын алу шараларын ұсынуы мүмкін.