Көптеген адамдар қоршаған ортамен үндестікте өмір сүргілері келеді – бірақ ол қатынас барынша қолайлы және тым шектеулі болмауға тиіс. Ол үшін идеялар жетеді: экологияға тигізер пайдасы зор күнделікті тұрмыстағы шағын көмек құралдары туралы.
КЕПІЛДІК ЖҮЙЕ: ЭКОЛОГИЯҒА ЗИЯНСЫЗ СТАҚАНДАР
RECUP | Foto (Detail): © picture alliance/Britta Pedersen/dpa/dpa-Zentralbild
Германияда жылына жолшыбай ішетін кофеге арналған 2,8 млрд бір реттік стақан қоқысқа тасталады. Бұл сағатына 320 000 стақан деген сөз. Қақпағын, сорып ішетін түтікшесін және араласатыратын таяқшасын қосып санағанда, олар қоқыстан құралатын тау-төбені жылына 55 000 тоннаға өсіреді. Бұ жерде көмекке RECUP, бүкіл Германия аумағына ортақ кепілдік стақан жүйесін шақыруға болады: көптеген дүкендерде кофеге бір реттік стақандардың орнына RECUP-пен тапсырыс беруге болады, ол үшін кепілдікке бір евро төлейсің және стақанды босаған соң RECUP серіктестерінің кез келген біреуіне тапсырып, кепіл евроны қайтарып аласың. Бұл жүйе елдің Мюнхеннен бастап Балтық теңізіне дейінгі бүкіл аумағында 2400-ден астам орында жұмыс істейді. 100 % қайта өңделген синтетикалық материалдан жасалған боз стақандар қатысушы әрбір қалаға арналған Skyline нұсқада да бар – жинау үшін!
ОРАМАСЫЗ: ЭММА АПАЙДЫҢ ЖАСАМПАЗ НЕМЕРЕСІ
Кёльндегі Ольга апай | Foto (Detail): © picture alliance/Marijan Murat/dpa
Бұрын орама аз болушы еді! Ескі «Эмма апай дүкендерінде» тауар газетке оралатын, ал сусымалы өнімдерге арналған арнайы ыдыстар болатын. Эмма апай үшін ол мұқтаждық болған болса, қазіргі Германиядағы орамасыз дүкендер саналы түрде азық-түлік өнемдері саудасындағы қоқыс көлемін шектеуге ұмтылуды. Жаңалықты табушы Берлиндегі
Original Unverpackt -тен басқа мысалға, Кёльнде Ольга апай да бар. Ольга Виттің дүкені заманауи мол, биологиялық және вегандық өнімдер жинағын ұсынады – және оның бәрі де әжеміздің заманындағыдай орамасыз күйде. Орамасыз дүкенде сауда жасаған адам бірақ салып алатын өнімдер үшін өз ыдыстарын ала келуі керек.
ОНЛАЙН-ШОПИНГ: ПЛАСТИКСІЗ САУДА ЖАСАУ
ПЛАСТИКСІЗ САУДА ЖАСАУ | Foto (Detail): © Little Bee Fresh
Сенің қалаңда әлі орамасыз дүкендер жоқ па немесе ауылдық елді мекенде тұрасың ба? Проблема жоқ! Тауарды жіберуші қызмет көрсететін сауда да қазір ойланып, ғаламторда пластиксіз сауда жасаудың бірқатар мүмкіншіліктері пайда болған. Ассортимент азық-түлік өнімдері мен күнделікті тұрмысқа қажетті заттардан бастап нәрестеге арналған дүниелер, кеңсе заттары, ас үй жабдықтары мен үйдің керек-жарақтарына дейін қамтиды: мысалға, Тюрингиядағы
Greenhall немесе Саксониядағы
Laguna -ны атауға болады. Констанц қаласындағы
Monomeer онлайн-дүкені дене күтімі саласының өнімдерін ұсынып, қалдықсыз қағидасын ұстанса, Кёльндегі
My little Steps ванна бөлмесіне немесе ас үйге арналған жинақтарымен мүлде пластиксіз өмір бастауыңызға көмектеседі.
МОБИЛДІЛІК: ВЕЛОСИПЕДТІ ЖАЛҒА АЛУ
Германияда көпшілікке арналған велосипедті жалға алу | Foto (Detail): © meinRad
Экологияға зиянсыз мобилділік барысында ойға бірден велосипед түседі. Германияда бүгінгі таңда іс жүзінде көпшілікке арналған велосипед тақырыбы бойынша көптеген ақылды шешімдер ойлап табылған. Оның бірі – Майнц қаласында іске асырылған
meinRad науқаны: қосымшаны жүктеп алып, картадан өзіңе жақын орналасқан велосипед бекетін іздеп тауып, қалаған велосипедіңнің QR-кодын скандасаң болды – іс жүріп кетті дей бер. Жалға алу мен есеп жасау автоматты түрде, қолма-қол ақшасыз жүзеге асады; жолшыбай тоқтау – электронды кілттің арқасында проблема емес. Ең қолайлысы велосипед тарифтері мен жалға алу бекеттері жақын қашықтықтағы қоғамдық көліктер жүйесімен сәйкестікте бекітілген. Бұған ұқсас концептілер басқа да көптеген қалалардан да табылады, тіпті Узедом аралында да бар.
АПСАЙКЛИНГ: КОФЕМАШИНА АМАН БОЛСЫН
Жөндеу кафесі | Foto (Detail): © picture alliance/Daniel Naupold/dpa
Күнделікті өмірді экологиялық сипатта қалыптастырудың ең жақсы жолы – тіршілікке қажетті дүниелерді ұзағырақ қолдану. Екінші жағынан, бұл қоқысқа тастай салудың орнына жөндеу қажет дегенді де білдіреді. Бірақ мен сұлбаны дискіден ажырата алмасам, бұзылып қалған кофемашинаны қайтем? Ине ұстай алмасам, құс жүнімен қапталған күртешеме жаңа сыдырма ілгекті қалай тігемін? Жауабы оңай: әуре болмаймын да. Оның орнына мен сол іс қолынан келетін адамды тауып, онымен
Repair Café -нің (жөндеу кафесінің) жайлы атмосферасында кездесіп, тапсырыс беремін. Германияда қазіргі таңда 2000 астам осындай уақытша жөндеу шеберханалары жұмыс істейді. Оларды
www.repaircafe.org сайтынан табуға немесе сол сайтқа өзің біреуін тіркеуіңе де болады.
Пластиктегі жемістер
Пластиктегі жемістер | Foto (Detail): © Adobe
Бәріміз де сауда жасаған кезде ешқандай ораманы талап етпейтін өнімдерді көріп, ашуланған болармыз. Көптеген заттарды – мысалға, пияз немесе алманы – табиғаттың өзі-ақ жақсылап орап қойған жоқ па. Пластик терілі кокос жаңғағы? Онша ұтымды емес. Өндірушілер бұл жайттың клиенттердің қалауы екенін жиі тілге тиек етеді. Сол себептен де Дженнифер Тимроттың
Жағалау пластикке қарсы бастамасының
Replace Plastic қосымшасы жұмыс істейді: жүктеп алып, қажетсіз пластик орамалардың штрих-кодтарын скандау керек. Бастама содан кейін сауда-саттыққа біздің аталмыш өнімдер үшін экологияға зиянсыз орамалар қалайтынымызды жеткізеді.
CODECHECK: ІШІНДЕ НЕ БАР ЕКЕНІН БІЛУ
CodeCheck | Foto (Detail): © CodeCheck
Экологиялық өмір салттарының қыры көп: кейбір адамдар толық веган түрде өмір сүреді, екінші біреулері пальма майы секілді белгілі бір ингредиенттерден қашады. Ал үшінші біреулер денелерін микропластикпен шаршатқанға әбден тойған. Мұндай жағдайлардың барлығы үшін
CodeCheck қосымшасына жүгінуге болады: өнімнің штрих-кодын скандап, ғылыми дереккөздер негізінде ингредиенттер туралы ақпараттарға қол жеткізіп, экологиялық тұрғыдан таза әрі пайдалы баламаларды тауып танысуға болады. Мұның бәрін өз қажеттіліктеріңе сәйкестіріп реттеуге болады. Бірлестікті
CodeCheck -тің қосымшалар сататын дүкендерде кейде WhatsApp пен басқа да ұқсас қосымшалардан асып кеткені қуантады.