Жасыл болашақ
Көріністері бар

Бұл жетеуі әлемді жақсартқысы келеді.
Бұл жетеуі әлемді жақсартқысы келеді. | Фото (толығырақ): © Adobe

Әлемді өзгертуге ұмтылған адамдардың ішінде: осы жеті ғалым, кәсіпкерлер мен белсенділер Германиядағы тұрақты бейбітшілікті қолдайды және болашақ туралы армандарын қалыптастыру үшін белсенді жұмыс істейді.
 

ХАЙКЕ ФРЕЙД: ТЕРМОЯДРОЛЫҚ ЭНЕРГИЯМЕН БІРГЕ

Инженер-экономист және лазерлік технологиялар сарапшысы Хайке Фрейнд СО2-сіз энергия өндірісінің болашағына қатысты белгілі және әлі күнге өзекті концепция - термоядролық энергия туралы көзқарасты ұстанады.     
Басқарушы директоры Фройнд болып табылатын Мюнхендегі Marvel Fusion стартапы электр энергиясын өндіруде төңкеріс жасауды мақсат етеді.  Термоядролық ғалымдар мен лазерлік және нанотехнология саласындағы сарапшылардың халықаралық тобы қазіргі уақытта сынақ реакторын дайындауда. Бұл үшін арналған отын – сутегі-1 және бор-11 – ешқандай радиоактивті қалдықтарды тудырмауы керек. "Термоядролық энергия әлемді өзгерте алады. Бұл әлемдегі энергия қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын қауіпсіз және таза энергия көзі», – дейді Фройнд энергия өндірудің бұл түріне деген өзінің қызығушылығын түсіндіре отырып.
Электр энергиясын өндіруде төңкеріс жасауға болады, бұған ғалым және кәсіпкер Хайке Фройнд сенімді.
Электр энергиясын өндіруде төңкеріс жасауға болады, бұған ғалым және кәсіпкер Хайке Фройнд сенімді. | Фото (толығырақ): сурет альянсы/SZ Фото/Фридрих Бунгерт

ХАРАЛЬД ВЕЛЬЦЕР: ҚАРСЫ МОДЕЛЬДЕРМЕН

Соңғы 120 жыл ішінде қолдан жасалған заттардың массасы шамамен 20 жыл сайын екі есе өсті. «Әлем табиғидан жасандыға, тіпті тіріден өліге үдемелі жылдамдықпен өзгеруде», - дейді әлеуметтанушы және трансформациялық дизайн профессоры Харальд Вельцер осы үдеріске түсініктеме бере отырып. Бестселлер авторы ондаған жылдар бойы біздің қоғамның ысырапшылдыққа тәуелділігін сынға алумен келеді. Сонымен бірге Вельцер үнемі болашақтың жағымды көріністерін де іздейді: Оның «Futurzwei» қоры үлкенді-кішілі утопиялардың мысалдарын және бір реттік капитализмге қарсы нақты үлгілерін жинайды. «Табыс картасы» сізді мұнайсыз химиялық зауыттан бастап адал сатылатын компьютерлік тінтуірге дейін неміс тілінде сөйлейтін аймақтағы жүздеген тұрақты жобалармен танысуға шақырады.
Әлеуметтанушы Вельцер сонымен қатар ток-шоудың құрметті қонағы, мәселен 2020 жылы Маркус Ланцпен бірге.
Әлеуметтанушы Вельцер сонымен қатар ток-шоудың құрметті қонағы, мәселен 2020 жылы Маркус Ланцпен бірге. | Фотосурет (толығырақ): © picture alliance/Geisler-Fotopress/gbrci

ОЛИВЕР РИДЕЛЬ: ҚАЙТА ӨҢДЕУШІ

Дрездендегі биофабриканың негізін қалаушы Оливер Ридель өз кәсібін «Бас атқарушы оптимист» деп атайды. 2011 жылдан бастап оның компаниясы шикізатты қайта өңдеу төңкерісінен кем емес миссияны жүзеге асыруда, мәселен, биофабрика ұжымы энергия, тамақ өндіруге және қалдықтарды жоюға арналған тұрақты технологияларды дамытуда. Ридель Үндістанға мотоциклмен барған кезде дамушы елдерде пластмасса қалай өңделетінін ұғынды. «Онда мен бәрін орталықтандырылмаған түрде жасау керек деген ойға келдім. Ірі зауыттардан қашықта, ауылдың жанында тұрған шағын контейнерлерге адамдар пластикалық қалдықтарды жеткізу үшін ақша алады, содан кейін әкелінген пластмассадан өнімдер жасалады»,- дейді ол.  Дамушы елдерге арналған контейнерлік шешімдерімен Ридель мен оның әріптестері бір оқпен бірнеше қоянды атып алғылары келеді: қалдықтарды азайту, қалдықтарды энергия мен отынға қайта өңдеу және қайта өңдеу және қоқыс жинаушылар үшін қауіпсіз табыс. Айтпақшы, пайдалы қазбаларды пайдалануды азайту үшін биофабрика жайылым шөбінен жасалған 100 пайыз органикалық сұйық тыңайтқышты да жасап шығарды.
Биофабриканың негізін қалаушы Ридель "WastX Plastic" зауытында, онда пластика қалдықтары майға өңделеді.
Биофабриканың негізін қалаушы Ридель "WastX Plastic" зауытында, онда пластика қалдықтары майға өңделеді. | Фото (толығырақ): © сурет альянсы / dpa / DPA-Орталық сурет / Роберт Майкл

КРИСТОФ МАЙНЕЛЬ: БҰЛТТЫ ТЕХНОЛОГИЯ  

Кристоф Майнель шын мәнінде компьютер ғалымы және IT профессоры.  Ол Потсдамдағы Хассо-Платтнер институтының директоры болып отырса да: «Бұл әлеуетті пайдалану маңызды қоғамдық міндет»,-деп, цифрлық білім берудің заманауи коммуникациялық технологияның әлеуетіне қызығушылық танытып отыр. Оның институты әзірлеген MOOCs деп аталатын (жаппай ашық онлайн курстар- «үлкен ашық онлайн курстар») openHPI платформасы ақысыз оқуды ұсынады, онда жүздеген мың қатысушы интернет арқылы онлайн режимінде жоғары білім алуда. Майнель мен openHPI бұқара халыққа тегін цифрлық жалпы білім беру бағытын ұстануда.
Барлығына ортақ цифрлық жалпы білім беру: Осы мақсатта Потсдам университетінің деканы Кристоф Майнель openHPI білім беру платформасын құрды.
Барлығына ортақ цифрлық жалпы білім беру: Осы мақсатта Потсдам университетінің деканы Кристоф Майнель openHPI білім беру платформасын құрды. | Фото (толығырақ): © HPI / Kэй Хершельман
АИДА ШРАЙБЕР: ЭЛЕКТРЛЕНДІРІЛГЕН


Олар әсіресе, Мали мен Нигерияны көп аралайды: Аида Шрайбер мен оның жұбайы Торстеннің күн контейнерлері ондаған ауылды жасыл энергиямен қамтамасыз етуде.
Олар әсіресе, Мали мен Нигерияны көп аралайды: Аида Шрайбер мен оның жұбайы Торстеннің күн контейнерлері ондаған ауылды жасыл энергиямен қамтамасыз етуде. | Фото: © Africa GreenTec2014
2014 жылы Аида Шрайбер жұбайы Торстенмен бірге Аиданың туған елі  Малиге саяхат жасайды. Ысырапшыл мұнай генераторлары арқылы қанша электр энергиясы өндірілетінін байқаған кезде, климаттың мән-жайына қанық ерлі-зайыптылар климатты қорғау міндеттемесінің Сахараның оңтүстігіндегі Африкада басталатынына көз жеткізді. Мұнда халықтың жартысынан көбі электр желісіне қосылмаған. Сонымен қатар, климатқа қолайлы электр энергиясы жергілікті халықтың болашағын қамтамасыз ету үшін негізгі талап болып табылады. Электр қуаты бар жерде халықтың тұрмысы жақсарады, шағын кәсірорындар мен жұмыс орындары ашылады. Аида Шрайбер  жұбайымен бірге бастама көтеріп, «Africa GreenTec» компаниясын құрды. Кәсіпорын мобильді күн контейнерлерін шығарады, оларды екі күнде орнатуға болады әрі бағасы да арзан. Сонымен қатар, әсіресе, Мали мен Нигериядағы ондаған ауыл энергиямен қамтамасыз етілуде. «Africa GreenTec» компаниясы ең шалғай аудандарда да тұрақты өндірілетін энергияны қолжетімді еткізуге болады деген пікірде. 


ФЕЛИКС ФИНКБЕЙНЕР: АҒАШ ОТЫРҒЫЗУШЫ


Төртінші сыныпта Феликс Финкбейнер климаттың өзгеруі туралы мектепте презентация жасап, сыныптастарын ағаш отырғызуға ынталандыруға тырысты. Айтылды, істелінді, «Plant-for-the-Planet» бастамасы дүниеге келді, ал үш жылдан кейін оның жобасының арқасында миллионыншы ағаш отырғызылды. 2011 жылы сол кездегі 14 жастағы жасөспірім Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының алдында сөйлеген сөзінде: «Біз, балалар, ересектер қиындықтар мен олардың шешімдерін білетінінен хабардармыз. Неге сонша аз екенін түсінбейміз», - дегені сол кезде оны «Fridays For Future»  қозғалысының беделді спикеріне айналдырды. «Plant-for-the-Planet» ұйымы әлі де қанатын кеңге жаюда, семинарлар ұйымдастырып, ұдайы ұлғаюда және бүкіл әлемдегі адамдарды жаңа ағаштар отырғызу үшін қайырымдылық жасауға ынталандырады. Бүгінгі таңда «Plant-for-the-Planet» және серіктес ұйымдар тарапынан 77 миллионнан астам ағаш отырғызылды.

Феликс Финкбейнер қазір «Fridays For Future» қозғалысының ең беделді спикерлерінің бірі.
Феликс Финкбейнер қазір «Fridays For Future» қозғалысының ең беделді спикерлерінің бірі. | Фото (толығырақ): © picture alliance/dpa/Lino Mirgeler
ДЖУЛИАНА КРОНЕН: Заттай қайырымдылықтар

Бизнесті басқару саласының докторы Джулиана Кронен ондаған жылдар бойы халықаралық бизнес алаңына қатысып келеді. Алайда, бүгін таңда ол ең алдымен қайырымдылық мақсатында заттай қайырымдылық ұйымдастыратын «іnnatura» компаниясының негізін қалаушы және басқарушы директоры ретінде әрекет етеді. «Innatura» оқиғасы 2011 жылы 200 000 бөтелке қате таңбаланған шаш сусабынынан басталды. Сол кезде менеджер болып істеген Кронен өндіруші тауарлардан құтылуға әрекет жасап жатқанын біліп, түрлі қайырымдылық ұйымдарына жүгінді. Бірақ олар да мұндай үлкен мөлшердегі сусабынмен не істеу керектігін білмеді. Кронен неміс компанияларының жыл сайын құны жеті миллиард еуро тұратын жаңа тауарларды қоқысқа тастайтынын анықтады. Мұның себептері көбінесе елеусіз болып көрінеді: жапсырма қате жапсырылған, болмашы қате кеткен, сәл өзгеше мөлшерде толтырылған. Кронен бұл өнімдерді пайдаланудың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық әлеуетін көрді: «іnnatura» компаниясы мұндай тауарларды жинайды, сақтайды және кейінірек оларды коммерциялық емес ұйымдарға аз ақыға береді. Алғашқы екі жылда «innatura» компаниясы 300-ден астам қайырымдылық ұйымына үш миллион еуроға жуық заттай қайырымдылық көмек көрсетті. Кронен «DAX» компаниясының дивидендін одан әрі 0,03 пайызға арттыруға тырысқаннан гөрі мүлде басқа тетіктерді қолдануға ынталы.
Бизнес-кеңесшіден әлеуметтік кәсіпкерге дейін: Юлиана Кронен «Innatura» компаниясымен бірге сұрыпталған тауарларды коммерциялық емес ұйымдарға сатады.
Бизнес-кеңесшіден әлеуметтік кәсіпкерге дейін: Юлиана Кронен «Innatura» компаниясымен бірге сұрыпталған тауарларды коммерциялық емес ұйымдарға сатады. | Фото (Фрагмент): © Селина Пфрюнер