2021 жылғы неміс комикстерінің трендтері
Тұрақтылық пен хикая жазуға қабілеттілік

Германияда комикстер көрінісі алуан түр мен кәсіби сипатқа ие болды: суретші Мавильдің «Күш ханшайымдарының патрулі», "Дуал, баспалдақ, құрылысшылар"-дің кейіпкерлері.
Германияда комикстер көрінісі алуан түр мен кәсіби сипатқа ие болды: суретші Мавильдің «Күш ханшайымдарының патрулі», "Дуал, баспалдақ, құрылысшылар"-дың кейіпкерлері. | Фото (Толығырақ): © Moaville / 2021 жылғы репродукция

Германияда комикстер көрінісі алуан түр мен кәсіби сипатқа ие болып қана қойған жоқ, жанр оқырмандар арасында танымал бола бастады. Балалар комикстерінен бастап, Корона күнделігіне дейін - 2021 жылдың трендіне айналды.

Соңғы жылдары суретшілердің комикстердің көркемдігіне қаншалықты көбірек бет бұрғаны таңырқай бақыланатын болса, бүгінде медианың баяндауы мен кәсібилігін оқырман қауым сүйсіне қабылдап жатқанын айтуға болады.

Бұл, мысалы, балалар комикстері саласында айқын көрінеді.
Егер бірнеше жыл бұрын балалар мен жасөспірімдерге арналған сәтті комикстер саусақпен санарлық болса, мысалы, Q-R-T, қазір Фердинанд Лутцтың мейірімді басқа планеталықтар туралы бірнеше томды қамтитын хикаясы бар. Атап айтсақ, Reproduct, Kibitz баспасы немесе Egmont Bäng! сияқты жаңа белгілер! Көптеген мамандандырылған баспагерлер баяндаудың осы түріне ықылас танытуда, сонымен, Loewe жоспарлаған графика да суретшілер үшін жаңа платформаларды ашады. Осылайша, жаңа, тартымды және көңілді оқиғалар жасалады, олар да кәсіби түрде жүзеге асырылады.

Суретші Марк Витцель «Күш ханшайымдары патрулінде» гендерлік клишелерді ойнатады.
Суретші Марк Витцель «Күш ханшайымдары патрулінде» гендерлік клишелерді ойнатады. | Фото (Толығырақ): © Mawil/Reprodukt/2021 ж.

Фолькер Шмитт пен иллюстратор Мариям Бен-Арабтың Зак комикстері - күнделікті қарақшылық шытырман оқиғалармен астасатын балаларға арналған баяндаудың жаңа түрінің тамаша үлгісі. Сонымен қатар, қара нәсілді Бонни атты қыз бала ұлдар мен қыздарды сымбатты да жағымды болмысымен өзіне тартады. Күш ханшайымдарындағы Патруль мен Дуал, Баспалдақ, Құрылысшылары гендерлік клишелерді шебер ойнайды және мәтінді тапқыр аллитерациямен таң қалдырады.

ОТБАСЫ ТАРИХЫ ЖӘНЕ КОРОНА ТӘЖІРИБЕСІ

Полина Стулин «Менің үйімде» шығармасында өз өмірі туралы әңгімелейді.
Полина Стулин «Менің үйімде» шығармасында өз өмірі туралы әңгімелейді. | © Хайке Дицтің фотосы
Сонымен қатар көптеген ересектерге арналған графикалық романдарда гендерлік рөлдер, сәйкестіктер және жеке тәжірибе рөл атқарады: комикс жасаушылар өз өміріндегі тәжірибелерді суреттейді немесе өздерінің отбасылық тарихын бейнелейді. Полина Стулин «Менің үйімде» шығармасында өз өмірін, би, секс, тартымды әңгімелер мен көңілсіз оқиғаларды күрделі графикада әңгімелейді. Маркус Фэрбер Үрей алқабында апайы Кристина Фэрбердің поэтикалық хаттарын негізге ала отыра, әкесінің күйзеліске ұшырап, өзіне-өзі қол жұмсағанын, үрейлі де әдемі бейнелермен береді. Бьянка Шаальбург Қарағайлардың хош иісінде нацистік дәуірге әкелген өзінің отбасы тарихынан қуғын-сүргінге ұшыраған тарауларды қайта мұқият зерделейді. 

Корона дағдарысы да ауыр ойларға жетеледі. Ютта Бауэр өзінің «Корона күнделіктерінде» пандемияның адамдарға таңып жатқан жаңа өмір салтын жазады. Ральф Кенинг өзінің ізбасары гей жұп Конрад пен Полға Вервирт заманынан аман өтуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, комикс көрмелері жиі өткізіледі, мысалы, Оберхаузендегі Людвиг галереясындағы Жарияланбаған – Комиксі сахна ашылады! сияқты қоғамдық көрмелер, онда жаңа комикстерді Вильгельм Буш немесе Плауэн сияқты классиктермен салыстыра тамашалауды және аяқталмаған жобаларды басты назарға ұсынады.

Бианка Шаалбург «Қарағайдың хош иісінде» өзінің отбасы тарихының нацистік дәуірге әкелетін репрессияланған тарауларымен жұмыс істейді.
Бианка Шаалбург «Қарағайдың хош иісінде» өзінің отбасы тарихының нацистік дәуірге әкелетін репрессияланған тарауларымен жұмыс істейді. | Фото (Толығырақ): © Schaalburg / Avant 2021

ТАРИХ КОМИКС КІТАБЫНДА

Кітап түрінде Келесі жылы сияқты тақырыптық өршіл антологиялар бар, онда комикс суретшілері Германиядағы еврей мәдениетін, тарихы мен еврейлердің өмірбаяндарын түрлі стиль мен мазмұнда берген.Содан бері комикстер күрделі тарихи тақырыптар мен өмірбаяндарды суреттеп, оларды қысқаша және жарқын тәсілдермен керемет жасау арқылы өзінің құндылығын паш етеді. Кристина Герман өзінің шығармашылығын британдық патшайым Мэри Тудордың өміріне бағыттаған, ол Қанды Мэри деп аталады және оны үлкен манга көзді ғып бейнелеп, түрлі-түсті бояулармен бояйды.

Микаэль Росс музыканы бейнелеу үшін Алтын бала - Бетховеннің жастық шағын найзағай сияқты ерекше суреттермен шебер баяндайды. Ал Ян Бахман Қуғындағы кайзерде Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Голландияға қуғындалған ІІ Уильямның күлкілі портретін суреттейді. Стилистикалық тұрғыдан Бахман абстракция мен "экспрессионистік фарс" арасын қамтиды. Анна Хайфишті эксперименталды және көркемдік жағынан ерекше деп санауға болады, ол «Суретші-қаламға ода» шығармасын Alter Ego-сымен поэтикалық түрде баяндайды және өнер әлемін мазақ етеді.