Классикалық, жаңа және көне музыка - 2021
ҮЗІЛІС ПЕН СӘТСІЗДІК АРАСЫНДА
Нәсілшілдік, билікті асыра пайдалану, корона – тіпті 2021 жылы көне, жаңа және классикалық музыка сахнасы терең пікірталастармен ерекшеленді. Ханна Шмидт өзінің шолуында негізгі тақырыптар мен сауалдар жайында әңгімелейді.
Бұл мәдени өмірдің жасанды корона комасынан шыққан жыл болуы мүмкін. Біраз жекелеген театрлардың ашылу, сынақтан өткен фестивальдар және премьералық мерекелерді жеңілдету жылы. «Бұл пандемиядан шығу басталды», – деді Денсаулық министрі Йенс Спан вакцинаның алғашқы дозалары енгізілген 2021 жылдың қаңтар айының соңында. Ал наурызда ол тіпті пандемия марафонының соңғы «мүмкін» бөлігі туралы айтты.
Иә, кейде мәдени шаралар тым үстірт өтуі мүмкін сияқты болып көрінді: дегенмен, 20 наурызда Берлин филармониясының пилоттық жобасы үлкен жетістік болды, ол корона пандемиясының басталуынан бастап алғаш рет 1000 адамның алдында концертке шықты. Басқа мәдени ошақтары мен ұйымдастырушылар акцияны қызығушылықпен қабылдады, кейде билеттердің бір бөлігін ғана сатып, бағдарламаларды қысқартты, бірақ бәрібір – ол қайтадан қойылды.
Неміс федералдық мәдениет қоры тәуелсіз сахнаға арналған Мәдениеттің қайта басталуы атты бағдарламасы аясында гибридті мәдени көктем мен жазды 30,5 миллион еуроға қаржыландырды. Нәтижесінде опера, концерт және фестивальдарды cағына күткен көрермендердің көңілінен шықты: Зальцбург фестивалі, Байройт, Донауэшинген музыка күндерінің 100 жылдығы, Жаңа камералық музыкаға арналған Виттен күндері, Көне музыканың Гернер күндері, Шветцинген фестивалі, Рур триеннале аталып өтті.
Өткен жылдан кейінге қалдырылған көптеген премьералар, концерттер мен қойылымдар мәдениет қайраткерлері мен олардың көрермендерін қуантты. Джеффри Арло Браун қыркүйек айының ортасында "VAN" журналында: "Ақыр аяғында тағы бір рет концерт пен опера адамды амниотикалық сұйықтық эмбрион сияқты дыбыспен көмкерді", – деп жазды..."Әйтеуір соңында құлақ құрышын қандырған әуезді миллисекундтарды қайтадан сезініңіз. Сіз тіпті кәмпит қағазының сыбдыры мен кейде тылсым тыныштықта естіліп қалатын тыңдармандардың жөткерінген дыбысын сағындыңыз, өйткені осының бәрі ол адам да басқалармен бірге музыка тыңдап отырғанының белгісі",– деп жазды.
ТӨРТІНШІ ТОЛҚЫН, ДЕЖАВЮ
Дегенмен, Дамоклдың қылышы сияқты, шілде айынан бастап ауру қайтадан көтеріліп, жағдайды қалыпқа келтіру тежеуілдеді. Бұл көптен күткен mRNA- вакциналары туралы жалған ақпаратқа, коронаға қарсы демонстрациялардың көбеюіне және вакцинацияның тым төмен деңгейі - 70 пайыздан азына әкелді. Германия, Австрия және Швейцария саяси тұрғыдан күзден бастап төртінші Толқынға қарай жылжуды бәсеңдетпегенімен, мәдени сахнада бәрі қайта басталды: жазда әлемді аралап, концертте ойнаған музыканттар күнтізбелерінен жоспарланған күндерді тағы бір мәрте алып тастады; Австрия мен Саксония өз театрларын бірінші болып жапты, Баварияда қараша айының соңында концерттер көрермендердің 25 пайызының алдында ғана ойналды – "бұл пандемия кезеңіндегіден де аз",– деп жазды драматург Виктория Вайч «Die Deutsche Bühne» журналына жариялаған өзінің «Дағдарыс күнделігі» мақаласында.
Біраз уақыт бұрын ғана мәдени ошақтар мен фестивальдер көктем және жаз мезгілінде әр түрлі жолдармен пандемияға қарсы күресті, әсіресе гигиена және инфекциядан қорғанудың ұзақ тұжырымдамаларының түрлі нұсқалары ұсынылды. Публика концерт залына тек медициналық маскамен, немесе арнайы FFP2 маскасымен ғана кіре алды, оған қоса 3G схемасы аясында вакцинация еккенін растайтын, айыққаны немесе теріс тестілеу қорытындысының дәлелін көрсетіп кіруі керек деген талап қойылды. Осылайша, Регенсбургтегі көне музыка күндері немесе Дунайдың музыкалық күндерінің 100 жылдығына арналған мереке аталып өтті. Зальцбург фестивальдері де осылайша, кейбірі жеңілдетілген талапқа сай өтті. Табеа Зиммерман, керісінше, өзінің Siemens музыкалық сыйлығын маусым айында өткен сандық фестивальде көрерменсіз қабылдауға мәжбүр болды. Бірнеше ай бұрын, Eclat фестивалі тікелей эфирдегі іс шаралардың да жоғары деңгейде өтетінін көрсетті. Ұйымдастырушылар гибридтік тұжырымдаманы таңдады және барлық концерттерді Штутгарт театрынан тікелей эфирде көрсетті. Көпшіліктің сұранысымен екі аптадан кейін фестивальді бастан-аяқ қайтадан қайталап көрсетті.
ОПЕРА, ФЕСТИВАЛЬДЕР ЖӘНЕ КОРОНА
Жалпы алғанда, тікелей эфирлер үлкен аудиторияны қамтыды: мысалы, Триеннале Рурды 40 000 - ға жуық адам сандық түрде тамашалады, мұның өзі пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 20 000 адам артық. Өткен жыл сандық төтенше жағдайдан сандық қалыпты жағдайға айналып, стриминг музыка тасымалдаушысы болды. "Оper Halle" театрында қойылған "Im Stein " (музыкасы: Сара Глойнарич, режиссері: Майкл фон цур Мюлен) сияқты қойылымдарда камераның әртүрлі параметрлерінің мүмкіндіктері арнайы қолданылды, Дортмунд театрының сандық каналына қосылған көрермендер смартфон арқылы «Персона» операсының жалғасын көруге (режиссері: Зсофия Гереб) және Гамбург мемлекеттік операсында Удо Циммерманның «Weiße Rose» операсын қойған Дэвид Бош бастаған топ стильдік құрал ретінде цифрлық кескінді тамашалай алды. Дегенмен, экранның барлық жерде болуы сахнада эстетикалық құрал ретінде де жақсы, мұны Ruhrtriennale музыка және өнер фестивалінде Ольга Нойвирттің Bählamms мейрамы Dead Centre операсының постановкасында көрсетті, солайша реалдық пен сандық фикция үлкен экранда араласып жатты.
ӘЛІ ДЕ ТҰРАҚСЫЗ: ЕРКІН САХНА ЖАҒДАЙЫ
Алайда, жаздың жайлы болғанына қарамастан, өз бетінше жұмыс істейтін мықты өнер адамдары қиындыққа тап болды. Қараша айында сахналық бірлестік федералды, штаттық және жергілікті үкіметтерден қысқа мерзімді жұмыс пен мәдениет мекемелеріне экономикалық қолдау көрсетуден басқа, жеке өзін-өзі жұмыспен қамтыған және гибридті шығармашылық қызметкерлерге федералды көмекті жалғастыруды талап етуге мәжбүр болды. Тұрақты қызметкерлердің қауіпсіздігі мен тәуелсіз сахнаның тұрақсыз жағдайы арасындағы сәйкессіздік бұдан да көп болуы мүмкін емес.
Сонымен қатар, 2016 жылы құрылған FREO e.V желісі (Германиядағы тәуелсіз ансамбльдер мен оркестрлер) тәуелсіз сахнада ансамбльдер мен музыканттардың жағдайына қатысты пайымдауда өз беделін дәлелдеді.
Қазіргі күні тіпті сахнаның маңызды жаршысына айналған. "Егер сіз қазір штаттан тыс музыкант ретінде келісімшартқа отырсаңыз, онда сіз коронаға байланысты төлемдерден бас тарту туралы шағымдарыңызды жоққа шығаратын тармақты таба аласыз", – деді дирижер Кевин Джон Эдусей қараша айында берген сұхбатында. Оның пікірінше, мемлекет қаржыландыратын оркестрлер "шақырылған музыканттарына қамқорлық жасауға моральдық тұрғыдан міндетті ". Кем дегенде, кейбір театрлардың қаржылық мүмкіндігі болуы керек екендігі жылдың басында белгілі болды және опера мен концерт залдары көктемде баланстарын жариялағаннан кейін расталды. Билеттер сатылымының төмендеуіне қарамастан, олардың көпшілігі нарықтағы бағасын жазды.
КЛАССИКА ҚАНШАЛЫҚТЫ НӘСІЛШІЛ?
Инфекциямен қатар, музыкалық және театр сахнасында толғағы жеткен пікірталас орын алды. Классикалық канонның тек ақ нәсілді ерлерді өнер адамы деп тануы жаңалық емес, бұл ұзақ уақыт бойы күмән туғызбады. Өткен жылдары #MeToo пікірсайысы аясында суретшілер мен журналистер әйел композиторлардың концерттік бағдарламаларда ғана емес, дирижер ретінде де, жетекші лауазымдарда да жоқ немесе жеткіліксіз екендігіне назар аударды (2021 жылдың тамызында Байройттағы әйел Оксана Линив алғаш рет дирижерлік етті).
Дегенмен, жүйелік кемшілік тек гендерлік емес, сонымен қатар нәсіл немесе таптық сияқты басқа санаттарға байланысты екендігі шамамен 2021 жылдың көктеміне дейін пікірталаста көп айтылмады. Суретшілер, журналистер мен ғалымдар, ең алдымен американдық музыка теоретигі Фил Эуэлл классикалық музыкаға қарсы нәсілшілдікке сыни тұрғыдан қарай бастады. Оның тезисі: "америкалық музыка теориясы – және онымен бірге классикалық канон – ақ нәсілділер қара нәсілді адамдардан, ерлер әйелдерден жоғары деген нәсілшіл және сексистік идеяға негізделді.
Кейіннен ақ нәсілді емес және еркек емес композиторлар каноннан «алынып тасталды». Олардың жұмысы, оның нақты сапасына қарамастан, өнер туындысының алғашқы шығарылымымен, немесе автордың жеке басына байланысты сапасыз болады деп есептелді. Айта кету керек, көп зерттелді, Бизенің Карменінен бастап Моцарттың Сиқырлы флейтасына дейінгі көптеген еңбектер сексистік және нәсілшіл стереотиптерді жаңғыртады.
Орындаушылар пікірталасқа көбірек көңіл бөлді: мысалы, жыл соңында Берлин мемлекеттік балетінің директоры Кристиан Теобальд Чайковскийдің Щелкунчик рождестволық балетінің Мариус Петипаның шамамен 130 жылдық қойылымынан бас тартуға шешім қабылдады. Мұнда тек қара нәсілділер ғана емес, сонымен бірге нәсілшіл стереотиптер көбірек кездеседі. Үлкен дау-дамай болды. Ол ақпан айында басынан өткен осындай жағдайды есіне алды: сол кезде Париж операсының жаңа режиссері Александр Неф бұдан былай әртүрлілік пен инклюзия үшін Аққу көлін сахналағысы келмейтінін мәлімдеді.
БИЛІКТІ ТЕРІС ПАЙДАЛАНУ ДА 2021 ЖЫЛДЫҢ ТАҚЫРЫБЫ
Алайда, нәсілшілдік тек 2021 жылы репертуарда ғана емес, мысалы, Дюссельдорф драма театрында актер Рон Ияму нәсілшілдік әзілдермен бірнеше рет күресуге тура келетінін айтты. Наурыз айының ортасында ол WDR-ге берген сұхбатында өзінің тәжірибесі жайлы әңгімелеген, содан кейін фельетондарда пікірталас басталды. Frankfurter Allgemeine Zeitung газетіндегі Бернд Штегеманның мақаласына жауап ретінде бір топ театр өкілдері Иямумен ынтымақтық танытып, авторға ашық хат жазды. ZEIT газетіндегі Питер Куммелдің айтуынша, бұл хат «неміс театр тарихындағы жалғыз адамға қарсы ұйымдастырылған ең үлкен қол жинау науқанының бірі» болды.
Бұл орайда мына нәрсені естен шығаруға болмас: Театрлардағы, оркестрлердегі және мәдениет мекемелеріндегі сексуалдық зорлық-зомбылық және билікті асыра пайдалану жайлы пікірталастарға келетін болсақ, 2021 жылы бәрі тыныш болған жоқ, керісінше көп болды.
Пандемия әлі күнге дейін бықсып жатқан шоқ іспетті, сол себепті де әлеуметтік және жүйелік әділетсіздік бұрынғыдан да айқын байқалып қалып жатыр. Бірақ көп жұмыстың сандық форматта жүргізілуі және қайталанып жатқан шектеулер кейбіреулер үшін мәдени шараларға қол жеткізуге, әсіресе пікірталасқа қатысуға жақсы мүмкіндік береді.